Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс.
Қуаныштан жарылды ел жүрегі.
Әр батырдың есімі биіктерде,
Жеңіс туы секілді желбіреді,-деген  өлең жолдарымен  жеңістің құндылығын білдіргіміз келеді.  
    Адамзат баласының тарихында бұрын-сонды  болмаған қасірет–Ұлы Отан соғысының  аяқталғанына биыл 72 жыл толады. Бір кезде Кеңестер Одағының құрамында болған Қазақстанның халқы да неміс–фашист басқыншыларына қарсы жан аямай соғысып,ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткені белгілі.
1942 жылы шілде айында  жарты жылға созылған жойқын Сталинград шайқасы басталды. Фашистік Германия совет әскерінің қарсыластығын тез арада жойып, тоқтамас шерумен Волгаға дейін жетуді жоспарлады. Волга және Дон өзендерінің  арасында қанішер соқтығыстарда көптеген әскерін жоғалтқанымен, қарсыластарға  біздің  әскердің қорғанысын бұзып, Сталинградтың солтүстігіндегі Волгаға қол жеткізді. Күндіз- түні қантөгіс соғыстың шуы басылмады,  бүкіл қала от пен түтін астында қалды,  Волганың өзі алау астында көрінді. Соғыс шегі қараша айында Волга өзенінен бір шақырым жерде өтті, көптеген стратегиялық маңызды биіктер фашистердің қол астында болды және сол биіктерден фашистер совет әскерлерін атқылады. Көптеген  адамдардың  мерт болғанына қарамастан, Сталинград қаласын алуға бірінен соң бірі жаңа вермахттың бөлімдеріне  келіп  жатты. 62 әскер басқарушысы генерал Чуйков В.И.  былай  деп  жазған: «Гитлер бүкіл Германияны осы бір қаланы алу үшін құрбан етуге дайын болып көрінді».  
1942 жылы күз айында Сталинград ауданына 70-тен көп жаңа дивизиялар жұмылдырылды, қарсыластың күші 2 есе өскендей болды. Бірақ дұшпан  жерімізге тереңдей кірген сайын, Сталинград қорғаушыларының қарсыластығы күшейе түскендей болды. Сталинград жерінің әр метрін, әр көшесін, әр үйін  тіспен қорғағандай болды.
Біздің жерлесіміз, Ұлы Отан Соғысының ардагері Иван Архипович Легостаев Сталинград шайқасына қатысқан кезінде жарақат алып көрген тәжірибелі солдат болды, бірақ сол жерде  басынан  кешкенді  соғыстың басынан аяғына дейін көрмеген еді. «Сталинград жерін қатерлі темір- тесек басып қалды. Топырақты уыстап алып, саусақ арасынан төксек, қолыңда оқ болмаса, жарқыншақ қалар еді. Бұл жерде болған нәрсені ешқандай сөзбен айтып жеткізуге болмас еді. Тоқтаусыз  бомбылау, артиллериялық және минометтік атыстар. Бірінен соң бірі жалғасқан  немістік әскерлердің шабуылы. Шайқас трактор зауытының ғимараттарында да жүргізілді, әр көше үшін, әр ғимарат үшін қантөгіс болды. Ғимараттар кейде «қатпар-қатпар пирогті» еске түсірді. Астыңғы қабатта біздікілер, ортаңғыда-  жау,одан кейінгі қабатта біздікілер. Кезектес жетістікпен ғимараттан бір-бірімізге отпен қуып отырдық». Сталинград қабырғаларда гитлерлік ең мықты әскерлерді жинап, оларға керемет соққы беріп, қала қорғаушылары осы қан төгіс соғыста жеңіске бет бұрды. Сталинград түбіндегі жау  әскерлері 1943 жылы 2 ақпанда көзі жойылды. Сталинград түбінде 200 күн шайқас кезінде вермахт 1,5 миллион адам жоғалтты. Қазақстандықтардың Сталинград  шайқасына қосқан үлесін айтқанда, Волгоград  батыр қаласының ортасында орналасқан. Қазақ көшесі туралы ұмытпауымыз керек. Сталинград  түбіндегі шайқастарда 7 қазақстандық Чуйков қатарына қосылған дивизияның офицерлері мен солдаттары қатысты. Ұлы ақын Жамбылдың баласы Амадай 7 гвардиялық дивизияның 19 гвардиялық кавалеристік полкінде  пулеметтік санақты басқарып, Синельниково қаласының түбінде ерлікпен қаза тапты.  Сталинград шайқасында әскери комсомол Қасым Аманжолов қаза тапты. Минометші коммунист Қарсыбай Спатаев  пен  лейтенант Абдибай Курмантаев батыр қала қабырғасында  ұмытылмас  ерлік  жасаған үшін Совет үкіметінің батыры атағы берілген.
1942 жылы 19 желтоқсанда Сталинградты қорғау кезінде қазақ баласы, Совет үкіметі батыры Нұркен Әбдіров қаза тапты. Барлығы 36 қазақстандық Совет үкіметі батыры атағына ие болды. Біздің ауылымыздың  ардагерлері  де Сталинград шайқасына өз үлесін қосты.
     Бекіш Қасен Ишимұлы сонау 1942 жылы Совет әскерінің қатарына шақырылған. Иркутск қаласында 6 ай оқығаннан  кейін, Сталинградтың Бекетово қаласы  маңында  шайқасқа түсті. Сол жерде көрген  нәрселер өмір бойы  денесін  түршіктерген: «Өлік үстінде өлік, жарқыншақ үстінде жарқыншақ . Бір сенімсіз мықты күш өз жолындағы бәрін қиратқандай еді».
Фияткин Василий Федотович әскерге шақыру билетін 1942 жылы наурыз айында алды, 6 ай Астрахан қаласындағы училищеде оқып, Сталинградқа жіберілген.  «Қалаға дейінгі жол оңай емес еді, өз орнымызға жету үшін біз Волгадан тоқтамас артиллериялық атыс астында өтуіміз қажет еді. Бірақ біз оған қол жеткіздік. Бір апта күнтөгіс шайқастан кейін, ротада 120 адамнан 9-ы  қалған еді». Сталинград түбіндегі шайқастар үшін Василий Федотович Фияткинге Ұлы Отан соғысы ордені марапат етілді.
Мұқышев Молдаш  1941 жылы Царицыно қаласының 124 мерген полкіне шақырылған еді. Ауыл жігітінің басына көптеген қиыншылықтар туды. Сталинградты батыл қорғау үстінде жарақат алды. «Сталинград шайқасының масштабтары мен қорқынышы туралы ешкім ешқашан ұмыта алмас. Әр шабуылдан кейін, біз өз жолдастарымыздан айырлып, олар үшін одан сайын ашуланып жауға қарсы шықтық.  Жарақаты жазылған соң,  қайта әскер қатарына тұрып шайқастық».
Бұл-тек қана бір шамалы бөлік, бірнеше адамға ғана тиген Ұлы Отан соғысының қатері, бірақ осы қатерге қарсы тұра алып, мойымай, сынбай жеңіске жеткендер. Қазақ көшесі батыр қала Волгоград орталығында орналасып, біздің жерлестерімізге  арналып аталғанын мақтан тұтамын. Осындай мықты адамдардың әңгімелерін, болған оқиғаларын тыңдау-мен үшін үлкен мақтаныш. Өйткені  бұл тарихты олар өз өмірімен, өз жарақаттарымен,төгілген қандарымен, өздерінің айырылған жастық шақтарымен, шайқаста мерт болған махаббатымен жасаған.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов