Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»
1. Хор
« Елім менің»
Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты көлім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Жүргізуші: Құрметті студенттер! Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына 25- жыл толып тұрған мерейлі тойына арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» тақырыбында сіздермен викториналық ойын ұымдастырсақ.
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы тарихи оқиғаларды еске түсіріп, сіздерге викториналық сұрақтар қойсақ деп едік.
2. Викториналық сұрақтар
1.    ҚР ұлттық волютасы
2.    ҚР тәуелсіздік күні
3.    Ұлттық рәміздерді атаңыз
4.    Ең алғаш тәуелсіздігімізді қай ел мойындады?
5.    Ұлттық рәміздер қашан қабылданды?
6.    Алғашқы ата- заңымыз қашан қабылданды?
7.    ҚР әнұранның авторы
8.    ҚР елтаңбаның авторы
9.    ҚР тудың авторы
10.    ҚР алғашқы қорғаныс министрі
11.    Елордамыз Алматы қаласынан Астана қаласына қашан көшірді?
12.    ҚР БҰҰ-на қашан мүше болды?
13.    ҚР қай елдермен шекаралас?
14.    Заң шығарушы орган
15.    Сидней олимпиадасында бокстан олимпиада чемпионы болған қазақ батыры
16.    ҚР алғашқы президент күні
17.    ҚР президенті дүниеге келген жер
18.    Тіл туралы заң қашан қабылданды ?
19.    Желтоқсан  құрбандары
20.    ҚР халық саны бойынша  миллионер қаланы атаныз
21.    ҚР жераумағының көлемі
22.    ҚР мемлекетті басқару түрі
23.    Қазақ халқының бірлік күні
24.    ҚР мемлекеттік және ресми тіл
25.    Қазақстан сөзінің мағынасы

3. Мәнерлеп оқу
Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Қазақстан тәуелсіз ел
Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларың мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.

Тәуелсіздік
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда кәзір көк ту менен бостандық.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
17 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ