Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Алтын ұям-мектебім
  Мен Қаныш Сәтбаев атындағы мектебінде оқимын. Осы мектептің табалдырығын бірінші рет аттаған кезім әлі есімде.Алғашқы қоңырауға анаммен қол ұстасып бардым.Мектепте бізді бірінші ұстазымыз Шолпан Мақсотқызы жарқын жүзімен қарсы алды.Білім жолына қадамымызды нық басуға көмектескен Шолпан Мақсотқызына көп-көп рахмет.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Мектебім – алтын мекенім.

Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап,  есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі  сенің  «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен  де сол жерге дейін барып  биік шындардан  көрінерін анық.
Мен өзім оқыған мектеп туралы айтар болсам. Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылындағы «Дәуір» жалпы орта мектебінде білім алдым. Алғаш мектеп табалдырығын 1993 жылы 1-сыныпқа қабылдандым. Сол кездегі алғашқы ұстазым Кокилова Шолпан апай болатын. Осы дәрежеге жеткізуге бірден-бір себеп сол апайдын берген білімі деп білемін. Мен өзім бала-бақшадан соң мектепке барған соң ба, әйтеуір бастауыш сыныпта жақсы оқыдым. Бастауыштағы алған білімім жақсы болғаннан болар, жо,ғарғы сыныпқа барғанда еш қиналған жоқпын. Мектепті жақсы бағалармен бітіріп шықтым. Мектептегі барлық ұстаздарыма қаншама алғысымды білдірсем де аз деп білемін, себебі өзімде сол кісілердің арқасында ұстаз атанып жүрмін.
Жоғарғы оқу орнында да жақсы бітіріп қолым диплом алып, бірден ұстаз болуға кіріскім келген. Бірақта ер жігіт болған соң, әскери міндетімді орындауым керек болатын. Сосын өз қалауыммен әскерлер қатарына іліндім. Шекарашы болып қызметімді өтеп келдім. Әскерден келген кезімде, өзім бітірген мектебіме жұмысқа орналастым. Әрине әр саланың өзіндік қиындықтары бар, сол қиында, қызықты мамандықтың иесі болып жүргеніме тәуба етемін. Жас маман ретінде «Дәуір» жалпы орта мектебінде қызмет атқарып жүрген кезімде, ауылымызға жаңа мектеп салынды. Осы жаңа мектеп яғни «№123 жалпы орта мектебіне» ауысып, осы жерде ұстаздық етіп келемін. Ауылымыздың көркіне айналған жаңа мектебіміз бүгінде ибалы, инабатты бастысы білімді ұрпақ тәрбиелеп жатыр. Мектебіміздің ашылғанына көп болмаса да, қазіргі күні гүлденіп, көркіне-көрік қосып дамып келеміз. Мен өзімнің мұндағы әріптестеріммен мақтанамын. Мен әрбір мектептегі ұстаздарға, мектеп ұжымына дендерінің саулығын және де білімді ұрпақ тәрбиелеуде еш шаршамай, жемістерінің қызығын көрсін дегім келеді.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов