Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Көктем шуағы
          Жыл мезгілінің қай –қайсысын да бөліп жара алмайды ғой адамзат. Себебі «Табиғатта жаман күн болмайды» дейді орыс халқы. Дей тұрсақ та жыл мезгілдерінің ішінен мен көктем мезгілін ерекше жақсы көремін. Онда тұрған таңқаларлық ештеңе жоқ деп ойлаймын.Көктем маған қуаныш сезімін, ерекше көтеріңкі көңіл-күй, тамаша аура  сыйлайды. Көктемнің алғашқы шуағы ұзақ созылған қылышын сүйреткен қаһарлы қыстың өткенін, енді саршұнақ аяздардың, көз аштырмас боранды күндердің артта қалғанын, жаңа қызықты да қуанышты уақыттың келгенін жариялап тұрғандай. Күн күлімдеп, қар еріп, шатырлардан         су тамшылап, жылғалардан су жылтырап жылжып жатыр. Айнала ән салып көктемнің келгеніне қуанып жатқандай. Мен әсіресе көктемгі тамшылар хорын тыңдауды ұнатамын. Бұл аязды қыстан шаршаған табиғаттың ештеңемен тең келмейтін ерекше әуені.
      Түнгі уақытта салқын, тіпті аяз да бар, қыс оңайлықпен берісер  емес. Ал, күндіз көктем өз билігін құрады. Ақ ұлпа қар күннен күнге азайып, құстар ән салып көктемге қошемет көрсетуде. Ағаштар қысқы ұйқысынан оянып, бүршік жаруда. Әр бұтаұта бір жапырақ қылаң береді.Тіпті көктемнің желі де қыстікіндей емес.Көктем желі салқын болғанмен, сені сипап, мейіріммен жұпар шашады.
     Барлық табиғат үшін көктемде жаңару, жаңа өмір басталады. Мұны байқау үшін тек көктемгі орманға бару керек. Орманда жеңілдік пен қуаныш сезімі барлық жерден сезіледі. Күннің алғашқы шуағы қардан, мұздан  арылған жер ананы жылытуда. Күнның көзі құдды бір орман тиіндеріндей ұйқыдан оянған ағаштан-ағашқа секіріп,билеуде. Қары еріп, күн көзі әлдеқашан жылытып үлгерген жерлерде алғашқы көктем гүлдері қылаң беруде. Бұл әрине, сұлу бәйшешек қой! Бірақ, әлі кейбір жерлерде қарайып қалған,еріп үлгермеген қар жатыр, ал мына нәзік көкшіл гүлдердің үлбіреп жарық пен жылуға бойындарын созып,талпынуы көзіңді қуантады.  Бәйшешектер алқапта қаулап шыққанына қарасаң, жерде көгілдір аспанның бір бөлігі жатқандай әсер қалдырады. Гүлдерді жұлуға қимайсың, әсем гүлдерді тамашалағаныңның өзі сонша қуаныш сыйлайды адамға.
       Шынында, көктем-көп күттіріп келетін мезгіл. Жаңбырлы күзден соң, салқын, аязды қыстың артынан күлімдеп көктем келеді.
ответил от Kuaniysh
0 голосов

Көктем

Көктем келді. Көктемде табиғат ана оянады.Қыстың қары еріп, сай-сала суға толды, жерді көк кілем жапты. Күн жылынды.Құстар жылы жақтан қайта оралды. Күн ұзарып, түн қысқарады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдейді. Мал төлдеп, қора төлдерге толды.

Адамдар жер жыртып тұқым себеді.

Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтеді. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні, ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы.Ең басты мереке жиырма екінші наурыз көже пісіріп, бір-бірімен қол алысады.

Мен көктем мезгілін жақсы көремін!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Көктем

Біздің жерге көктем келді. Қар еріп, жер әлі кетпесе де, күннің көзі өзінің жылуымен жылытады. Далаға мал жайылып, қызғалдақ гүлі әртүрлі реңмен өсіп жатыр. Мен көктем мезгілін жақсы көремін, себебі балалар далаға шығып, доп тебеді, асық ойнайды т.б түрлі ойын ойнайды.Көктем мезгілінде барлық адамдар сыртқа шығып, ауланы жинайды, үйдің алдына гүл,ағаш, жеміс ағаштарын егеді.Көктем өте керемет мезгіл.Себебі, біз отбасымен далаға шығып демаламыз.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Басты бет
іздеу
Сайттан іздеу...
Көктем
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді.
Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай....
 Шығармалар
ТОЛЫҚ
ZHARAR759 043
Қазақша - орысша - ағылшынша шығарма: Көктем | Весна | Spring
“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.” деген сарында басталатын.Одан бері талай көктем келді кетті.Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.....
Қазақша | Орысша | Ағылшынша
 Шығармалар
ТОЛЫҚ
ZHARAR10157 773
Көктем
Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктем күн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді.
Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы....
 Шығармалар
ТОЛЫҚ
ZHARAR4134 870
Көктем (видео)
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді.
Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы....
 Шығармалар
ТОЛЫҚ
ZHARAR10193 626
Көктем - өмір бастауы
Жанары бал-бұл жанып бір бозбала темір жол вокзалына қарай асығып келеді. Қолында қызыл гүл шоғы. Кырсыкканда кымыран іриді, демекші Москва-Актобе жүйрік пойызы да үш сағатқа кешігіп келмек. Бұлқынған жүрегін қоярға жер таппай безектеп, үш сағатты қалай өткізерін білмей дал болды. Вокзал жанындағы кафеде бір аяқ кофе алып, шеттегі үстелге жайғасқан оның есіне интернет арқылы танысқан Сымбаттың суреттегі әсем жүзі мен телефон арқылы естіген балдай тәтті сөздері орала ....
ответил от Шырақбай Ибраһим
0 голосов
если шығарма болса

Жоспар

1)Көктем келді

2)Көктемнің ерекшелігі

3)Көктем мезгілінд

 Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтан оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл. Көктемде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілінде табиғат толығымен оянады.

      Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңына ысып та кетеді. Жаңбыр жауса, кемпірқосақта түрлі-түсті болып көрінеді. Көктемде адамдар бау-бақшасын түрлі-түсті жеміс ағаштары, жұпар иісті гүлдер егіледі. Оларға су береді, астын қопсытады.mma
ответил от Ди

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов