Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
құстар біздің досымыз деген тақырыпта шығарма керек. Эссе болса да болады
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Құстар – біздің досымыз

Табиғат-халық қазынасы. Адамның бір тіршілігі табиғатқа байланысты.Қай заманда болмасын адам баласының ата-мекені және халық игілігіне жарайтын табиғаттың мол байлығының бірі болып келеді. « Жері байдың – елі бай», «Байлық анасы –жер» деген нақыл сөздер жердің адам баласына берерінің орасан мол екендігін аңғартады.Сол жерлерде мекен еткен құстар табиғаттың бір байлығы.Сондықтан да жерді және оның байлықтарын қорғау, табиғатты қорғау-жерге ие болған бүкіл халықтың төл ісіне айналып отыр.
    Соңғы жылдары құстардың кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады.Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, сол жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылып жатыр.
    Сол құстардың бірі бозтарғай. Бозторғай сайрауық құс болғандықтан Қазақ даласында көбінде ән-күймен тамырласып жатады, мысалы Қазақ әнінде шырылдайсың бозторғай жерге түспей, мен жүрмін күні кешке тамақ ішпей деген жолдар бар. Бозторғай тыныштықты сүйетін құс, ұясына өзгелер жолап кетсе, кейде балапанын тастап кетеді. Қазақ тілінде мамыражай жақсы заманды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп атасады.
  Мен ең алғаш «Бозторғай» деген құсты атамнан білдім. Бірде үйде жүрсем, атам «Балам,балам» бері келші,-деп шақырды. Менің жүгіре басып келгенімнен, құстар мазасызданып ұшы жөнелді. Мен қарап қалдым.  Содан ата «не болды» деп сұрадым:
-Мынау қандай құс екенін білесің бе?-деді.
-Жоқ, білмеймін,-дедім.
-Білмесең, ол Бозторғай деген құс. Осы құстың біреуі басын көтеріп, жан-жағына қараса, барлығы да мазасызданып кетеді.Олар өте сақ құстар.
Бірнеше күн өткеннен соң, атам екеуіміз бақшаны жинап жүріп едік, әлгі құс ағаштың басына келіп қонды.
-Әй, мынау әлгі «Бозторғай» деген құс қой, біздің бақшаға келіп тағы қонды. Осы маңда ұясын салып жатқан шығар. Сен бұл құсқа тиіспе, әйтпесе, олар балапандарын тастап ұшып кетеді.Балам, сен бұл құстарды үркітіп алма және достарыңа да айтып жүр,-деді.
     Міне, сол әсем құсты көктем айында көрдім және атамның айтқан сөздерін мәңгілік жадымда сақтаймын,-деп ойлаймын.
-    Мен өзімнен кіші балаларға: «құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма», -деп әрқашан ескертіп жүрдім. Құстар-біздің досымыз.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
8 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов