Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
менің педагогикалық философиям деген тақырыпта эссе керек
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Менің педагогикалық философиям»

         «Арман- жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң,алға басу да жоқ , тіршілік те жоқ»,-деген екен орыс жазушысы Л. Н. Толстой. Ал біздің дана халқымыз армансыз адамды қанатсыз құсқа теңейді.

         Мағжан Жұмабаев атамыз патшаның тағына теңеген балалық шағымда-ақ ұстаз болуды армандаған едім. Алға ұмтыла отырып, көздеген мақсатыма жеттім де. Бүгінде мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін, туған тілімнің жанашырымын.

                     Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

                     Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

                     Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

                     Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!- деп ақын жырлаған жауһар тіліміз- қазақ тілінің байлығын шәкірттеріме игерту жолында еңбек етудемін.

         Туған тіліміздің өте оралымды, айшықты, өрнекті, бейнелі, бай тіл екендігін бәріміз де білеміз. Қазақ тілінің байлығы туралы ұлтымыздың біртуар сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Қазақ тілі-бай тіл, оралымды, ырғақты, теңеу бейнелері ерте туған тіл»,- деген екен. Осындай бағаға ие болған ата-бабамыздан қалған ұлы мұраны қастерлей білуге, сөзден сөйлем құрауға, сөйлемдер арқылы ойлы да бейнелі түрде мәтін құрастыра білуге машықтандыру, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру – менің борышым.

         Ақыл-ой дамуының негізі және барша білімдердің қазынасы қазынасы болып саналатын ана тілімізді игерту жолында Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасымен жұмыс жүргізудемін.

         Ахмет Байтұрсынов атамыз: «Тілдің міндеті- ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Айта білетін адам табылса, тіл пайданалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын»,- деген екен.

         «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасы тұлға тәрбиелеуге, яғни кез келген міселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын еркін айта білуге негізделген. Осы бағдарламаны пайдалану барысында оқушыларымның білім сапаларының тереңдегенін, әр оқушының жұрт алдында өз ойын айтуға машықтанғанын байқадым.

         Ұстаз бола жүріп, өз оқушыларымның қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын тудырып, арамызда жақсы қарым- қатынас орната алғаныма, алдағы өмірлеріне қажетті дағдыларды бойларына сіңіре алғаныма қуаныштымын!

         Ұстаз болу- қайталанбас бақыт. Мен осы мамандық иесі болғандығымды мақтан етемін!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов