Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Еркіндігі елімнің - Тәуелсіздік тәрбие сағаты
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: «Еркіндігі елімнің - Тәуелсіздік!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а)Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырып,ән ұран,суреттер т.б.

КӨРІНІС «ҚАЙРАТТЫҢ ХАТЫ»

Күй ойналады, оқушылар ортаға шығады.

Әнұран орындалады.

І жүргізуші:

Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,

қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

IІ жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан

кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.

I оқушы:

Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім аяп бізге бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас -талқан боп өлгені.

2-оқушы

Ақталды бодақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

3-оқушы

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

4-оқушы

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары,

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

5-оқушы

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра.

Ел билеуші алып келді Колбинді,

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

6-оқушы

Егемендік - бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік - елін,жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

7-оқушы

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Видео көрсетіледі.

І жүргізуші:

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.

IІ жүргізуші:

1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Мұғалім:

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

1-оқушы

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-оқушы

Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.

Тарылмасын терең алған тынысың.

Әрбір күнің жаңалыққа толы боп,

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

3-оқушы

16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Хор: «Көк тудың желбірегені»

І жүргізуші:

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге

енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.

ІІ жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.

1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.

1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.

1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

І жүргізуші:

1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.

І жүргізуші:

Армандаған күнге де жеттік.

Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.

Президент туралы: Халых Дильназ

ІІ жүргізуші: Тәуелсіздіктіңкөк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтеріп, әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Ойын: «Мен өскенде ... Еліме үлесімді қосамын.» (қалпақ,сиқырлы таяқ)

1-оқушы:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

2-оқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

3-оқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә — әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа!

1-оқушы :

25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

2-оқушы:

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

4-оқушы:

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

І-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз

ІІ-жүргізуші

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Ән: «Атамекен»

І-жүргізуші.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Еркіндігі елімнің - Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов