Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Менің Қазақстаным деген тақырыпта шығарма жазып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!

Қазақ жері қасиет дарыған жер
Ұлы Абай мен Шәкәрім, Мұхтар дүниеге келген жер
Абылай, Керей, Жәнібектер ел құрған жер
Төле,  Қазыбек пен Әйтекелер сынды даналар билеген жер, - деп елім, жерім деп толғана отырып, тәуелсіздік алғаннан бері елімнің жеткен жетістіктерін бір параққа сыйғызып жазып көруге тырыстым.
Қазақстан егемен ел болып, тәуелсіздік алған күннен Елбасымыз тәй-тәй басқан халқының тәуелсіздік көшін бастап, асқар асулардан асып, келешекке нық қадам басып келе жатыр. «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла, игі мақсатқа тура жүрген жетеді» деп Фирдоуси айтпақшы ел үмітін мен сенімін арқалап,  ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған, арман болған  тәуелсіздікті ту етіп, жақсылықтың жалауындай жарқ етіп, бұлт артынан нұрын шашқан күндей елін жарқын болашаққа жетелей білді. Діні мен тілі, тарихы мен әдет-ғұрпы жылдар бойы бұғауда болған ұлтының мәртебесін көтеріп ұлт ұлы атанды, еркіндік пен елдікті сезінген елінің еңсесін көтерді.
     Теңдігіміздің, егемендігіміздің куәсі Қазақстан Республикасының Ата Заңы, ұлттық рәміздері, төл теңгесі, мемлекеттік тілі – ұлт мақтанышы.
    «Байлық – байлыққа ие болуда емес, оны ұқсата білуде» демекші ұлт байлығы ана тіліміздің  тұғыры биікке көтеріліп,  салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жаңғырып, дініміздің  мәртебесі айшықталып, елдіктің, егемендіктің жолында зиялы өмірлерін құрбан еткен талай саңлақтардың аты ақталып қазақ халқы басынан өткен бар қиындықты сырт киімдей сыпырып тастап, жаңа  өмірге қадам басты. Жаңа елге жаңа астана сайланып, Астана қаласы бой көтерді.  Астана – мемлекетіміздің символы. Астана- еліміздің бас қаласы. Елбасымыздың бастамасымен астанаға айналған қала аз уақыттың ішінде әсем, көркем, сәулетті, басқа елдер қызығып қарайтын бәсекеге қабілетті қала болды. Онда «Қазақ елі» монументі, «Бәйтерек» мұнарасы, «Нұр Астана» мешіті, «Думан» ойын сауық орталығы, «Хан шатыр» сауда орталығы ерекше орын алады. Биік ғимараттар, гүлденген көшелер, сәулетті ескерткіштер барлығы Астаның мәртебесін білдіреді.
Жаңадан салынған «Астана Опера» театры қазақ мәдениетінің қарыштап дамығанын, биік деңгейде екенін көрсетеді.
«Бүгінгі бір күн ертеңгі екі күнге татиды» демекші егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ Президенттің бастамасымен eліміз орасан жетістіктерге қoл жeткізуі үшін мынадай ұзақ мeрзімді жeті басымдықты іскe асыру жоспарлады: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым; кәсіби мемлекет. Қазақстан - бұл ең күрделі жылдары ТМД бойынша өзінің жол нұсқайтын шамшырағы - 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму  стратегиясын жасаған тұңғыш ел.
  Тәуелсіздік жылдарында талай спортшыларымыз жүлделі орындар алып, Қазақстан қоржынын медальдарға толтырып, ұлт мақтанышына айнала білді. Қазақстан спорты үшін әсіресе биылғы жыл өте жеңісті де жемісті болды. Рио олимпиадасында  Данияр Елеусінов, Дмитрий Валантин, Жазира Жаппарқұл,Ольга Рыпакова, Иван Дычко сынды спортшыларымыз Қазақстанның көк туын көөке көтеріп, бүкіл әлемге әнұранымызды паш еткенде кеудемізді зор мақтаныш кернеді.
Төле би елдің ауызбіршілігі жайында айтқан «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ» деген сөзі осы тұста қазақстандықтар үшін ұран болғандай.  Қазіргі таңда бейбіт өмір әр елдің баға жетпес қазынасы болып табылады. Қазақстан мемлекеті жер жүзінде ең бейбіт ел атанғанын мақтанышпен айта аламын. Қазақстан тәуелсіз ел атанып, дербес мемлекет құрғанына ширек ғасыр болды. Тарих қойнауына өткен бұл кезеңде Қазақстан әлем аренасында үлкен беделге ие болып, іргетасы берік орнықты. Төрткүл дүние қазақтың кім екенін танып білді.  
Тәуелсіздік жылдарында да Қазақстанды дағдарыс шарпып өткен шақта халықты тығырықтан шығару мақсатында «Жол картасы», «Жүз мектеп, жүз аурухана» сынды бағдарламалар жүргізіліп,  халықтың әлеуметтік ахуалын жоғарылатты. Қазақстанның түкпір-түкпірінде қирап қалған мыңдаған мәдени нысандар қалпына келтіріліп, жаңадан тұрғызылып, «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша абаттандырылып, елді мекендердің көркі келді, жұрт қуанышқа бөленді. Ауыл шарушылығы мен шағын кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, ел тынысы кеңіді. Мұнай өндіру, кен өндіру, машина жасау тағы басқа ірі кәсіпорындар іске қосылып, Қазақстан экономикасы жылдам дамып, шетелдерге өз тауарын тәуелсіздік тұсында жалғанған су, темір, әуе, тас жолдары арқылы тасымалдауда.
   Біз – Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тәңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс – еліміздің бірлігінің белгісі. Ен¬деше, бізге неге өзімізді Ұлы дала еліміз деп атамасқа. Меніңше өте орынды ұсыныс, себебі, қазақ жері арқылы басқа елдермен қарым –қатынас ежелден басталған. Мысалы, Ұлы жібек жолы дүниежүзілік сауданың дамуының бастамасы болған, солай болып қала береді. Қазақ елі небір соғысты, ашаршылықты көрсе де, ешқашан мойымаған, қайсарлығы, батырлығы, өрлігі мұқалмаған ел. Қазір де бірлігі мен тірлігі жарасқан Ұлы Дала елі. Үстіміздегі жылы қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілді, тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Бұл айтулы күндер біздің түп-тамырымыз тереңде жатқан  Мәңгілік ел, Ұлы Дала елі екеніміздің дәлелі.
Мен Қазақстанды өркениетті, мәдениеті және даму деңгейі жоғары мемлекет ретінде туған елімнің жетістіктерін мақтан тұтамын.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
Менің Қазақстаным!
Жиырма бес жыл тәуелсіз еліміз!
Бұл- жиырма бес асу!
Болашақтың ірге тасын қаласу!
Халқымызға
Жаббар ием жар болса ,
Ұлы тарих көшіменен әрі асу!

   Ия, биыл тәуелсіз Қазақстан Республикасына 25 жыл! Сол үшін де биылғы жыл – ерекше жыл. Оның ерекшелігі –«Тәуелсіздік» деген қасиетті сөзде. Ғасырлар бойы қазақ халқы аңсаған еркіндік,өзін-өзі билеу,өзіндік өмір сүріп,тұрмыс құру, өзінің ұлттық , халықтық сана-сезімі, салт-дәстүрі, тарихы, ділі, діні қалайша қасиетті болмайды?!
   1986 жылғы Желтоқсан  оқиғасы, шын мәнінде, қазақтың ұлт тәуелсіздігі үшін, ең соңғы күрес еді. Бүгін қайсыбіреулердің айтып жүргенінде, тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ. Қажырлы күреспен келді. Қанды Желтоқсан көтерілісі- оның соңғы куәсі. Келген тәуелсіздікті қорғап қалу, оны өміршең ету ел басында тұрған азаматтардан үлкен саяси алғырлық, көрегендік және қажыр-қайраттылық талап етті.
   Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанды Тәуелсіз    Республика деп жариялады. Бұл күн-Қазақстан тарихына тәуелсіз «Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Көптен күткен ұлы арман орындалды. Бұдан соң еліміздің сенім жүгін арқалап , өрге апарар басшысы сайланды. Ол Абылай хан заманынан кейін қолдан сусылдап түсіп кеткен тізгінді өз қолына алған Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын.
 Сонымен қатар мемлекеттік рәміздеріміз де бекітілді. Олар: Ту,Елтаңба,Әнұран. Қазір туымыздың түсі көгілдір аспан түстес.Көк аспанның астында жарқыраған алтын күн. Алтын күн астында – қалықтаған қыран құс.Елтаңбамызда- қазақтың қара шаңырағы, ер қанаты-тұлпар,жарық жұлдыздар орналасқан.Әнұранда қазақ халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, осы күнге қалай жеткеніміз айтылады.
 Бүгінгі таңда бізді әлемнің көптеген елдері тәуелсіз ел деп танып отыр. Осының барлығы –біз үшін үлкен жетістік ,деп ойлаймын.Біздің осы жетістікке жетуіміз себепші болып отырған қазақ халықының еңбегі.
                          Еңбегі-шежіре,
                          Ерлігі-дастан.
                          Қазағым осы-
                          Мерейі асқан-,
демекші, Қазақстанның табыстары-көз қуантып, көңіл өсірерлік. Тәуелсіздік-ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік-арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
                          Енді бүгін өлген Туым тірілді,
                          Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
                          Босағада қалып келген Елтаңбасы,
                          Баяғыша төріме кеп ілінді.
     Осындай бақытқа жеткен Қазақстан халқының асқан биіктері де аз емес. Аз уақытта тәуелсіздік таңымен тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық келбетімізді танытты. Бұл – бар істің басы. Ұлттық тілі жоқ мемлекет мемлекет те бола алмайды. Ата Заңымыз қабылданып,ұлттық Теңгеміз айналымға шықты.
    Атам қазақ «Елдің даңқын ері шығарады, ердің  даңқын елі шығарады» деп бекер айтпаған. Елдің елдігін, адамгершілік асыл қасиетін, қазақтық қалпымызды айдай әлемге жар салуда.
                             
                               Қашанда қарыздармын, елім, саған,
                               Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
                               Жүректің арнап ыстық махаббатын,
                               Туған ел, берерім көп менің саған,-

деп жырлаған ақын өлең шумақтарына елімнің алып жүрегі менің жүрегімнің дүрсілі бір болсын.
     Жасасын халқым! Жасасын көк байрағындай көкке өрлеп бара жатқан
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Менің Қазақстаным!... Менің Отаным!...
Бұл киелі, құдіретті сөздерді жай ғана айта салуға болмайды, өйткені бұл сөздер рухтың күшін, Отанға деген ыстық сезімді оятады, жүрегіңді асқақ әуен мен жырға толтырады. Бұл сөздерді талай рет естісең де, қайталай бергің келеді, қайталаған сайын еліміздің, туған жеріміздің, қайсар да өжет халқымыздың басынан кешкендері көз алдына елестейді, өткен күндері еске алынады, болашақты ойлайсың. Бұл сөздерді естігенде өзіңді күшті де батыл сезінесің және жарқын болашаққа сеніммен қарайсың.
    Мен үшін Қазақстан жай ғана жердің бір бөлігі емес, менің Қазақстаным – ең қымбат, ең сүйікті елім. Бұл менің сүйікті Отаным. Отан ұғымы – жүрегіңді тербеп, толғандыратын қасиетті де кең ұғым. Туған жер дегенде өз үйіңді, туған-туысқандарыңды, шағын да әсем қаламызды қалай ойламасқа. Бұның бәрі – менің Отаным, менің Тәуелсіз елім.
    Тәуелсіз ел болғанымызға да 25 жыл толғалы отыр. Бұл қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған, ғасырлар бойы сол арманы орындалуы үшін күрескен тәуелсіздігіміз. Халқымыздың аңсаған арманы орындалды!
   Тәуелсіздік – қырансың, қалықтаған,
Алты алаштың көгіне шарықтаған.
  Көптен күткен халқымның сәбиісің,
                                    Әлдилеген құшақта алып далам.
    Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Біз еркін елде өмір сүреміз, еркін елдің жас ұрпағымыз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақ қолында. Мен де сол ұрпақтың бірімін. Сондықтан бар білілмімді, күш-жігерімді елімнің гүлденуіне, көркеюіне жұмсаймын! Мен де, барлық қазақ жастары да Қазақстанның жарқын болашағы жолында еңбек етеді деп сенемін.
Жаса, жаса, Қазақстан – мекенім!
                                     Белгілі ғой бір перзентің екенім.
                                     Біз боламыз өркендетер өзіңді
  Дарасың сен, Қазақ елім, Бек елім!
    Туған жерім! Туған елім! Егерде мен ақын болсам, саған өлең-жырларымды, саған арнап жазар едім! Жасай бер, гүлдене бер, Тәуелсіз Қазақстаным!
      Жыр – кеудеде көп қой саған берерім,
Не көрсем де бірге елмен көремін.
   Кірпішің боп қаланамын, туған жер,
  Гүлде, жайна, Қазақстан – Өр Елім!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов