Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Астана туралы шығарма
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Астана
Астана-жас қала,жаңа қала,
Өріп шықсын өзіңнен-бақыт,байлық,бастама.
Ел болсын, беттен қақпа,жасқама
О,Астана айналдық!
Сен деп соғар жүрегім
Қадамыңа нұр жаусын
Балалық менің тілегім.
Жармұханбет Алуа
Антоновка орта мектебінің
4 а-сынып оқушысы
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

«АСТАНА – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ»

Өмірбекұлы Әділет - 10 «Б» сынып оқушысы

«Астана – Қазақстанның ұлы дәуірі және

стратегиялық векторы»

Н.Ә.Назарбаев

Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп-қонып жүрген. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ – қазіргі Астанадан небары 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана – сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара – Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Астана – Елбасының ғажайып ерлігі.

Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзақ ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердің астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстыру негізгі себептерін былайша түйіндейді:

Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Сондықтан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.

Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда кауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.

Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бқрын-соңды болып көрмеген қарқынмен дамуды.

Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекет құру. Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.

Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау» Жарлығы шықты. 1997 жылы 8 қарашада Астанаға мемлекеттік билік атрибуттары – Ту, Елтаңба мен Президент байрағы әкелінді.

Астанада 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсау кесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан астанасына "Бейбітшілік қаласы" мәртебесі беріліп, медаль берілді. Серпінді елдің сәулетті Астанасы, 1995 жылы «Жаңа Астана» арнайы қоры құрылды. Қаланы одан әрі дамытуда 1996 жылы Астананы еркін экономикалық аймақ деп жариялаған шешім маңызды роль атқарды. Қаладағы құрылыс жұмыстары кең марштабпен құлаш жайып, Астана халықтың көз алдына жайнап сала берді. Астанадағы ірі архитектуралық –көркем композициялардың бірі «Астана-Бәйтерек» монумент ескерткіші. Оның биіктігі 97 метр. Монумент астананың барлық көрінісіне шолу жасауға болатынын көру алаңшасы бар өзгеше ғимарат.

Астана монументінің сол жақ жағалауда «Казмұнайгаз» ұлттық компаниясының ғажайып ғимараты тұрғызылды. Көлік және коммуникациялау, Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерінің және Ұлттық кітапхана мен мұрағаттың ғимараттары салынды.

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім-Қазақстан Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді, өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс – жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің ұлының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артып, міндет жүктеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан Магниткасында шыңдалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген осы.

Ел ордасы болып Астана бой көтеріп, өзінің сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескеркіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде «Ақорда», «Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Думан» орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек емес. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланды. Мәдениет – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта Қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз. Ата-дәстүрін, ана-тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушылармыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ғарифолла Есім. «Жаңа қала философиясы», «Егемен Қазақстан»

2. Жылқыбай Жағыпарұлы. «Дерек пен дәйек», «Егемен Қазақстан»

3.Серік Нағимов. «Есілдегі Елорда», «Егемен Қазақстан»

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов