Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бабалар мұраты
Әр қилы дәуірдің қиындықтары мен зар заман кезеңін басынан өткерген, қазақ халқының дәстүр салты мен ғұрпын сақтаған түбіріміз- ата бабамыз. Қазақ халқының қалыптасып, өзге жасампаз елдермен терезесінің теңелгенін армандап, қасық қаны қалғанша надандықпен айқасып, ұрпақтардың жақсы білім алғанын аңсаған да біздің қадірлі де қастерлі зиялыларымыз болатын.Зар заман дәуіріндегі ақын жазушылар да ел тәуелсіздігіне жету жолында талмай сиясы кепкенше талай туындыларын бізге мұра етіп қалдырған еді. Ол туындылар қазақ әдебиетінің негізін қалаған еңбектермен пара пар. Байырғы кезде тәуелсіздік үшін жан алысып, жан берісіп айқасқан батырлар қаны, майданға кеткен баласын аңсап егіліп жылаған шараналардың көз жасы сіңген топырағымызда- Қазақсатан атты дамыған ел бой көтерді. Міне, көзді ашып жұмғанша алаш жұрты тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайтын күнге жетті. Осы жылдар арасында еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, талай асуларды бағындырған болатын.
Текті елдің асқақтауы үшін, талай жыл көздеген мақсатқа жету жолында Көшбасшымыз да талмай еңбек етіп жүр. Асқақ рух пен өр намыс желісінде атқарған істерінің арқасында елімізді өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар мемлекетке айналдырды.Толығымен дербес елге айналуымыз үшін тәуелсіздіктің алатын орны орасан зор. Елге талай ауыртпалық әкелген Семей полигонының жабылуы бізге үлкен серпіліс әкелгді деуге болады, қиын қыстау заман іздерін елден алыстату дербестікті айқындай түседі.
 Елбасымыз “Қазақстан-2050” страиегиясын қорытындылай отырып халқымыздың жаңа саяси бағытын айқындап, алға қарай нық қадам басуға ұйғарды. Ондағы басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.  Алдымызда 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық “ЭКСПО-2017” көрмесі күтіп тұр. Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық.  Дамыған елдер қатарына еніп өз елдігімізді, дәстүр салтымызды әсемпаздығымыз бен шыңдалған шеберліктерімізді бар әлемге жария ететін, ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша күресіп, арайлы таң атуы үшін жан пида еткен ата бабаларымыздың аңсаған арманы орындалды деп айтатын күн туды. Найзалы батырлар мен өр рухты елдің ұрпақтары, әсемпаз мемлекеттің тұрғындары,елкөшбасшысының жолын жалғар үміт иегерлері, ғылым дамуна жаңа серпін әкелер Қазақстан Республикасының азаматтары сіздерді бабалар рухын ардақтап, алға нық сеніммен қадам басуға шақырамын.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов