Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
тәуелсіз қазақстан туралы шығарма жазып беріңіздерші. Эссе болса да болады.
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Отанға деген сүйіспеншілікпен
    Тәуелсіздік... Тәуелсіздік - тәтті сөз. Құлаққа жағымды, жүрекке жылы естіледі. Оны тиісті, қалыпты құбылыс деп қабылдайтын жандар аз емес. «Ұлан-ғайыр мүмкіндіктер баршаға беріледі, бірақ көп жандар олармен ұшырасқанын сезбейді де» деп ойшыл Даннинг айтқандай тәуелсіздігіміз -  баға жетпес мұра. Тәуелсіздік терең ұғым, оның түп-тамыры қазақ тарихының түп қойнауында жатыр. Бұл сөз алтын ғасырлардан, дүбірлеп өткен дүниеден, айшықты алаштан, арынды батырлардан, қилы замандардан сыр шертеді.
Қазақстан егемен ел болып, тәуелсіздік алған күннен Елбасымыз тәй-тәй басқан халқының тәуелсіздік көшін бастап, асқар асулардан асып, келешекке нық қадам басып келе жатыр. «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла, игі мақсатқа тура жүрген жетеді» деп Фирдоуси айтпақшы ел үмітін мен сенімін арқалап,  ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған, арман болған  тәуелсіздікті ту етіп, жақсылықтың жалауындай жарқ етіп, бұлт артынан нұрын шашқан күндей елін жарқын болашаққа жетелей білді. Діні мен тілі, тарихы мен әдет-ғұрпы жылдар бойы бұғауда болған ұлтының мәртебесін көтеріп ұлт ұлы атанды, еркіндік пен елдікті сезінген елінің еңсесін көтерді.
  Теңдігіміздің, егемендігіміздің куәсі Қазақстан Республикасының Ата Заңы, ұлттық рәміздері, төл теңгесі, мемлекеттік тілі – ұлт мақтанышы.
  «Байлық – байлыққа ие болуда емес, оны ұқсата білуде» демекші ұлт байлығы ана тіліміздің  тұғыры биікке көтеріліп,  салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жаңғырып, дініміздің  мәртебесі айшықталып, елдіктің, егемендіктің жолында зиялы өмірлерін құрбан еткен талай саңлақтардың аты ақталып қазақ халқы басынан өткен бар қиындықты сырт киімдей сыпырып тастап, жаңа  өмірге қадам басты. Жаңа елге жаңа астана сайланып, Астана қаласы бой көтерді.  Астана – мемлекетіміздің символы. Астана- еліміздің бас қаласы. Елбасымыздың бастамасымен астанаға айналған қала аз уақыттың ішінде әсем, көркем, сәулетті, басқа елдер қызығып қарайтын бәсекеге қабілетті қала болды. Онда «Қазақ елі» монументі, «Бәйтерек» мұнарасы, «Нұр Астана» мешіті, «Думан» ойын сауық орталығы, «Хан шатыр» сауда орталығы ерекше орын алады. Биік ғимараттар, гүлденген көшелер, сәулетті ескерткіштер барлығы Астаның мәртебесін білдіреді.
Жаңадан салынған «Астана Опера» театры қазақ мәдениетінің қарыштап дамығанын, биік деңгейде екенін көрсетеді.
«Бүгінгі бір күн ертеңгі екі күнге татиды» демекші егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ Президенттің бастамасымен eліміз орасан жетістіктерге қoл жeткізуі үшін мынадай ұзақ мeрзімді жeті басымдықты іскe асыру жоспарлады: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым; кәсіби мемлекет. Қазақстан - бұл ең күрделі жылдары ТМД бойынша өзінің жол нұсқайтын шамшырағы - 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму  стратегиясын жасаған тұңғыш ел.
Төле би елдің ауызбіршілігі жайында айтқан «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ» деген сөзі осы тұста қазақстандықтар үшін ұран болғандай. Бұл ұзақ мерзімді жоспар дәл осы кезеңде тоқыраудан шығудың амалы еді. Бүгінде әлем саясаткерлері еліміздің бұл даму жолын «Қазақстандық жол» деп қызыға қарайды. «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры алауыздықта» дегендей шынында, қандай қиындық, қандай кемшілік болса да, осы бағыт өркендеуге жол ашты. Ел жаңаша күнкөріске икемделді және жаңа заманның тірлігін игеріп әкетті. Нәтижесі – Қазақстан бүгінде әлемдік қоғамдастық үшін экономикалық-инвестициялық тұрғыда қолайлы да тұрақты серіктестікке айналды.  Сонымен Қазақстан тәуелсіз ел атанып, дербес мемлекет құрғанына 24 жыл болды. Тарих қойнауына өткен бұл кезеңде Қазақстан әлем аренасында үлкен беделге ие болып, іргетасы берік орнықты. Төрткүл дүние қазақтың кім екенін танып білді.  
Тәуелсіздік жылдарында да Қазақстанды дағдарыс шарпып өткен шақта халықты тығырықтан шығару мақсатында «Жол картасы», «Жүз мектеп, жүз аурухана» сынды бағдарламалар жүргізіліп,  халықтың әлеуметтік ахуалын жоғарылатты. Қазақстанның түкпір-түкпірінде қирап қалған мыңдаған мәдени нысандар қалпына келтіріліп, жаңадан тұрғызылып, «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша абаттандырылып, елді мекендердің көркі келді, жұрт қуанышқа бөленді. Ауыл шарушылығы мен шағын кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, ел тынысы кеңіді. Мұнай өндіру, кен өндіру, машина жасау тағы басқа ірі кәсіпорындар іске қосылып, Қазақстан экономикасы жылдам дамып, шетелдерге өз тауарын тәуелсіздік тұсында жалғанған су, темір, әуе, тас жолдары арқылы тасымалдауда.
 «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деген сөзінен танбайтын президенттің жастарға, жастар мәселесіне, олардың тиянақты да терең білім алуына бар мүмкіншілікті жасап отырғаны оның көрегенділігінің белгісі. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы жастарға ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деген сөзінен танбайтын президенттің жастарға, жастар мәселесіне, олардың тиянақты да терең білім алуына бар мүмкіншілікті жасап отырғаны оның көрегенділігінің белгісі. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы жастарға ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. «Тәрбие басы – тал бесікте» екенін ескерсек, елдің ертеңін жалғастырар жастар арасында осындай жастар саясатын жүргізу оң жемісін беріп, ұрпағымыздың шынайы патриот боп өсуіне себепші болары сөзсіз.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Қазіргі уақытта мектепте жеке тұлғаны, әсіресе интеллектуалдық тұлғаны қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі ең маңызды мемлекеттік істің бірі болып отыр. Ұлт Көшбасшысы: «Біз дамыған елдерден озық технологияларды тартып, бірлескен өндірістер құрудамыз, инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде. Бірақ біз экономикасы тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды. Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет. Біздің ендігі міндет – қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту», - деген еді. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын атап айтуымыз керек. Бүгінгі таңда қазақстандық интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда шет елдердің атақты жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан білімді жастарға, еліміздегі зияткерлік мектептердің оқушылары мен «Назарбаев университеті» студенттеріне үлкен үлкен сенім артылуда.
 Қазақстанның жаһандық әлемде алатын орны ерекше. Ол  көптеген ұлтаралық, халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді. Қазақстан тәуелсіздігінің 24 жылы ішінде халықаралық ұйымдардың қатысушы мүшесі ғана емес, осы уақытта әлемге ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, АӨСШК секілді ұйымдардың мүшесі ретінде танылды. Үстіміздегі жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына кіруі Қазақстан үшін керемет жетістік.  Көптеген алыс-жақын шет елдері Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын үлгі тұтады. Себебі, ол әлемдегі рухани бірлестікті, бейбітшілікті жақтайтын, әлемді бірлікке, татулыққа шақыратын бітімгер,  бейбіт елдердің бірі. Оған дәлел 2010 жылы Астанада өткен ББҰ аясында өткен «Ядросыз әлем үшін» атты халықаралық форумда қабылданған Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация.
Биылғы жылдың өзі-ақ ел тарихындағы айшықты оқиғаларға толы болып отыр. Шаралардың ең үлкені – Қазақстан халқының Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы сияқты айтулы мерейтойлар өз дәрежесінде аталып өтті.  Үстіміздегі жылы қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілді. Бұл айтулы күн біздің түп-тамырымыз тереңде жатқан  Мәңгілік ел, Ұлы Дала елі екеніміздің дәлелі.
Кемеңгер ойшыл, көреген саясаткер ең алдымен шет елдерде жүрген қандастарымызды тарихи отанына қайтару мәселесін шешіп, ата-жұртын аңсап жүрген талай қазақ баласы елімен қауышты. Демографиялық  саясаттың оң нәтижесінің дәлелі атажұртқа оралған қандастарымыз бен қазақ санының саны айтарлықтай артты.
 Қазақстанда бір шаңырақтың астына тек қазақтың ғана емес  140-тан астам ұлт өкілдерінің басын қосып, олардың береке –бірлікте тату, бейбіт өмір кешуі еліміздің демократиялық саясатының дұрыс бағытта екенін дәлелдейді.
  Қазіргі таңда бейбіт өмір әр елдің баға жетпес қазынасы болып табылады. Қазақстан мемлекеті жер жүзінде ең бейбіт ел атанғанын мақтанышпен айта аламын. Халқына арнап айтқан: «...140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту» деген Елбасының нұсқауы шет елдерде экстремизмнің ушығып тұрған кезде өте орынды.
 Ел егемендігінің жылдарындағы дамуда барлық қазақстандықтарды топтастыратын рухани құндылықтар құрылды. Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде біздің ел болашағының негізі қалыптасты. Ал оның негізгі топтастырушы құндылықтары азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; ғылым мен білімнің мәртебесін көтеру; зайырлы ел – толерантты ел болып табылатындығын тағы да бір айғақтай түстік» - деп Н.Ә.Назарбаев дамудың нақты бағытын айқындай түседі.
 Ең жақсы жоспар –заман талабына бейімделген жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды нақтылап отыруымыз қажет. «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз - Қазақстанды мәңгілік ел ету», – деген Елбасы сөздерін әр қазақстандық өз назарына алып, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға белсенді ат салысады деп ойлаймын.
Мен Қазақстанды өркениетті, мәдениеті және даму деңгейі жоғары мемлекет ретінде туған елімнің жетістіктерін мақтан тұтамын.
ответил от Kuaniysh
0 голосов

Тараз қаласы

№47 мектеп

9 сынып оқушысы

Аманбай Айдана

Жетекшісі: Сұлтанаева Р.Т.

Тәуелсіз елдің ертеңі

Тәуелсіздік-ел арманы. Ел арманы орындалды. Иә, бұл арманға жету, әрине, оңай болған жоқ.Қазақтың байтақ жері мен еңбекшіл елі талай жойқын шайқас пен қырғи-қабақ соғысты басынан өткерді. Майдансыз кезі болған жоқ. Көне тарихқа көз жіберер болсақ, жеті дүркін тұтқиылдан болған алапат шайқастан жұртымыз аман қалды. Араға үш ғасыр салып,Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ежелден еркіндік аңсаған «қазақ елі» қуанышқа кенелді. Ештеңе де өзінен-өзі істелмейді, оған ерік-жігер, табандылық керек. Бүгінде ғасырлар бойы армандаған, тәуелсіз ел болуға ұмтылған, еліміздің арманына қол жеткізгенін көріп, қуанышқа бөленіп отырмыз. Сондай-ақ тарихи кезеңдерде елін басқарған Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атамыздың ерен еңбегіне қазақ елі ризашылығын білдіріп жатыр.

Тәуелсіз мемлекет болғанымызға-25 жыл уақыт болыпты. Елбасының бейбіт бастамалары-барша әлемге үлгі болып, 25 жылдың ішінде қыруар істер атқарылды. Ұлттық тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді танытуда іс-шаралар жүйеге түсті. Қазақ хандығының 550 жылдығында Тараз жерінде «Қазақ хандығына-550 жыл» деп дүбірлеген тойы аталып өтті.Ұлы хандарға ескерткіштер тұрғызылды. Ұлан-ғайыр жерді сақтап қалған хандар мен батырлар екенін ұрпақ түсінді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев атамыз бір сөзінде: «XXI ғасыр-қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін. Құдай қазаққа қырын қарамаған, пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан ақкөңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін- ер берген»-деп толғанды. Иә, бұл сөз тектен-тек айтылмаса керек.

Бүгін міне, Тәуелсіздігіміздің арқасында «Ата Заңымыз» қабылданды. Олай болса, Тәуелсіз елдің тарихы сақталуы тиіс. Жоңғар шапқыншылығында қол бастаған батырлар мен дуалы сөз бастаған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, ел бастаған Абылай хан, Әбілқайырдай хандардың шыққаны қазақты Тәңірдің бір жарылқағаны емес пе?.. Тәуелсіздіктің ақ таңында Н.Ә. Назарбаев Президентіміз халықтың бейбіт өмірде- еркін, ядролық-қарусыз өмір сүруіне жол ашты. Барлық мемлекеттерге адамзат баласы ядролық қарусыз өмір сүруге болатынын мойындатты. 25 жылдың ішінде оқу-жоспарына күрделі өзгерістер енгізіп, дамыған мемлекеттер қатарына қосылуды жоспарлады. Өз ана тілімізді, шет тілін меңгеру заман талабы туды. Қазақ елінің мәдениетін әлем мойындады. 25 жыл ішінде Қазақстан іргелі, өркениетті ел болды. Бәйтеректей дәрежеміз биіктеп өсті.

Мен, өркендеп өсіп жатқан елдің- жас ұрпағы екеніме мақтанамын! Елдің әл-ауқаты, экономикасы дамыды. Жастар білімге ұмтылды. Біздер елімізді, жерімізді, кең байтақ өлкемізді, мәдениетімізді мақтан етеміз. Ұлтымыздың рухы биік, асар жолы кең екенін түсініп келеміз.

Менің Қазақстаным, гүлдене, жаңара бермек. Жер байлығын игеретін жаңа технологиялар дамуда. «Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ»-дейді ұлы Абай.Үлкен сеніммен болашаққа қарап, оқып-үйрену біздің мақсатымыз. Білімді бойымызға жинақтап үйрететін де ұстаздар. Ұстаздарымыз біздерге еліміздің өркендеп өскенін мақтанышпен жеткізеді. Біз, ертеңгі жастар, келешек ұрпақ-Тәуелсіз елімізде бейбіт өмір болсын, Қазақстанымыз өркендеп өсе берсін!-деп тілейік, достар.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов