Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Менің туған өлкем

«Туған елдей ел болмас,
туған жердей жер болмас»
              Мен осынау байтақ  өлкеміздің, астықты облысымыздың, бай-қуатты Қостанай ауданымыздың Самир атты ауылында тудым. Самир ауылы Жамбыл ауылына қарасты шағын ауыл. Біздің ауылда екі көше ғана, бірақ та олар таза. Кейбір қалалық адамдар, үлкен ауыл тұрғындары біздің ауыл туралы бәрі жаман, қыс болса жол жоқ, ал адамдары үнемі ашулы жүреді дейді. Бірақ менің айтарым бұл менің алтын бесік ауылым жайлы емес. Біздің ауылдың адамдары ақкөңіл, еңбекқор, ең бастысы ауызбыршілікті ұстанатын адамдар.
Ауылда көрікті жерлер де бар.Иә,иә көрікті жерлер бізде де бар. Ауылымыздың мектебі, клуб сонымен қатар ауылымыз  гүлдер мен шалғындар, көлдер мен шалшықтар қоршауында,ауыл сыртында әдемі пішінді тастар бар.Мен сол тастарды қызық көріп үйге алып келемін, сол тастардың қасында достарыммен ойнаймын. Ауыл кішкентай болса оның да жақсы тұстары бар. Мысалы біз бір отбасыдай болып кеткенбіз. Ал, той-томалақ, наурыз, жеңіс күні сияқты үлкен мереке кезінде ауыл тұрғындары әдемі киімдерін киіп, тәтті тағамдарын пісіріп, өлең-жырларын дайындап клубқа жиналады.Күндіз концерт, ойындар, кешке би кеші болады. Біз би кешіне отбасымызбен барамыз, би билеп,ойын ойнап, викториналарға қатысып түрлі сыйлықтар ұтып аламыз. Бізге келген әрбір қонақ өзін көңілді,бақытты сезінеді.
              Біздің ауылда мектеп бар. Онда ауыл балалары 4-сыныпқа дейін оқиды. Мектепте небары екі мұғалім жұмыс істейді. Олар өте мейірімді. Оқушылар бұл мектепке асқан құштарлықпен келеді. Мектеп жазда сауықтыру лагері ретінде жұмыс істейді. Жазда оқушылардың жасына қарамай шақыра береді. Тіпті жоғары сынып оқушылары да бара береді. Мұнда біз ойнаймыз, түрлі жарыстар ұйымдастырамыз, өлеңдер жаттаймыз, ал ең қызықтысы қабырға газеттерін шығару.Мұнда әр команда өз топтарының атаулары, топ мүшелері, топ басшылары туралы мәліметтер жазылады.
                     Самирде ерекше бір құбылыс орын алған. Бізде ертегі, мультфильм, фильм кейіпкерлеріне ұқсас адамдар тұрады. Мысалы біздің ауылда «Большая мамочкаға» ұқсас апай бар,сосын жалмауыз кемпірге, Хоттабичке,Бауырсаққа,Базилио мысыққа, Лиса Алисаға ұқсайтын және «Маша и Медведьтегі» Маша қызға ұқсайтын кісілер бар. Мен үшін бұл өте қызық та таңғажайып.
          Бұрын біздің ауылда мал ұстайтын баздар, қоғамдық монша, балалар бақшасы болған қазір олар жоқ, ата-анамның айтуынша елімізде қиын –қыстау жылдар болғанда олар қараусыз қалып, адамдар бұзып алған екен. Ал, менің арманым үлкейіп,есейген соң жақсы маман, бизнесвумен болып ауылыма келіп, ауылда жоқ нәрселерді жаңғыртып, ауылға жан бітіргім келеді. Мен өскенде ауылшаруашылықпен айналысып, қаңырап тұрған баздарды орнына келтіріп, ауыл тұрғындарына жұмыс берер едім. Анам: егер баздар жұмыс істесе барлық ауыл тұрғындарына жұмыс болар еді, біреу бақташы болса, біреу сауыншы, біреу тракторшы болар еді дейді. Сосын клубты жөндеп, кейін монша салар едім. Мұның бәрі құр қиял емес, бұл- мақсат. Себебі мен өзімнің  аядай ғана ауылымды және байтақ өлкемді жақсы көремін.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов