Спорттағы жетістіктер
2000 жылы Сидней олимпиадасы – Қазақстан спортының
жұлдызды шақтары. 199 ел қатысқан айтулы доданың 22-орнына көтерілген ел
құрамасының сапында Б. Саттарханов, Е. Ыбрайымов (бокс), О. Шишигина (жеңіл
атлетика), Б. Жұмаділов, М. Дәлдібеков (бокс), А. Винокуров (велоспорт), И.
Байрамуков (еркін күрес) секілді сайыпқырандар алтын-күміс медаль алып, алтын
әріппен атын жазып қалдырды.
Олимпиаданың отаны саналатын Грекияда (Афины)өткен 2004 жылыXXVIIIжазғы Олимпиада ойындарында қазақстан
құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-орынға сырғыды. Бұл жарыста жалғыз алтынмен
шектелген Қазақстанның спорттық бағы қайтты деу асылық болар, десе де алдыңғы жылдардағы
нәтижелерге қарап қалғанымыз анық. Бокстан Б. Артаев алтын алса, Г. Лалиев (еркін
күрес), Г. Цурцумиа (грек-рим күресі), Г. Головкин (бокс), С. Филимонов (ауыл атлетика)
күміс, С. Елеуов (бокс), М. Манукян (грек-рим күресі), Д. Карпов (жеңіл атлетика)
қола жүлдені иемденді.
Бокс шеберлері шаршы алаңның шаңын қағып, алып балуандарымыз
боз кілемде терін төккен Пекин олимпиадасы Қазақстан спортының даңқын асырды. Сонымен
қатар жеңіл атлетика, грек-рим күресі, таэквонда, дзю-да секілді спорт түрлерінен
де жүлделі орындар иемденді. Б. Сәрсекбаев, И. Ильиндар алтын, И. Некрасова, А.
Жіткеев, А. Важенина, Т. Тигиевтар күміс, Н. Теңізбаев, Ә. Мәмбетов, М. Грабовецкая,
Е. Шалыгина, М. Муталимов, Е. Шыналиев, А. Шылмановтар қола жүлдені иемденді. Бұл
кездегі қазақстанның әлемдік рейтингтегі орны – 29-ыншы болды.
2012 жылы ЛондондаXXXжазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан
құрамасы жақсы жетістіктерге жетті. Бұл додада Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола
медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға ие болды.
Ауыр атлетикамыз атқа қонған жылы отандық және легионерлер бар И. Ильин, З. Чиншанло,
М. Манеза, С. Подобедова жеңістерімен Қазақстан құрамасының әлемдік аренадағы рейтингін
жақсартты. С. Сәпиев, О. Рыпаковалар алтын алса, Ә. Ниязымбетов күміс ұтса, А. Таңатаров,
Г. Манюрова, Д. Гаджиев, М. Вольнова, И. Дычко қола жүлдені жеңіп алды. Осылайша
Рио де Жанейро олимпиадасына дейінгі 5 олимпиадада отандастарымыз 16 алтын, 17 күміс,
19 қола – барлығы 52 медаль жеңіп алған.
Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамаларыны ішінде боксшы
спортшыларымыздың жолы табысты болуда. Еліміз қатысқан олимпиада ойындарының тарихында
ең көп алтын алған спорт түрі – осы бокс. Алты алтын жүлдені жеңіп алған боксшыларға
басқа спорт түрі теңесе алмайтыны анық. Сондай-ақ техникасы күшті, үздік өнер көрсеткен
боксшыларға берілетін В. Баркер кубогын үш спортшы (В. Жиров – Атланта-1996), (Б.
Артаев – Афина-2004), (С. Сәпиев – Лондон-2012) жеңіп алып, осы кубокты ұтқан елдер
арасында әлем бойынша екінші орынға ие болды.
Атланта олимпиадасы (1996)
Алтын:
Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко
(грек-рим күресі, 57 келі);
Күміс:
Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі),
Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін);
Қола:
Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен
Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу).
Сидней олимпиадасы (2000)
Алтын:
Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга
Шишигина (жеңіл атлетика);
Күміс:
Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам
Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт).
Афины олимпиадасы (2004)
Алтын:
Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі);
Күміс:
Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі, 120
келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика,
77 келі);
Қола:
Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі),
Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика).
Бейжің олимпиадасы (2008)
Алтын:
Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі);
Күміс:
Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина
Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі);
Қола:
Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60
келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80
келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес,
63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі),
Лондон олимпиадасы (2012)
Алтын:
Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр
Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр
атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова
(ауыр атлетика, 75 келі);
Күміс:
Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі);
Қола:
Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина
Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі),
Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі).
Әрбір Қазақстан азаматы Елбасы
ұсынған реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуы керек. Міне, Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол»
бағдарламалық мақаласында осыны нақтылап айтып отыр. Өзінің 2015 жылдың
сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы сайлауалды
тұғырнамасында Президент 5 ілкімді жобасын жариялап, оны жүзеге асыруда
атқарылатын «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында айналып өте алмайтын әлемдік
дағдарыстан шығар жолды бағамдайтын іс-шараларды белгілеген болатын. Енді,
міне, Елбасы жаңа жылдың алғашқы күндері өтпей жатып, сол мәселеге қайта
айналып, межеленген міндеттерді орындаудың практикалық кезеңін айқындап, елдің
көңілін тағы аударды. Көптеген көкейкесті мәселелерге жауап берді. Өйткені, осы
жыл әлем үшін оңайға соқпай тұрғанын бәріміз сеземіз.