Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Тәуелсіздікке тағзым шығарма
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тәуелсіздікке тағзым
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.( Нұрсұлтан Назарбаев )
Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең . Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Осындай мақсатпен «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық» мерейтойы қарсаңында Антоновка орта мектебінде түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Соның ішінде бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке тағзым» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар мемлекетіміздің Тұңғыш президенті, мемлекетіміздің рәміздері, Астана жайында көптеген өздері білетін мағлұматтары жайында әңгімелеп,өлеңдер оқыды.

Әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін.
Антоновка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Садуова Әдемі Сәлімқызы
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов