Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Тәуелсіздік туралы шығарма керек. Тауып беріңіздерші өтініш
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

17 Ответы

0 голосов
«Тәуелсіздік  туы, мәңгі  желбіре!»

                       Тәуелсіздік Туын тігуге қаншалықты   қажыр-қайрат  керек
                       болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат   керек.
                                                                                                     Н.Ә.Назарбаев.
Халық басына қиын-қыстау заман  зары  туған  кезде,  қазақ қауымының  бас көтерген батыр да  ержүрек  перзенттері, ақын-жыраулары  елдің  елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.
XIX  ғасырдың  соңы  XX  ғасырдың  басын  ала  бере  тарих  сахнасына  қазақтың  оқығандары  шықты. Соның   бірі-Міржақып  ағамыз  өз  дәуірінде  қылыштан  гөрі  қаламның  қуатты  екенін  дәлелдеді.
Міржақып  Дулатұлының  «Елім-ай!»  өлеңінде  өз халқына  ертеден  ем таба алмаған  жүрек түкпіріндегі  ойын  сөзбен айтып  жеткізгенмен, оны ұғатын  қырағы қазақ  болмады. Сол үшін де  ақын ішкі  дертіне ем таба алмады, өзегі өртенді.
Мәңгілік  ұйқы  көрпесінің  астында тырп  етпестен  жатқан  еңсесі  түскен  қазаққа  жаны  ашыды. Басыңнан  өткен  қиындықтар  бір күні  сағым  болып өтеді, бірақ тағы да келешекте  бір мұнартып  күн келеді  деп  білгендей  болжап кеткен. Өйткені 1986 жылы қазақтың басына  қаралы  күн  туды. Ол- «Желтоқсан   оқиғасы» еді.
Әр  заманның   қызылға  құмар  өз түлкісі  болады, сол қулықтан, айлакерліктен  сақ болайық деген. Қазақтарға  қармақ құрса,  жемге түскен  құстай  алданарсың, сондықтан  әр ісіңе  сақтықпен  қарағаның  жөн  екендігін  айтқан.  Ата-бабаларымыз сонау заманнан бері   елінің елдігін, жерінің байлығын  сақтап қалу жолында  талай ержүрек, ақылды, шешен  де білгір  азаматтарының бастауымен  «Есім ханның  ескі жолы», «Қасым  ханның  қасқа жолы», «Тәуке ханның  жеті жарғысы»  деген қағидаларды  сақтап,  «Абылайдың ақ  жолы», «Нұрсұлтан  ағамыздың  нұрлы  шапағатына»  ұласып  отырғанын  көріп отырмыз.
Ақын  қос қанатыңнан  айрылған құстай  ештеңеге  жарамадың, өз еліңе  өгей  ұл  секілді сіңісе  алмадың деп іштей налиды.
Абай атамыз «Өлең-сөздің патшасы...» деген емес пе?  Сондықтан өлеңге   түсініспеушілікпен,  кең ауқымды  ынталы  зеректікпен  қарауымыз керек. Қандай қиыншылық болса да,  бәріне   көніп жүре  берем десең, өзің біл, әр байдың босағасында  жүріп, жуындысын  ішіп, айдауы  мен арбауына  көнген  құлша  өмір  сүру қызық  па? Халқым, даладағы гүлге  бір шық  тамшы   тамса, гүл де басын көтеріп, күнге  тік қарайды. Сол гүл  құрлы  жоқсың ба?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        айтқан  тілді  алмасаң,  одан да  «Қазақ»  деген  аттың жоғалғаны дұрыс  еді,-  деп  ішкі күйінішін  жазған.
Өткен  дәурен  қайта оралса, жылы жүзбен  бізге  қарай  мойнын  бұрса, қайтер  едіңдер?  Басыңа қиыншылық  түспейінше,  қай заманда, қандай  өмір  сүріп  жатырғаныңды  біле  бермейсің. Ал екі дәуірдің  кезеңі  екі түрлі болса, бір-бірімен  салыстырасың, көзіңмен  көресің, ой елегінен  өткізесің, артынан  өкінерсің. Бейбіт өмірді  көрсем  арманым жоқ, өзге нәрсені  тілемес ем, жақтамас ем  дейсің. Жамандықты да, жақсылықты да  ойлайтын  жүрегім  бұл  жалғанда  селк етіп  қозғалар емес,  өйткені  қазақ  көп  нәрсеге  мән  бере бермейді.  Әр  қадамыңа  мән беріп  қарамасаң, өз өмірің                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    өкінішпен  өтеді, өмір  бір орнында тоқтап тұрмайды. Қашан  қазақ                  «надандық»  ұйқысынан  оянады  деп жүрмейді. Сол  үшін де  М.Дулатұлының  «Оян, қазақ!» деген  сөзін   үнемі  жадымызда  ұстауымыз керек  деп ойлаймын.
Елім-айлаған  ақынымыздың  сөзін 1986 жылы Алматы  қаласындағы  жастар, студенттер алаңға  «Ұран»  ғып  айтып шықты.
М.Дулатұлы  өмір сүрген  тұстағы  халықтың  арманын,  бостандығын, егемендігін  1986 жылы жастар жалғастырды.
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда  бекер  жасты.
Жер кетті,  дін  нашарлап, хал  hараб  боп,
Қазағым, енді  жату  жарамас-ты,- деген  оймен  алаңға  шықты.
Желтоқсан  оқиғасында  Қайрат, Ербол ,Сабира, Ләззат  сынды  жастарымыз  құрбан болды. Олардың  ерлік  істері  еш  ұмытылмайды.
Еңселі елімнің  Тәуелсіздік  таңы артып,  еліміздің  көк байрағы  асқақтай  берсін.  Тәуелсіздік  үшін  күресіп келген  әр   шығармасынан  қазақтың  қаны мен жанын  жазған  ақын-жазушыларымыздың  ерен  еңбегі  еш ұмытылмайды.  
Тәуелсіздік  бізге  оңай   келген  жоқ.   Осыны  түсінетін,  қадірін  білетін жастарымыздың  саны   молая  берсін!  Егеменді еліміздің ертеңі- біздерміз. Біз ата-баба  дәстүрін  жалғастырып, үмітін  үзбеуіміз  керектігі   үшін  оқу  оқып,  білім   алып,  Қазақстанның  көркеюіне  өз  үлесімізді  қосуымыз керек.   Ана  тілімізді, халқымызды,  дінімізді, бірлігімізді, тәуелсіздігімізді  қадір  тұтайық,  қазағымыздың   ұл-қыздары  биіктерден  көрініп,  алға  өрлей  берейік!
Тәуелсіздік  туым  менің  аңсаған,
Осы сөзді  қанша халық  аңсаған.
Батырлардың  ерлік  ісін  мақтаған,
Біз  ұрпақпыз  туды  биік ұстаған!
ответил от Kuaniysh
0 голосов
«Біз  аңсаған  тәуелсіздік»
              Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.
                                                                                            Н.Ә.Назарбаев.
Тәуелсіздік   тұғырына,
Тұрақтаған  біздің ел.
Тәуелсіз  ел  баласымын,
Мақтанышым  менің  бұл.
Мәңгілік ел  Қазақстан,
Менің  байтақ  жерімсің.
Көк аспанда  әрқашан,
Көк байрағың  көрінсін!
       Биыл  тәуелсіздік  алғанымызға  25  жыл  толды.  Ата-бабаларымыз  армандаған  тәуелсіздік. Апа-ағаларымыз  қанын  төгіп,  күрес  арқылы  келген  тәуелсіздік.  Егеменді ел  болу  үшін  қаншама апа-ағаларымыз  өз  өмірлерін  қиып   кеткен.  Сол  себепті  бізге, келер ұрпаққа , ешкімге  тәуелді  болмай,  еркін өмір сүру  мүмкіндігін  сыйлады.  Өз  өмірі үшін  емес,   егеменді ел, тәуелсіз  ұлт  болу  үшін  күресті.  
  Міне,  сол күрестің  нәтижесін  көріп  отырғанымызға  25 жыл  толып отыр.
  Мен  - тұғыры биік , болашағы  жарқын тәуелсіз  Қазақстан  ұрпағымын. Қазақстанда   қазақ  баласы болып туылғаныма  қуанамын.  
   Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  атамыздың   көшбасшылығымен  апарар  жолы айқын  да  жарқын  екеніне  сенемін.
 Президентіміздің  жүрегі-  елім, жерім  деп  соғатын, бағыт - бағдарын  дұрыс  таңдаған  қазақ  халқының  жарық жұлдызы.
1986 жылы  егемендік  үшін  жандарын   қиған  аға-апаларымыздың   қанды  жолында құрбан болған  есімдері  біздің  есімізде мәңгілік  сақталады. Біз, келешек  жастар,  туған  елін, жерін сыртқы  жаудан  қорғап, сүйетін  еліміздің  ертеңіміз.  
Он алтыншы  Желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Қазағымның  басына бақыт құсы қонған күн,
Елім, жерім,  ұлан байтақ  кең далам.
Пейілі кең  қазағымның жайнаған,
Мақтана алам  тәуелсізбін  деп бүгін.
Жүрегімді  қуаныш кернеп сайраған.
 Осы  өлең  шумағы  еріксіз ойыма оралды.
       Біз-  осы елдің  бақытты  балаларымыз.  Байрағымызды  төмен  түсірмей,  егемендігімізді  әрі қарай  жалғастырушы  біздерміз.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Тәуелсіздік – елдің теңдігі
Шығарма
Кіріспе бөлімі:
Қазақстан республикасының елеулі табыстарға жетуі.
Негізгі бөлім:
1.    Туған жерім – Байқоңыр қаласын мақтан тұтамын.
2.    Қазақстанда орналасқан киелі қалалар.
3.    Менің де тәуелсіз елге қосар үлесім бар.
Қорытынды:
Өскелең ұрпақ - білімді де, білікті тұлға болып қалыптасу бүгінгі жастардың борышы.

Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бері еліміз елеулі табыстарға қол жеткізді. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы – президентіміздің жүргізіп отырған өреген саясатының нәтижесі. Елбасымыз «Қазақстан-2030» бағдарламасының аясында халықтың игілігі үшін бірнеше мәселелерді де қозғап отырғаны бізге белгілі. «Ұлт жоспарының 100 қадамы» атты жоспарды алдыға қоя отырып, мемлекеттің өркендеуіне ықпал етіп отыр. Елбасының бұл стратегиялық бастамасы еліміздің тұрақты дамуы мен отыз елдің дамыған қатарына енуге бағытталған. Соның ішінде білім мен ғылым, денсаулық салаларына  тоқталып, бірнеше факторларды да атап берген болатын. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып бекітілгеніне бүкіл ел таңданған еді. Бұл шешімді 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Сондықтан да осы бір атаулы шараға әр тұлға өзінің үлесін қосып, биік деңгейде  өтуіне себепкер болса деп ойлаймын. «Айналдым, мен өзіңнен, туған жерім!»  демекші, туған жер, Отан деп қалам тартпаған ақын да, жазушы да жоқ шығар, сірә. Бұл тақырыпта жазуының себебі, туған елі мен жеріне деген сағынышы, махаббаты деп білем. Осындай  туған жер махаббатына иесі ретінде мен де өзімді айта аламын. Өйткені маған туған елімнің жусан аңқыған даласы, ата-бабам қоныс еткен жазиралы далам, туып-өскен үйім, білім нәрін алып  жатқан аяулы мектебім қымбат. Осының барлығы мен үшін ыстық. Әсіресе, бұл туған жерден жырақта жүрген сәтімде сезіліп, үлкен сағынышқа ұласады.
Туған жерім – Байқоңыр қаласын мақтан тұтамын. Әлемге танытқан ғарыш айлағы, құлпырған қызыл – сары қызғалдағы, Сырдария өзенінің сарқыраған ағысы, кең байтақ, жанға жылу болған сары топырағы сағынышқа толы. Қаламның өзі Ресей елінің қоғамдық бағыттарымен жүреді. Мәселен, 5 қараша Ресейдің тәуелсіз күнін мерекеледі. Сонымен бірге Жаңа Жылда 10 күн демалып, ескі жылды мерекелеп шығарып салады. Қаламызда екі мемлекеттердің полиция потрулдері қорғап күзетіп тұрады. Қала ішінде тәртіп күшейтілген. Қоқыстың жатқанын көрмейсің. Айналамыз тап-таза, көшеміз көркейтілген. Ретсіз қала ішіне рұқсат қағазы жоқ адамдарды кіргізбейді. Жүргенде арнайы құжатың болу керек. Зымырандарға байланысты қаламызда түрлі ескерткіш макеттері орналасқан. Шынымен әлгі зымыранды көріп, өзің де ғарышқа ұшқың келеді.  Осындай керемет далада жатқан қалаларымыз қаншама...
Сонау киелі — Түркістан қаласы. Сары алтындай сақталған Ахмет Йасауи кесенесімен әйгілі. Түркістан – қазақ елінің астанасы болған киелі қала. Бабаларымыз дәріс алып, әйгілі кітапханасымен барша жұртқа мәшһүр болған Отырар шаһарын қалайша айтпасқа. Талай тарланды танытқан асу қала Алматы қаласы, екі елдің жолын тосқан Испиджаб, Сайрам, Сауран, Сығанақ қалалары да елге пана болған.  Талай жұртты жырымен сүйсіндірген Тараз (Жамбыл), Талдықорған, Көкшетау қалалары да бар. Осындай қалалар мен басқа да  кенттер елдің панасы болған. Қазірде барша халыққа әйгілі болған Астана қаласы бүгінде ел ордасына айналып отыр. Бұл – болашақтың қаласы. Астана қаласы бүгінде  гүлденіп келеді. Астана – жаңа қала, бас қала. Астанада президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев жұмыс істеп, халқына ел мұраты – жету мен талпынуды, еңбектенуді тапсырып келеді. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруіне көп жағдай жасап келеді. Біз  ел болашағымыз, сондықтан біз оқуымыз керек.  Ата – анаға, халқымызға көмектесуге міндеттіміз. Менің ойымша, біздің ел бәсекеге қабілетті болу үшін ел экономикасын дамытуы керек. Елімізге білікті мамандар керек. Қазіргі уақытта мектепте білімге ерекше көңіл бөлінеді. Бұған дәлел, менің ағам «Болашақ» бағдарламасы бойынша жақсы оқығаны үшін  Қытайға  оқуға барды. Қытайдың Тензин каласындағы Қазақстан – Қытай қарым-қатынасы университетінде оқиды. Оны бітіріп болған соң, Отанымызға қайтып келіп, Қытай елімен қарым-қатынасы саласында жұмысқа тұруды мақсат етуде. Мен де  ағам секілді өз еліме, Отаныма қорған болғым келеді. Көптеген тілдерді меңгеріп, Отаныма өз үлесімді қосамын. Ел жағдайын жақсарту үшін оқып, білім алуды көздеп келемін.
Қазақстанның жері кең  байтақ және өте бай мемлекет. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар. Біздің ел тез дамиды және гүлденеді. Мен отаншылмын. Мен  елімді сүйемін, себебі Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін. Армандаған арманыма жетіп, еліме адал еңбек етсем деймін.
Өскелең ұрпақ, білімді де, білікті тұлға болып қалыптасып, өз бойына Отан сүйгіштік қасиетті дарыту керек. Тіпті, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтып өткендей, «болашақ жастардың қолында». Ал, осы жастарды алдыға жетелейтін де, бағыт-бағдар беретін де үлкендер қауымы. Сондықтан баршамыз бірауыздан өнегелі шешім қабылдап, халық игілігі үшін аянбай еңбек етуіміз керек.
        Мен әрдайым өзімнің туған жерімді, Отанымды жоғары бағалап, үнемі мақтан етіп жүремін. Және осы жолда өзімнің үлесімді қосып, мемлекетімнің азаматы болуыма септігімді тигіземін. Қазақстанымның көк аспанында желбірген көк байрағы,  қалықтап ұшқан қыраны мәңгі жасасын! Елім мен жерім әрқашан  бейбітшілікте өмір сүріп, үлкен белестерге жете берсін! Тәуелсіздікті аңсаған  ел мұраты мен теңдігі мәңгілік болсын!

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
2017 жыл, қаңтар айы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
«Тәуелсіздіктің құрдасымын»
Тәуелсіздік... Сол тәуелсіздік жолында халқым не көрмеді десеңізші?! Халқымыздың басынан азап та, аштық та, соғыс та өтті. Тәуелсіздік қазақ үшін асыл арман, баға жетпес байлық  болды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттары орындалды.
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, намысы берік халық ретінде жариялап Тәуелсіздік таңы атты. Сол тәуелсіздік таңында дүние есігін ашқан сәбилер елмен бірге бой түзеп,  елмен бірге өсті. Бүгінгі күні жиырма бес жасқа толып отыр. Мен де сол тәуелсіз күнде дүние есігін ашқан Тәуелсіздіктің құрдастарының бірімін. Жиырма бес жастағы азамат білім алып, еңбек жолын енді бастап жатыр. Тәуелсіз еліміз де сол жас азаматша аяғына нық тұрып, адымдап алға басуда. Бас аяғы ширек ғасырда еліміз осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырса, елу - жүз жылда еліміздің алар асулары, бағындырар белестері биік болмақ.
Тәуелсіздік мен үшін азат ел, бейбіт аспан ғана емес. Ол ата – бабамыздың, аға – апаларымыздың маңдай терімен келген баға жетпес асыл мұрасы, қымбаттысы мен қастерлісі. Азат елде, бейбіт аспан астында өмірге келгеніме сол боздақтарға алғыс айтамын. Тәуелсіздіктің құрдасы болғанымды мақтан етемін!
Қазақстан — қазақ ұлтының ата-бабасының мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз қазба байлықтарымызбен, тамаша табиғатымызбен ғана емес, ең алдымен көп түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекшеленеді. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерде ғұмыр кешіп отырғанымыз тәуелсіздіктің және елбасымыздың ерен еңбегінің арқасында деп білемін. Бүгінгі Қазақстан – тек ел іші мәселелерін ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын беделді мемлекет. Сол ықпалы мен беделін жоймай, дербес құқықтық демократиялық мемлекет ретінде әлемдік аренада ұстап қалу болашақ ұрпақтың қолында. Ата – баба аманатын орындауға, тәуелсіз елдің тұғырын биікке көтеру жолында келер жас ұрпақ аянбай тер төгуі тиіс.
               Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың асыл жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Тәуелсіздікке 25 жыл
      Тәуелсіз Қазақстан туының астында бейбіт, тыныш, өз заңымызбен, өз атамекен жерімізде арайлап атқан таң шапағын қарсы алып келе жатқанымызға міне, биыл 25 жыл толып отыр.  Бабаларымыздың орындалмаған игі мақсаттары осыдан дәл 25 жыл бұрын 16 желтоқсанда орындалып, қазақ халқы өзінің Қазақстан Республикасы деп аталатын өз алдына дербес мемлекет дәрежесіне қол жеткізді. Әрине,  тәуелсіз ел болу оңайға соқпады. Қазақ халқының ата-тегі сонау ерте ғасырларда құрылған сақ, ғұн, түркі қағанаттары кезінен бастау алса, сол кезеңнен бері өзінің тәуелсіздігі үшін жан аянбай күресіп келді. Дешті Қыпшақ ханы Әбілхайыр хандығының құрамынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек ең алғаш «қазақ» деген елдің өз алдына жеке дара ел болуы үшін, артынан ерген екі жүз мың халықты Шу, Талас өзендерінің маңына қоныстандырып, Қозыбас деген жерде Қазақ хандығының туын тіккен болатын. Алайда қиындықпен қол жеткізген бұл тәуелсіздіктің де шырқы бұзылды. Жоңғарлардың шабуылы мен қатар оларға қарсы көмек сұраған кіші жүздің ханы Әбілхайыр ханның орыс патшасына жазған өтініш хаты халқымыздың  бодандыққа түсуіне жол ашты. Одан соң да талай азаттық үшін күрестер болды. Тек 1986 жылғы қазіргі Тәуелсіздік алаңындағы жастардың көтерілісі ғана біздің мемлекет дәрежеге қол жеткізуімізге үлкен септігін тигізді. Бұл азаттық үшін күрестерде қаншама елім деп еңіреген боздақтарымыз құрбан болды. Орыс патшасының кигізген бодандықтың қамытын Кеңес Одағы деп желеулеткен отаршыл пиғылдағы мемлекеттен халқымыз, міне енді ғана тәуелсіздігіне қол жеткізіп, бүкіл әлемге Тәуелсіз Қазақстан екенін паш етті. Тәуелсіздік жолында  құрбан болғандар әрине бас иіп, тағзым етеміз. Олардың ерліктерін елеп, құдайға шүкіршілік жасап, еліміздің енді ешкімнің бодан болуына жол бермей адал да, сүйіспеншілікпен қорғау әрі елді әрі қарай дамыту біздер жастардың абройлы міндеті. Тәуелсіздікті алтындай бағалайық. Өзімнің ер жүрек аға-әпкелерімнің қайсарлығымен, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған Тәуелсіз Қазақстан болашағына сеніммен қарап, сүйіспеншілігімді білдіргім келеді.
Тәуелсіздік –біздің атқан күніміз,
Тәуелсіздік – бақыт тұнған жүзіміз.
Ата-баба мирас етіп қалдырған,
Болды бүгін Тәуелсіз ел Қазақстан
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Тәуелсіздік – мемлекет пен адамның өзі-өзіңе сенімді болу.
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә. Назарбаев
       Отан ! Небары төрт-ақ әріп, бірақ сөз мағынасындағы тереңдікті айтсаңызшы! Отаным деп  соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау заманға жеткен елімді мақтаныш етемін.
       Жер бетінде өз елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын  ойламайтын жұрт жоқ.  Тәуелсіздік – біздің басымызға қонған бақ, астымызға тиген тақ.   Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт-дәстүрлеріміздің, халықтық санамыздың әрі-қарай дамудың кепілі, халқымыздың мызғымас күші,  Қазақстан Республикасында тұрған әрбір адамның азаматтық намысының тірегі. «Үстінде көк Тәңірі, астымызда қара Жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған екен, Адам баласы үстінде ата-бабам Бумын қаған, Естеми қаған отырған екен» - деп көне түркі ескерткіштерінде жазылғандай,  қазақ халқы ерлікті ту еткен, бостандық сүйгіш халық еді. Ақ бостандықтың жолында қысқа жіп күрмеуге келмеген кездер де болды.
      Бүгін  сәулеті мен сәні жарасқан,  бейбіт заманда өмір сүріп отырған қазақ елі өткенін ешқашан  ұмытпайды. Сон ғасырлық тарих беттерінде айтулы тұлғалардың ізі жатыр. Сол іздерден біз өткенімізге үңіліп, келешегімізге үмітпен қараймыз . Елдігіміздің арқауы болған бабалар салған ескі жолдар мен  қысқа жолдардың бүгінгі жалғасы- тәуелсіз  қазақ елі.  Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Тарихы бай,  мәдениеті қалыптасқан
    Иә, мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Мемлекеттің  даму жолында атқарып тұрған қыруар істер тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.
Жүзден астам ұлт өкілдері «Отаным – алтын ордам» дейді. Біздің ел – татулықтың, достақтың, бірліктің киелі бесігі. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.  Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал.  
          Еліміздің күні оңыңнан туып, жарық жұлдыздар шоғыры мыңдаған ғасырлар ансаған бостандықтың туын желбіретті. Еліміздің көгінде Тәуелсіздік туы желбірегеннен бері бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді. Халқымыз еңсесін тіктеп, жарқын болашаққа қол созды. Қазақстанның жиырма бес жылдық тарихында, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп жеткен жетістіктері, асқан асулары, бағынған белестері аз емес.
      Бүгін армандар ақиқатқа айналды. Еңселі еліміз, тұғырлы тәуелсіздігіміз бар.Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті.  Абылай хан: «Үш арманым бар еді. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім, қан көп
   төгілді. Екіншісі, халқым қала, кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым», – деген екен. Абылайдың асыл армандары тәуелсіздік тұсында түгелдей орындалды.
     Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаудағы жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев орынды сөздер айтты: «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол –қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік  елге айналдыру.
      Астанада Халықаралық мамандындырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына қол жеткізу - Қазақстанның зор табысының бірі . ЭКСПО-2017 көрмесі  бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.
    Зейнетақы мөлшерінің көбейтілуі, бюджет саласындағы қызметкелердің еңбекақы одан әре жетілдіруі, зиянды және ауыр еңбек жағдайында еңбек өтілі талған жұмысшыларға сегіз айлық көлемінде арналуы жәрдемақы берілуі- осының бәрі өзіміздің жақсару көріністері. Осындай  елеулі өзгерістер халқымыздың  болашаққа сенімін  арта түседі.
      Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да  биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.
Біз жас ұлан – Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені!
        Мен жерімнің шексіз болғанын, менің үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік тірегім
Сен деп соғар жүрегім!
Шаттық нұры шалқысын
Жас бөбегің мен едім.
Қазақстаным- өлеңім,
Сенсің менің жүрегім.
Татулыққа шақырып ,
Ұлттың басын қосқан сен едің.
Мақсатыма жеткізер
Ел басыма сенемін.
Елім деп соғар жүрегім,
Елім менің өзегім.
Жырыма қосып жүремін.
Шаттық кернейді кеудемде
Шырқап қалсам егерде
Азаттықтың өлеңін. Жармұханбет Дильназ
Антоновка орта мектебінің
8а-сынып оқушысы
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Баймуратова Жазира Абеновна

Қызылорда облысы, Арал ауданы,

Қызылжар ауылы, №81 орта мектебінің мұғалімі

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ

Өсер ұлттың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өрені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы!

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді.Желтоқсан жаңғырығы көзден де,көңілден де кетпейді.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылдаған тоталитарлық жүйеге, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын-сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі, сөз жоқ, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осыдан екі жарым ай өткенде, яғни 1992 жыл 2-ші наурызда Елбасымыз Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының биік мінбесінде тұрып, Қазақстанды осынау аса мәртебелі халықаралық ұйымға мүше қылып бір ауыздан енгізді. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет ретіндегі жетістіктеріміздің көрсеткіші Елбасымызды сайлап алдық.

Қоғамды індеттей жайлаған кереғар көзқарастар қайшылығында «тепкісі қатты тегеуріні мықтылардың» жақтастарына қарағанда 1986 жылдың желтоқсанында демократияның талап-тілегін аңсағандар жағының мерейі үстем болды.Сондықтан оны мерейлі мереке тәуелсіздік пен демократиялық жаңару күні ретінде елеп ескергеніміз абзал.

Тәуелсіздік пен демократияның жолы жіңішке, жүгі батпан, біз, яғни біздің қазақстандықтар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оның қадір-қасиетін 25 жыл бойы жан-жақты сезініп келеміз. Сезіне береміз, өйткені, таңдауымыз дұрыс, жолымыз айқын. Еуразияның қақ кіндігі, нақ ортасында орналасқан Қазақстан үшін бұл зор бақыт. Оны тепсе темір үзетін теріскей батысымыз да, күлсе күміс шашатын күнгей шығысымыз да мойындайды. Дүниенің төрт бұрышы қалың қазақтың Отаны, оның айналасына топтасқан өзге диаспоралардың мекені Қазақстанның тұрақтылығына тәнті, Тәуелсіздігіне ден қойған. Геосаяси ахуалымыз қалыпты, тәуелсіздігіміз бен демократиямыз орнықты. Біз сөйтіп әлемдегі тарихи орнымызды айқындайтын «кіндік кезең» аталған құбылмалы кезеңнен өттік. Оған жеткізген ынтымағымыз және халық бірлігі.

Тарихи, табиғи даму орнықты жерде тәуелсіздік те, демократия да нық болады. Әлемдік ықпалдастыққа ыңғайласа қалыптасып, өзара түсіністікке иық беріп тұратын кең пейіл мейірбандылығымыз кең дала қалыптастырған демократияға тән әдет-ғұрыптарымыз сол тәуелсіздік пен демократиялық жаңарулар берген жемісті күндердің куәсі әрі көрінісі. Бүгінде бізді бүкіл әлем таниды, мойындайды, ұстанған жолымызды қолдайды. Халқымызға тән жақсы қасиеттеріміз де демократиялық ұстанымымыздың жемісі болуына көптен-көп ықпалын тигізуде. Соның арқасында арқа басы кең, дамып жатқан шекарамыздың етек–жеңін жинап әрі қамтып алдық. Соның алдында астанамызды көрші ресейліктердің көз тігіп отырған солтүстігі саналатын Ақмолаға көшіріп, Ақорда атандырдық.Бұл елдігіміздің көрінісі.Сонымен бірге,бүгінде Байқоңырдағы ғарышқа ұмтылысымыз да ұлттық үрдіс алды.Оның куәсі Елбасымыздың қазақ жастарын ғарыш айлағында оқып тәрбиеленуге жұмылдыруы. Яғни, бұл ұлттық жауапкершілік артқан үстіне артты деген сөз. Сонымен қатар ол саяси және экономикалық тәуелсіздік пен демократиялық жаңарудың тың белестерін алға бастайтын бірден-бір көрегендік жол.

«Береке–бірлігі мен ынтымағы жарасқан халықтың алмайтын асуы жоқ. Біз мұны туған Отанымыздың гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегіміз бен ауызбірлігіміз арқылы дәлелдік» деген «Қазақстан өз дамуындығы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Елбасымыз өзінің халыққа берген жолдауында.

Қорыта келе, көкейге түйетініміз, елдің тыныштығы мен бірлігі тәуелсіздігіміздің ең басты құндылығы екендігі. Ендеше, осынау алып Қазақстанды жайлаған қазақ пен өзге диаспоралардың көздегені де сол тәуелсіздіктің мәңгілік те тұрақты болуы. Сол жолдағы қалың қазақстандықтар мен бірге Елбасымыздың атқарып жатқан ұлан-ғайыр істері болашақ ұрпақтың еншісінде десек артық айтқандық болмайтын шығар.

Тәуелсіздіктің әрбір атқан таңына, батқан күніне шүкіршілік ете отырып, желбіреген көк тудың астында жалындап тұрған жастарды саналы рухта тәрбиелеп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосып, ел үмітін ақтай білейік!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тәуелсіздікке 25 жыл!

Сүйікті Отаным ­­–Қазақстанның өз тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр, 25 жыл толып отыр. Әрине, бұл өте қысқа, қас қаққандай сәт, бірақ біздің мемлекетіміз осы жылдар арасында адам танымастай өзгерді. Астанамыз асқақтап бой көтерді, Алматымыз гүлденді, жомарт жеріміздің байлығын игеру үшін шетелдік инвестиция тартылды, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін иеленді, жаңа сәулетті ғимараттар көбейді, ең негізгісі, тәуелсіздікке ие болған ұлтымыз еңсесін тіктеді. Кеңестер Одағының бұғауынан босанды, алаштың ардақты ұлдарының еңбектерін ақтап алды, бүкіл ағарту жүйесі мен саяси жүйеміз жаңарды. Экономикамыз нарықтық бәсекеге төтеп берердей қуат көздерін жеріміздің байлығынан тапты.

Тұңғыш Президентіміз болып Н.Ә.Назарбаев сайланып, халықты ширек ғасырдан бері басқарып келеді. Жыл сайын халыққа жолдайтын Жолдаулары арқылы қазақстандықтарға сара жолды көрсетуде. Арамызға тарих қойнауына сіңіп кеткен Наурыз, Құрбан айт сияқты мұсылмандықтың белгісіндей мерекелеріміз оралды. Қызыл туды көк туымыз алмастырып, Әнұранымыз да өзгерді. Ұлттық рәміздеріміз бен теңгеміз айналымға енді. «Мен–қазақпын!» деп мақтана кеуде керетін күніміз туды. Білім аңсаған жастарымыз өз беттерімен және «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алып, алды елімізде қызмет етуде. Еліміздің азаматтарына дін бостандығы берілген. Терроризмге қарсы қабылданған іс-шараларымыз да жеткілікті. «Бәрін айт та, бірін айт, коллективтің жырын айт» демекші, осы 25 жылдық ғұмырымызда бір ғасырға татитындай істер атқарылды. Әрине, осы жақсы істердің басында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тұрғаны ақиқат. 2014 жылы жарияланған «Мәңгілік Ел» идеясы – қазақтың мәңгілік идеясы іс жүзіне асса, Қазақстан мемлекеті жер үстіндегі жұмаққа айналмақ.

Ата-бабаларымыз жерұйықты аңсай, қарсыласқан жауының басын қанжығасына өңгере, аттың жалы, түйенің қомында жүріп-ақ ұлттық рухы, тілі, діні мықты болғандықтан, әлемнің жер көлемі жағынан тоғызыншы мемлекеті болып тұрған қазақ жерін қасықтай қаны қалғанша қорғады, ата жауын бермеді, жер үшін болған соғыс соғыстардың төресі болып табылды. Қазақтың дархан даласы– ол қазақтың жаны, бағы, жалғыз асыраушысы! Қазірде осы мәңгілік ел қоныстанған қасиетті жерімізді болашақ ұрпақтарымызға ата-баба аманатына қиянат қылмай , аман-сау табыстаудың жолдары іздестірілуде. Себебі жеріміздің басынан не өтпеді, ата жауымызбен ұлтарақтай жер үшін қан төктік, ядролық сынақ алаңы да болды, аштық жылдарында қанша қазақ көмусіз, кебінсіз қалды, миллиард та берді, тың игеру науқанында құйқалы жер қыртысынан айырылдық, Арал тартылды, өзен-көлдер сарқылды. Айта берсем, өте көп. Бірақ , ең негізгісі, осы тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздігіміз үшін көп құрбандық шалынды, оның ең соңғысы 1986 жылдың желтоқсанындағы боздақтар болса екен деп тілеймін!

Мәңгілік Ел! Менің қазақ бабамның арманысың, ғасырлар бесігінде тербелген ұлтымның ұлы үмітісің! Қазақстанда тағдыр талқысымен тұрақтап қалған 130 –ға жуық халық өкілдері мен ұлыстар байырғы ұлт­–қазақтармен біте қайнасып, туысып кетті. Халықтар Ассамблеясы да ұлтаралық ынтымақты сақтау үшін игі істер атқаруда. Бәріміз бес саусақтай жұмылып, бір үйдің баласындай жалғыз Отаным –Қазақстан деп жан-тәнімізбен беріле, адал қызмет атқарсақ, біздің мемлекетіміздің күш-қуаты арта түспек. Жемқорлық та, парақорлық та, терроризм қаупінің де, тамыр-таныстықтың да тамыры қиылып, «Қазақстан–гүлстан» болады.

Мен тамаша тарихы бар, жері қазынаға толы, жомарт елдің ұрпағымын! 25 жылда жеткен жетістіктеріміз Мәңгілік еліміздің іргетасын мықты ететініне сенемін! Мәңгілік Елім! Мерекең құтты болсын! Дамыған 50 мемлекеттің қатарына да енерміз, Азия барысы да болармыз, тек елім, сенің болашағың жарқын, аспаның ашық, тәуелсіздігің баянды болсын!

Тулегенова Сания Батырбековна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Филология магистрі

Алматы қаласы, «Бакалавриат» мектебі

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тараз қаласы

№47 орта мектебі

5 «д» сынып оқушысы

Оспанова Айсара

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Егемқұлова Айжамал Мынбаевна

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ ӨШПЕС РУХЫ

Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары –«Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл –әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тірлілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы, өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - дегендей, өмірі мен өнегесі халқының жадына мәңгілікке жазылып, одан ойып тұрып лайықты орнын алған әрі батыр, әрі ақын, әрі тарихи қайраткер Махамбет Өтемісұлының есімін әрқашанда ерекше құрметпен атаймыз.

Мақтан етем Махамбеттей ақынды,

Көкке өрлеткен қазақ деген атымды.

Найзасы мен өткір тілің оқ еткен,

Қайдан көрдің дәл осындай батырды.

Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген- арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз», - деген сөзі Махамбетке арналған болатын.

Махамбет – өзінің барша болмыс қасиетімен көшпелілер көсемінің соңғы тұяғы. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Шалкиіз, Жиембет, Асанқайғы, Қазтуған, Сыпыра жырау, Доспамбет сияқты біртуар тұлғалардың өлмес мұрасын көкірегіне тоқып өскен. Әйгілі Сырым батырдың әділет сүйгіш, азатшыл рухы Махамбеттің бесік жыры болып, өмірінің мағынасына айналған. Махамбет өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, көзі ашық, көкірегі ояу жан болған.махамбеттің арғы атасы Құлмәліден Шыбынтай мен Өтеміс туады. Өтеміс Жайықтың бергі бетінде Айшуақ хандық құрған тұста беделді бидің бірі болған.

Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік,- деуі де осыдан екен. «Алып анадан туады» дегендей, ел аузындағы аңыз бойынша, Махамбеттің анасы Қосуан ақынға жүкті боларда қасқырдың өтіне жерік болыпты деседі. Қосуан ана шынында да, өте батыл, ержүрек әйел болған сияқты.

Ақын өмір сүрген кезеңде қазақ халқы соқтықпалы, соқпақсыз кері кеткен заманды басынан өткізген еді ғой. Алдымен жаугершілік, одан қалды отаршылдықтың қияметін көріп, запыран жұтқан, тығырыққа тіреліп, шығудың амалын таппай отырғанда Исатайдай азаматты азаттық туын көтеріп жол бастады, Махамбеттей ақыны қостады.

Қазақ халқы –ежелден бері намысын ту қылып биік ұстаған өжет, ер халық. Халық арасынан шыққан Ер Махамбет елі үшін қанын төкті, жанын қиды. Махамбеттің осындай ерлігін, өрлігін халқы еш уақытта ұмытпайды. Оның еркіндікті, теңдікті аңсаған, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қылыштай өкір жырлары сол көтеріліс ұранындай болған. Ақынның өрлігі мен рухы өз өлеңдерінде айқын аңғарылады. «Белгілі туған ер едім», «Мен едім», «Менің атым Махамбет» деген өлеңдерінен кісіліктің, ерліктің лебі есіп тұрады. Махамбет үздіксіз қуғын-сүргін көреді. Осындай бір сәтінде оны Баймағамбет сұлтанның алдына алып келеді. Махамбет өз бетімен келмеспін, көрмеспін деген жауының алдында отырып:

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім...

Бір қазақпен тең едім

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің,

Атандай даусын ақыртып,

Басын кессем деп едім,-

деуі, ақынның тағы да өрлігін, қайсарлығын, беттілігін, батырлығын дәлелдей түседі. Қазақ әдебиетінің ұлы мұхитындағы өзгеше бір сырлы арал боп тұрған. Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу – майдан. Қазақ елінің елдігі, еркіндігі, егемендігі үшін болып жатқан майдан. Махамбет өлеңдері жігерлі де асқақ. Жауына қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғындай жұмсауы:

Мен –кесекті ердің сойымын,

Кескілеспей бір басылман.

Келелі қара бұлтпын

Келе жаумай ашылман

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар, намысымды қашырман,-

деген сөздері батырдың беліндегі ақ семсер, алмас қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем болмаған. Ақын жырларында жиі қайталанатын «мен» сөзі менмендік емес, ерліктің ерекше семсеріндей күнге шағылыса жарқылдайды.

Боз ағаштан биік, мен едім,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан

Ел құтқарар ер едім, жандаспай ақыры бір тынбан.

«Мен» сөзі әр қайталанған сайын дұшпаны қаймыға, өзі өршелене түседі.

1836 жылдың көктемінде Нарында басталған ұлт-азаттық күрес зорайып, Қиялымоладағы, Теректіқұмдағы, Тастөбедегі аты шулы қанды майданға барып ұласты. Махамбет өлеңдері 1836-38 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің айнасы.

Махамбеттанушы ғалым Оңайгүл Тұржан: «Махамбет-қара өлеңмен дауыл тұрғызған ақын. Ол ақындық қуатпен дәуірді оятуға ұмтылды. Оның өлеңінің өзі –бір көтеріліс», -дейді. Айтса, айтқандай!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Нарын құмын дүр сілкіндірген Исатай-Махамбет бастаған көтеріліске, отарлық пен озбырлыққа төзбеген ел бірінен соң бірі келіп қосыла берді. Көтерілісшілер алдағы шешуші айқасқа дайындалып жатты. Махамбеттің:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?!-

деген айтулы жыры осындай айқас алдында туды. Махамбетте жеке бастың өмірі болмаған, өмірі өнеріне көшіп кеткен де, қасиетке айналған, жеке тіршілігінде тек қасірет қана қалған. Өзін ойламаған, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған. Ылғи «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендігі мақсат –мүддесі – елінің ертеңі. Махамбеттің өзге сарбаздардан, тіпті Исатайдың өзінен де артықшылығы қолындағы наркескені мен тілінің найзадай өткірлігі, аузындағы ғаламат сөзінің құдіреттілігі болатын. Оның айғағы, бірде генерал-губернаторПеровский түрмедегі Махамбеттен өзі жауап алады. Сонда Перовский қатуланып: «Қолына билік берсем, не істер едің?» дегенінде, Махамбет: «Не істер едім, жер-суымды, байтағымды, атамекенімді келімсектерден тазартар едім ...» (2) десе, Еділ-Жайық екі өзен арасын 22 жыл билеген Жәңгірге:

-Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың!

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын –десе, «Қызғыш құс»өлеңінде:

...Сені көлден айырған

Лашын құстың тепкіні

Мені елден айырған,

Хан Жәңгірдің екпіні – деп табиғаттағы құбылысты өзінің тағдыр –талабымен шебер суреттей білген. Қазақтың ханы, орыстың генералы Жәңгір Бөкеев өз заманының үлкен қайраткері. Жәңгір ел басқарған хан болса, Исатай сол ортадағы ақылды көсем би, Махамбет от ауызды, орақ тілді шешен болған. Ал, Баймағамбет сұлтанмен сөйлескен мына жолдарында: -Аспанды жаңбыр, жерді Жәңгір, Еділді қалмақ, Жайықты орыс бермейді. Оны өздеріңдей сұлтандардың көзі көрмейді. Жәңгірді шауып өлтірейін десем, Исатай ерік бермейді, -депті. Қандай керемет айтылған!

Исатай мен Махамбет жасағының орданы шабуға тас түйін дайындалып жатқанын естіген Жәңгір хан шұғыл айлаға көшеді де, халықтың талап-тілегін орындауға он күн мұрсат сұрайды. Ақын сауытын киіп, сайланып, дайын тұрған сәтін кейін өкінішпен «Әй, Махамбет, жолдасым» атты өлеңінде толғана тебіренеді:

Жасқұсқа барып кіргенде,

Арыстандай ақырған

Айбатыма шыдамай,

Хан баласы жылады –ай!

«Жанымды қи» деп сұрады –ай!

Иә, Махамбеттің де, Исатайдың да жүйкесін құртып, түбіне жеткен осы аты шулы он күн еді. Исатай-Махамбет сарбаздары Тастөбе ұрысында зеңбірек атқан патша әскерінен жеңілді. Бас сардарынан айрылған Махамбеттің Исатайды жоқтап шығарған өлеңінде:

Мұнар да мұнар, мұнар күн.

Бұлттан шыққан шұбар күн,- деген толғанысы жүрек наласы мен өкініштен туған. Ақын Исатайдың қазасынан кейін біраз мұңға батады, сергелденге түседі. Бірақ ауыр мұңнан бойын тез жиып:

Құдай істі аңдаса,

Ісім жөнге келгенде,

Қамалған көп дұшпан

Әлі де болса, қойдай қылып айдармыз

Жолдастарым, мұңайма!- деп шабыт береді. Өзі де:

Айтса -дағы айныман,

Көлденеңнің сөзіне,

Әшкере болған ісім бар,

Жайылған жұрттың көбіне.

Кеткенім жоқ олжа үшін,

Кетіп едім елімнен,

Атаңа нәлет Жәңгірдің

Қан жылатқан заңы үшін,- деп, алдына қойған мақсатынан айнымайтынын білдіреді. Махамбет өз заманының шеңберіне сыя алмағанына «таудай болған талаптың, назары қайтқан кү болғанына» қаһарланады:

Қапыда қалған қасқамын,

Қақ жүректен найза түйретпей,

Жалғыз қалдым,

Адасып қалған үйректей,- деп оның мұңы өмірге ұлы поэзияны алып келді. Өлең жазылмайды, ол пайда болады. Сондай алтын сандықтың бірін табиғат Махамбеттің кеудесіне салған.

Махамбет өлеңдері толғау түрінде келеді. Оның өлеңдерінде жыраулар поэзиясына тән дидактикалық сарын бар. «Арғымақтан туған қазақ», «Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда?» сияқты өлеңдерінің мазмұны нақыл сөздермен құралады. Ақын «Ұл туса» атты өлеңіндегі:

Қарайғанның, жігіттер.

Бәрін кісі демеңіз

Күпе-күндіз тайраңдап,

Түзге шықпас «ерлер» бар,- деп, топтан озатын жігіттің жігіті бар екенін айтып, ой түйеді. Махамбет тек ақын ғана емес, күйші де болған. Оның «Жорық», «Исатайдың Ақтабаны -ай», «Қайран нарын» сияқты күйлері адуын мінезімен, асқақ сезімімен дараланады. Азаттық үшін күрес жолында бастан кешкен ауырлық-тауқыметтер, үзеңгілес серіктерінің өр тұлғалары, туған жердің қадір-қасиеті Махамбет күйлеріне арқау болып отырады.

Көп нүктені құрсалықпен өткен Махамбетте уайымнан гөрі болашаққа сенімі зор. Бойындағы шабытты арттағы ұрпаққа өсиет ұран еткен жырлары да қаһарлы. Махамбеттің мақсаты – өз сөзімен айтсақ:

«Қара қазан, сары бала

Қамы үшін қылыш сермедік» немесе

«Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім»- деп ел қамын, халық жайын ғана ойлаған. Махамбет бабамның ғасырлар қойнауынан жеткен отты жырлары мені таңғалдырады. Әсіресе бүгінде Махамбет жырлары несімен құнды? –деген сауал қойсақ, «елім» деп еңіреген ұлтжанды ұлылығымен, болашақты болжай білетін көріпкел көрегендігімен, ұрпағының, ата жұртының ертеңіне алаңдап, ой түбіне батар сезімталдығымен баурап алады. Елі мен жері үшін арпалысқан ақынымыз Махамбет десек, оның «Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін тебістік, теңдікті, малды бермедік» деуінен-ақ бодандыққа көнбей, айқасқанын аңғаруға болады. Оның барлық өлеңдерін бір жерге топтағанда, «Жорық жыры» болып шығатыны сондықтан. Ақынның күллі сезімі мен сыры, ісі мен әрекеті, өмірі мен өлімі, адами тағдыр-талайы... –бәрі –бәрі осы тақырып арасында тасқындап ақты, талғамын тапты.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Сонда мазмұны мен пішіні бір ғана уақытта – Жәңгір хан тұсында, бір ғана кеңістікте – Бөкей ордасында, бір ғана идеяда – қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған Махамбет шығармашылығы тұтастай алғанда автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр. Бүгінде Махамбет бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы.

Халықтың кегің қусайшы,- деп, ақын армандаған ел азаматы Нұрсұлтан Әбішұлы данышпандық саясатымен ел басқарып, бүкіл әлемге мемлекетімізді танытып отыр.

Иә, Махамбет – қиып түсер өткірлігімен, қызу қанды жігерлігімен, нөсердей екпінімен еркіндікті аңсаған батыр. Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық. Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Олай болатыны оның батырлығы бір жекпе-жектегі қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр толғауы бір кезеңнің баяны емес, күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тарихында да, сазгерлер тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жанып тұратын қайталанбас дара тұлға. Оның дауылпаз жырлары әрқашан ерлікке, егемендікке шақырады. Ол – елге еркіндік тілеген, Тәңірден басқаға тәуелді болмауды аңсаған, теңдікке қол жеткізуді армандаған асыл ер. Махамбет – иісі қазақ баласының ортақ мақтанышы.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Егемен Қазақстан» газеті 2015ж 1 желтоқсан № 230

2. «Егемен Қазақстан» газеті 2002ж 3 қазан

3. Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдер жинағы, Алматы 1974ж

4. Кенжалиева И. Махамбет Өтемісұлы, Алматы 1979ж
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тараз қаласы №47 орта мектебі

8 «В» сынып оқушысы

Келменбетов Алмаз

Жетекшісі: Тайлюбекова Г.Т.

Тәуелсіздігім - мақтанышым!

Бұл тақырыпта ой толғанбастан бұрын «өз еліңді шын сүйесің бе? Отан деген ұғымды қастерлей білесің бе?» деген сұрақтарды өз-өзіме қойып, ұзақ ойландым. Отаным ол менің-Қазақстаным . Ал, осы Қазақстанға жету үшін ата-бабамның қанша қаны төгілгені есіме келсе жүрегім қақ айырылғандай болады. Отан жолында еткен еңбегі, төккен көз жасы, ата-бабамның «Отаным» деп соққан жүрегі – осылардың барлығы қазағымның арының тазалығы, кемеңгер ақыл- ойының тереңдігінің дәлелі. Бабамыздың өз елінің өркендеуі үшін атқарған еңбегі таудай. Желтоқсан құрбандары ұлтазаттық көтеріліске қатысушылар, басшылар, міне осылардың барлығы қазақ елінің жанашыр ұлт-азаматтары көп болғандығының сөзсіз дәлелі емес пе? Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен жеңістері, өзін емес, ұлтын ойлап, жауға қарсы шығып , қөкірегін оққа тосқан батырларымыз бір төбе. Патриоттық өлеңдерімен жүректі тебіренткен ақындарымыздың еңбегін атамасқа болмас.Қазіргі таңда патриот ұл-қыздарымыз көп , бірақ әрқайсысы алдына мақсат қоя білу керек. Жастардың таным түсінігі бойынша жақсы оқып, нағыз патриот атанамын деп ойлайды. Осы заманда барлық жағдай жасалған. Бірақ мұны түсіну көбінің санасына кіріп те шықпайды. Осы тақырыпты жақсы ашып оқыған адамға ой саларлықтай мағыналы етіп жазу міндетімнің бірі. Жақсы оқу ол – міндет. Ал өз еліңнің гүлденуі үшін мен не істеуім керек? Алдымен жақсы оқып қана қоймай достарымның ынтасын оятып, білімге деген құштарлығын артуына көмек көрсетіп, жығылғанда қолтығынан демеп, қолдау көрсетуім керек. Осылай істесек білім сапасын жоғарылатып қана қоймай, жас екенімізге қарамастан өз Отанымыздың патриотының көбеюіне қол ұшын созғанымыз болар еді. Басқаларға үлгі болар едік, ал осылай жарқырап, жайнап жүрсек ата-анамаздың ғана емес қазақ елінің мерейін үстем қылып, абыройын асқақтатар едік. Басқаларға шуағыңды шашып, өз еліңнің өркендеуіне үлес қосу өзіңді ғана бақытқа бөлеп қоймайды, басқаларға шат күлкі мен махаббатқа бөлер едің.Елбасымыз айтқандай бір жағадан бас, бір жеңіңнен қол шығарып іске кіріскенде алынбайтын амал болмайды. Жұдырықтай жұмылып, бәріміз де өзгелерге үлгі боларлықтай білімімізбен, тәрбиемізбен көзге түссек өз елімізді өркендеткеніміз емес пе? Себебі жастар- халқымыздың болашағы ұлтымыздың келешегі. Әр жасты патриоттыққа тәрбиелеу- ардақты ұстаздарымыздың қолында.Ең ауыр жүк ұстаздарға түсуде. Ал осы ауыр жүкті көтеруге көмектессек, жауапкершілікті сезінсек , сөз жоқ біз дамыған отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын алар едік. Сөзімнің соңын әдемі жыр-шумақтарымен аяқтағанды жөн санадым:
Туған елім жалыныңда жанамын,
Елім үшін еңбек етер баламын
Өркендесе болашағы елімнің
Мен қалайша қол қусырып қаламын

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жамбыл облысы, талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт»қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналғанмектеп-интернатының 5 сынып оқушысы Апрелбек Ақбота

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Сайлауова Айман Қалдыбекқызы

Тәуелсіздікке 25 жыл

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).

Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында

қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды.

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Тәуелсіздік бүкілхалықтық мереке, әсіресе қазақтар үшін теңдесі жоқ, аса маңызды тарихи оқиға еді. Біздің халқымыз өзінің ғасырлық аясында қалыптасқан көпшіл, өзге ұлттың мәдениеті мен салт- дәстүріне құрметпен қарай алатын кең пейіл қасиетімен дараланатын халық.

Бүгін де Қазақстан бүкіл әлем мақтанышпен айта алатын мемлекетке айналды. Осы уақыт аясында дербес кеңістік қалыптасып үлгерді, нарықтық қатынас орнығып, әлемдік қауымдастық та бел ала бастады. Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық теңгесі, ең бастысы- егемендігі бар. Еліміздің болашағын дамытып, ынтымақ пен бірлікті орнатып отырған президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та тәуелсіздік жолында көптеген істер атқарды. Зор мақтанышпен айта алатын еліміздің бас қаласы Астана да күннен күнге гүлденуде. Оған куә алып Бәйтерегіміз, Тәуелсіздік сарайы, салынып жатқан көрме ЭКСПО- 2017. Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін ізденіс пен ұмтылыс, сенім мен жарасым әкелді.

Иә, сан ғасырлық қайғы- қасіретке толы тарихында, қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаны басынан өткерді. Сол тар жол, тайғақ кешуде арып ашса да, қажып қансыраса да ешқашан өзінің қадір- қасиетін жоғалтпай, ар- намысын, абыройын төкпей бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткізді. Биыл егеменді елімізге- 25 жыл. Ендеше, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы

№ 77 «Хамза» атындағы жалпы орта

мектебінің 3-«А» сынып оқушысы Юсупжанов Диёрбек

мұғалімі: Абдурахманова Мукаддам Абдимуталовна

Тәуелсіздік ел тілегі

Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.

Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас-қағым-ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердін тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат. Кей кезде маған осыдан 25 жыл бұрын біздің қазақ елі қандай еді деген сұрақ ойыма орала береді? Әрине, бұдан 25 жыл бұрын алға қойған мақсатымыз даңғыл жол болды, яғни тәуелсіздік даңғылы. Осы тәуелсіздікті алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды. Елім ерлігін көрсетті, елдігін танытты. Қазақ халқы тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгенде өз алдына ел бола алатынына күмәндана қараған жандарда болған екен. Бірақ ар-намысты алға қойған Елбасымыз бен үкімет басында отырған елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Біз түрік ұрпағымыз, мекеніміз қасиетті - Түркістан. Осы өңірге ту тіккен біздің бақытымызды Нұрсұлтан атамыз баянды етіп келеді. Тәуелсіздік жолы тәуекелді ту етті. Сөйтіп тәуекел қайығына міндік, 25 жыл ішінде басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жолдан өттік.

Аллаға шүкіршілік, Елбасымыз осы 25 жыл бойы елін, халқын осы даңғыл жолмен әкеле жатыр. Алға басып дамуымызда айқын әрі анық. Еліміздің рухы күннен–күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік –Ту, тәуелсіздік - ауа, жер - су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады.

Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы - өжет, ұлы - қайратты, халқы - қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік! Халқының тәуелсізігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кеңесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барылығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтын 25 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.

Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан-жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын исі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін.

Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең-байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кете жаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмры ұзақ болғай. Ынтымағымыз жарасқан, біріліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов