Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Менің отаным қазақстан шығарма
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Менің Отаным - Қазақстан
                               Менің туып өскен жерім Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ.  
                             «Отаның алтын бесігің»,
                            «Отаны жоқтық нағыз жоқтық» - деп,
дана халқымыз бекер айтпаған. Өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті.
     Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқының өзіне дейінгі жиған терген, талай ұрпақтардың қоғамдық санасын байытқан қанатты, өміршең мұраларын санасына тал бесіктен сіңіріп өскен ауыл баласы екені баршаға белгілі. Ал біздің қазақ халқында:
                              «Елу жылда ел жаңа» - деген,
қанатты  сөз бар. Бұл - табиғи ақиқатты көрсететін өміршең ойдың қазақ халқында болған баға жетпес байлығы. Бұл - табиғи заңдылық. Міне, Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған адам, ұлт көшбасшысы, ел дамуының 2050 жылға дейінгі бағдарламасы қолына тигенде, одан өзі құрған мемлекетінің даму барысындағы осынау табиғи заңдылықты толық түсінгендей. Сол себептен де, биылғы Қазақстан халқына жолдауын 2012 жылдың тәуелсіздік мерекесіне ойластыра отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп атады.
     Жолдаудың атауы да өмір шындығы. Өткен уақыт ішінде біз толық қалыптасқан мемлекет болдық. Даму қарқыны жағынан дүние жүзінде үшінші мемлекет болып тұрмыз. Осы жолдауында Президентіміз атап көрсеткендей, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын қабылдаған 1997 жылдан бері ғана елдің жылдық ішкі жалпы өнімі 16 еседен астамға өскен.
     «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған Басты мақсат Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел-келбеті.
     Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін  қалыптастырдық. Әрбір халық жүрегіне өз еліне деген  шексіз мақтаныш сезімін орнықтырды. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды.  Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.
     Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан 2050» стратегиясы – барлық  саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» деп, елбасымыздың айтқан сара жолынан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жамбыл облысы, талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт»қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналғанмектеп-интернатының

3 «А» сынып оқушысы Асанқызы Арай

тәрбиешісі Қонақбаева Перизат Лесбекқызы

Отаным-алтын ұям

Әрбір жанға өз отбасы, туған туыстары, қандай ыстық болса, Отаны да сондай ыстық! Отан дегенде адамның жүрегі елжіреп, жүрекке жылу сыйлайды! «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген мақал бар. Расында Отан үшін жанынды қисаң, сол-үлкен абырой. Отан деген сенің туып өскен, кіндік қамын тамған жер. Отанға деген сүйіспеншілік анаға деген махаббатпен тең.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, білім алып жатқаныма қуанамын. Елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері бір шаңырақ астынды тату-тәтті өмр сүруде. Жеріміз кең байтақ, табиғатымыз әсем, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазақстан күннен күнге гүлденіп,көркеюде. Мен қандай бақыттымын,өйткені, сен барсың менің Қазақстаным!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов