Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Арман деген не? Арман туралы 

спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
«Адамға   арман   жеткізіп пе еді…»
                          Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
                               Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
                               Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
                              Үлкен  АРМАН керек екен адамға!

                                    Мұхтар Шаханов
Арманшыл ақынның осы бір өлең жолдары маған да үнемі ой салады. Адам армандаудан шаршамауы керек. Арман мақсатқа жетелері анық. Мақсат - адамның өмірде қалыптасуына, өз орнын тауып,  жақсы өмір сүруіне ынталандыратын дүние. Арман  адамның өзін өзі тануы, бағалауы тұрығысында да өз септігін тигізеді.  Ол адамды өмірге қызықтырады, шабыт береді, жігерлендіреді. Кез келген адам арманыма жетсем деп  арманына арман қосып, мақсатын  айқындап, алдыға ұмтыла беретінін білеміз. Мәселен, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Мағжандар  бала кезінен  жыр жазып, ақын болуды армандап, ізденіп, оқымаса, халқымыздың маңдай алды тұлғаларына айналар ма еді?!  « Арман- ақыл-ойдың шындығы», « арманға адаспаған жетеді» , «арман –адамға қанат», «армансыз адам болмайды» деген сияқты ойлар менің арман жайлы ойымды дәлелдей түседі.
- Арман деген не? – деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде қария: - Арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді. Арманға адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – деп қарт жауап беріпті. Шағын әңгіме болғанмен берер мағынасы терең. Оқыған адам ойланары сөзсіз.
Ақ қанатты құсым деймін сені,
Аспаннан жерге түсірмеймін сені.
Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені, Ей, Арманым! –
деп арманды ақ қанатты құсқа, мәрмәр мүсінге теңеген ақын Исрайыл ағамызда өзінің пәк арманын үнемі аялап жүретін тәрізді. Арман таусылмайтыны да хақ. Дегенмен жас буынды, балаларды армандауға баулудың өзіндік мәні бар.  Үлкендер «арманыңа жет», «арманың орындалсын» деп бата беріп жатады жастарға. Яғни , халқымыздың даналығы осы ұғымға өзінше мән беріп, бала тәрбисінде есепке алған.
Адамды санай берсең, көп арман да,
«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда
Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арман да.
 деп Шәкірім  Құдайбердіұлы  жырлағандай әркімнің өз арманы, өзінің қол созған мақсаты бар. Соған жетуге талпынған қанат талмасын.
                        №74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
«Әр адамды жетелейтін - бір арман»
          Адамның өзінде арманы өте көп.  Кей кезде арманымыз қиялға  айналып кететіні рас. Бірақ  әр адамның армандары тез орындалмайды, бірте-бірте орындалады. Менің де армандарым көп. Бірақ негізгі және кішкентай кезімнен аңсап келген  арманым – оқуымды «алтын белгі» медалімен бітіру. Мен мектеп табалдырғын  аттағаннан бері  оқу озаты  атанып  келемін. Адам өзінің ойлаған арманына өзінің ақыл - парасатымен, білімділігімен жетеді ғой. Мен де солай оқып біліммен  жеткім  келеді. Сонымен қатар адам көкейіндегі  ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманыңа жете алады. Әрбір адамның арманы әртүрлі  болады. Арман таусылмайды, бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші... солай жалғасып  кете береді. Өйткені бұл өмір! Ал өмір арман- қиялсыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш-жігер жұмсалады. Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, табандылықты, қайырымдылықты, білімді, ақылды қажет етеді. Адам арманының орындалғаны қандай жақсы! Себебі сол шақта ол үлкен бақытқа кенеледі. Бақыттан басы  айналып,  бойына қанат біткендей,  бақыт құшағына  оранып,  қуанышы қойнына сыймай өзін басқа әлем адамы ретінде  сезінеді. Арман ол ғажайып дүние ғой!Арманның өз бетімен орындалуы,   бір сәтте орындалып қалатын жағдай емес. Жақсы оқып, белгілі  жоғары оқу орнына түсіп, жұмыс істеп, тер төккеннен кейін ғана арманыңа қол жеткізе аласың. Себебі бұл арман-  сенің өзіңнің кішкентай құпияң  сияқты. Ал, құпияңды  жүрегіңнің түпкі жерінде  сақтап қана қоймайсың,  бетіне шығып орындалғанын  қалайсың. Арман- бақыт, қуаныш, еңбек, төзімділік,  мақсат!
            Менің арманым: дәрігер болу. Мен дәрігер болуды кішкене кезімнен армандап келдім. Бірақ бұл арманның орындалуына көп жағдай жасауым қажет.   Мен күнделікті өз –өзіме есеп беріп, өз жетістіктерімді саралап,  өз –өзіме  сұрақ қойып  міндетті түрде  талап етіп отырамын. Біліммен,  шыдамдылықпен, оқып-үйренумен қатар  ізденіс,  талпыныс, жігерлік,  үлкендердің  қолдауы  қажет деп есептеймін. Сол үшін өте жақсы оқуымыз керек. Арман, сиқырлы таяқша арқылы орындала қоятын  жағдай емес. Армандау, қиялдау арқылы  басталатын  жүйе.  Адамның бар арманы  орындала бермейді.  Біз армандарымызды саралап барып қана, орындалу жүйесіне қосамыз. Уақыт көлігі сияқты, уақытты талап етеді. Шіркің- ай,  бір сәтте-ақ бар арманың орындалса, б ұл әлемде  сенен асқан б ақытты адам болмас еді ғой!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы