Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
біз соғысты көрген жоқпыз
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бақыттымыз, біз соғысты көрмедік
     Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 72 жыл болады.Бұл сол кездегі біздің халқымыздың ержүректілігі мен төзімділіктерін көрсеткен, тарихта қалған соғыс. Соғыс...
   Осы сөзді естігенде, теледидардан соғыс туралы киноларды көргенде, қатты ойланамын. Ол сол кезде өмір сүрген адамдарға қаншама қайғы –қасірет әкелді. Кәрі адамдарға, жас балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
  Ел басына күн туғанда біздің туған жерден Катонқарағай өңірінен 3500-дей адам майданға аттанып, талай адам майдан даласынан елге оралмады. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.  
   Біздің ауылымыздан майдан даласына аттанған жерлесіміз  Құрманов Тошантай. Тошантай ата 1920 жылы Монғолиямен шекаралас Тошанты деген жерде дүниеге келген. 1940 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. Соғыс кезінде Украинаның Щипила елді мекенін азат етуде взвод командирі қаза табады, сонда Тошантай ата взводты өз қолына алып, үлкен ерлік көрсетті.  Ол 2- рет жараланды, 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталып, старшина атағын алады. 1946 жылы елге оралады. Үшбұлақ ауылында ауылдық кеңесте председатель болады. Тошантай ата 3-баласын өсіріп жеткізді. Балаларынан 4-немере, 2-шөбере көрді. Тошантай ата 1983 жылы қайтыс болды. Қазіргі кезде сол кісінің немересі «Чернова орта мектебі» КММ-нің 6-шы сыныбында оқиды
     Осы күнде Мәдиді көрген ата-апалар, «сенің атаң еңбекқор болған, сен оның ұрпағысың» - деп айтады. Отан үшін, ел үшін от кешкен, еңбек еткен атасың  мақтан тұтады.
 Сонымен қатар  менің әкем де Ұлы Отан соғысының ардагері болған. Әкемнің аты –жөні Камчинов Нұрахмет. Әкем 1923 жылы қараша айының 7-сінде «Чернова» ауылында дүниеге келіпті. Осы ауылда латынша 5 класты бітірді. 1939 жылы Пахомов атындағы колхозға жұмысқа кірді. 1942 жылы соғысқа шақыртты. Сталинград қаласында 2 ай дайындықта болып, сол қала түбінде шайқасқа қатысты.
      Соғыстан  туған ауылына оралып, колхозда жұмыс істеді. 1957 жылы жұмыста үздік шыққаны үшін Нұрахмет атаны « Бүкілодақтық ауылшаруашылық» көрмеге қатысуға Москва қаласына  жіберді. Сонымен қатар, мал басын дұрыс сақтап қарағаны үшін мақтау қағазымен марапаттады. 1957 жылдан атауы өзгерген «Чернова» совхозында жұмыс істеді. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. 1984 жылы көп жылғы  еңбегі үшін «Еңбек Ардагері» медалімен марапаттады. Көптеген мерекелік медальдармен марапатталды

   Жанұясында 8 баланы тәрбиелеп, өсірді. 2005 жылы қайтыс болды.
    Ұлы жеңістің бақыты мен қуанышын сыйлап, елі мен жер үшін аямай қан мен тер төккен асылдарымыздың өмірі бізге үлгі. Олардың ерлігі біздің есімізден шықпайды. Біз осындай қиын-қыстау кезді көрген жоқпыз. Сондықтан, бақыттымыз деп айтуға болады.Біз соғысты көрмедік.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов