Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік қамсыздандыруы мен қорытындылар

Биылғы жыл еліміздің өз Тәуелсіздігінің 25 жылында жеткен жетістіктеріне қорытынды жасайтын жыл. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздан-

дыру жүйесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі

10

базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалып отырады.

Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген Қазақстанды дамытудың стратегиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда.

Тәуелсіздік алған 25 жыл – бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақсаттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі.

Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтандырулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жү­йелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, экономикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық

11

қатынастар субъектілері мүдделерінің – қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.

Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.

Мемлекет басшысының 2004 жылғы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстанда 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтан­дыру туралы» заң қолданысқа енді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстандағы жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қажетті және маңызды элементіне айналды. Жұмыс берушілер өзінің қызметкерлері үшін он еселенген төменгі жалақы мөлшері шегіндегі табыстан ай сайын әлеуметтік аударымдар (сақтандыру жарналары) төлеп отырады. Сонымен қатар, әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған қызметшілер ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер ала алады. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтан­­дыруға қатысушылардың шектелген ынтымақтастығы – сақтандырудың негізгі принципі орындалады.

Келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар және тіркелген жеке кәсіпкерлер, яғни заңды жұмыспен қамтылған халық міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуетті қатысушылары болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында жұмыспен қамтылудың құрылымы мен деңгейі әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ықпалында болған экономикалық жағдайға тікелей байланысты болды. Жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижесінде жұмыс­сыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ға төмендеді.

Қолданысқа енгізілген сәттен бастап өткен алты жыл ішінде міндетті

12

әлеуметтік сақтандыру тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі заманғы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі бола білді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген күннен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2011 жылдың 1 қарашасына 190 млрд.теңгені құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті әлеуметтік сақтандырудың тұрақтылығына жетудегі мемлекеттік мақсаттар үшін теңдестірілген шараларды жүргізуге және әлеуметтік сақтандырудың жалпыға белгілі әлемдік базалық принциптерін ескере отырып, қолданылатын ресурстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының зерттеулері экономиканың кезеңдік дамуы кезіндегі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жекелеген жетіспеушіліктерін де анықтап берді. Әлемдегі жұмыссыздықтың өсуі салықтық базаның қысқаруына әсер етіп, жәрдемақыларды төлеуге қосымша шығындарды қажет етті.

Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік шығындар қысқаруда, ал Қазақстанда керісінше, әлеуметтік шығындар үнемі ұлғайтылып келеді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2009-2011 жылдардағы жолдауларына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсті. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономикалық құлдырау кезеңіндегі тұрақтандыру тетігі ретінде пайдаланылды.

Бүгінде, әлемдегі барлық халықтың материалдық әл-ауқатына, әсіресе, экономикалық өсіміне қауіп төндіретін жаһандық қаржылық дағдарыс кезіндегі адамзаттың тұрақты дамуындағы әлеуметтік қамсыздандырудың рөліне ешкім

де күмән келтіре алмайды.

13

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары аясында қабылданған әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар масылдықты болдырмайтын, ең алдымен атаулылыққа және тиімділікке негізделген халықтың әл-ауқатын жақсартуға және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ