Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік атты ашық шара
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

№26 «Жұлдыз»балабақшасының

І санатты музыка жетекшісі

Шокаманова Жансая Баймуратовна

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік».

Жоспар:

1. Ел тарихынан шағын түсінік.

2.Өткен жылдар жемісі.

3.»Қазақстан 21 ғасырда»

Жургізуші; Сәлеметсіздер ме қурметті қонақтар, ата аналар, бугінгі

« Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік атты ашық шараға қош келдіңіздер.

Тәуелсіздігіміздің тарих бетіне жазылғанына биыл міне мерейлі 25жыл толып отыр осы уақыт аралығында мемлекетіміз толағай табыстарға қол жеткізіп, биік асуларды бағындырғаны белгілі.

Кемел елдің кемеңгер көш басшымыздың терең көрегенділігімен білгірлігінің арқасында біз, қазақ елі өзіміздің тәуелсіз ел екендігімізді мойындатып ұлттар достығының ынтымақ бірлікте болуын куллі әлемге таныта білуі Елбасы Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегімен ерік-жігерінің дәлелі.

Ендеше елдігіміздің белгісі айбынды әнұранымызды бірге әуелетейік

. Әнуран айтылады.

Қазақстан өз азаттығын ғасырлар бойы аңсаған және соның жолында ата-бабаларымыз аянбай күресіп,қасық қанында ,шыбын жанында қиғаны-бізге тарихтың тылсым шежірелерінен жеткен шынайы шындық.

Қазақ жері,қазақ елі-біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес -байлығы және асыл мұрасы.

Қазақстан қазіргі таңда аты әлемге әйгілі егеменді ел екені-Қазақстан халқы үшін,әсіресе қазақ ұлты үшін зор мақтаныш,үлкен абырой!

Ән: Қазақ елім бақытты Самат Балторе

Көрініс; Слайдпен Астана қаласы көрініп турады. Әже мен немереесі әсем көшелерді аралап келе жатады.

НЕМЕРЕСІ:- Әже мынау тұрған не? Бұл Хан шатыры ғимараты балам

- Әже мынау қандай ғимарат

- Бұл асқақ тұлғалы біздің мақтанышымыз Бәйтерек,

- Ой, әжее менің қалам қандай әдемі.

- Әрине сенің қуанышты жүзіңді көргеніме менде куанып тұрмын, біздің еліміз ұлан ғайыр жерді алып жатыр .қаншама байлық жатыр

Бірақ осындай бейбіт заманға ,осындай әсем қалаға онайлықпен жеткеніміз жоқ .сенің ата бабаларың осы жерді сақтап қалуы үшін қасық қаны қалғанша куресті

- ОЛ қалай сонда әжетай

Кел мына жерге отырайық, Балам уақыт үнемі өзгеріп отырады, тек қана табиғат Ана ғана өз қалпынан танбас өзен суымен, тау тасымен , жер топырағымен өзгермейді, қазіргі әсем қалалар мына жерде болған жоқ бұндай тыныштыққа байлыққа жеткеніміз біздің ата бабаларымыздың арқасы , қазақ халқының басынан неше түрлі қайғы қасірет өтті,көптеген неше бір зұлмат жылдар болды ,соғыс болды, тыңда балам........

Слайд жүріп тұрады.

Жургізуші:

18ғасырда Жоңғар қалмақтары шабуыл жасап,халқымызды қан жылатты.

Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді.

Қаннен қаперсіз жатқан елімізге тутқиылдан шабуыл жасады,18ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып,»Ақтабан шұбырынды»болды.

Жұрт Алакөлге аялдап,қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

- Көрініс: Ақтабан шұбырынды ,Алқакөл сұлама кезеңі. Слайдпен көрсетіліп тұрады. «Елім ай» әні жүріп турады, Сахнада аш жалаңаш келе жатқан адамдардың бейнесі. Бір бірін суйреп бір бір біріне суйеу болып келе жатқан адамдардың бейнесі ішінен бір әже шығып қолын соза: Қасиетті мол елім ай

Қадірі кеткенжерім ай

Аш жалаңаш қайда беттеп барамыз

Қайдан кімнен пана табамыз

Мына заман қай заман

Ел жұртынан айрылған жаман екен - жылайды

Кішкене бала қулайды ,анасы көтергісі келеді әл күші жетпейді

Бала: Наннн наннн бершііі.Анасы жылайды,

.Жургізуші:Слайдпен

Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.

20ғасыр 1916жылы Ұлт азаттық көтеріліс болды.

Майданның қара жұмысына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшырады,қаншасы өз жерінде қырғын көрді.Жаяу жалпы,үй-күйсіз кетті.

1923-1933 жылдарда болған адам айтқысыз ашаршылықта 9млн халықтың 3млн опат болды.Тағы аштық,тағы жалаңаштық, тағы өлім..

Атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны-1млн578мың

Қазақ қырғынға,босқындыққа ұшырады.

Слайд АЛАШ қайраткерлері

Қазақ халқының тарихында АЛАШ қайраткерлерінің алар орыны ерекше.Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін, отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін

ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді.

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес алысқа,

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім,-сен де қатарыңнан қалыспа!-деп халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.

Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрлерімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді.

1937-1939 жылдар Қазақстандағы барлық партия ұйымдарының 17 пайызы «ХАЛЫҚ ЖАУЫ» деп жарияланды. Сталиндік қудалауда Бейімбет Майлин, Ілияс Жансігіров сынды көптеген қайраткерлердің өмірін қиды.

Ұлттық-либералдық зиялылар қауымы,олардың ішінде Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаевтар жазықсыз атылды

- Ой Әжеее қиын заман болган екен гой аяп кеттім гой

- Я балам қиын кезең жалғаса берді сондада қазақ халқы мойымады

Енді арі қарай тыңда балам

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жургізуші: 1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғады, бул жылдарда Қазақ елінің бейбітшілік күніне жетуге қосқан улесі көп болды

Слайд согыс жылдары

Жүргізуші: Әр елден өзге улт өкілдерінің Қазақстан жеріне қоныс тепкен кезеңі. Өз әке шешесінен ,туган балаларынан айырылған бас сауғалап келген отбасыларын қазақ елі құшағын жая бауырмалдықпен өз кеудесіне басып паналатты. Заман қиын болғанымен адамдардың ниеті таза еді.Қазақ халқының өз жерінде көптеген ұлт өкілдерін ашық жарқын төзімділікпен бір үзім нанды бөлісе жеп қарсы алады.

Көрініс:Соғыс жылдарындағы ауыл бейнесі , Әр елден өзге улт өкілдерінің Қазақстан жеріне қоныс тепкен кезеңі. Әр улт өкілі өз балаларымен кіреді

Би: Ұлттық би

Немере : - иә,иә әжетай соғыс туралы білемін, сабақта Айман апайым айтып берген, жәнеде теледидардан көргенімде есімде

Әже: - Ойй балам ай қазақ елім не көрмеді мұнымен еліміздің басынан өткен қиыншылығы бітпеді, балаларымыздың бақытын тілеп,еліміздің тыныштығын қалап, өркендеуіне коркеюіне жетуі үшін елміззді басқаратын елдің біртұтастығын сақтап қалатын алғыр да, дана елбасы керек болды

Слайд. Желтоксан окигасы

Мын тогыз жуз сексен алтыншы жылы желтоқсан оқиғасы болды, елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті, ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып дуниежүзіне танылуда

Жургізуші:

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық

Өзімізді құрсаудан да босаттық

Ақтадық біз ата баба үмітін

Қолда қазір көк тіменен бостандық

Желтоқсанның қанды суық ызғары

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Елі үшін табандары тозбады

Журекте намыс оты лапылдаған

Куш жігері жастардың сарқылмаған

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған

Болмасамда сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін

Ызғарына аяздың төзгендерін

Бұл куннің оңайлықпен келмегенін

Көрініс:

Сахнада Қайрат пен жеңгесі отырады, уйге милиционер жігіт кіреді,

Милиция: Біз органнан келдік Қайрат Рысқулбеков деген азаматты тұтқындауға келдік, прокурордың санкциясын бар Міне.

Жеңгесі; Қайрат бері кел

Милиция: Тез жинал бізбен бірге кетесін

Женгесі: Ойбай ау бұларың не жудырықтай баланың не жазығы бар,әке шешесіне не бетімізді айтамыз

Милиция: Женеше сабыр етініз, бұл жігіт бір тоболеске қатысыпты, анық қанығын тексерген соң жібереміз ( Қайратты милиция алып кетеді)

Жургізуші:

Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Турме іші колында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып турме жыры өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап :

-УУф абден шаршадым гой жуйке тамырым жұқарды ғой .Қайран бостандық

Жалалы боп қатты батты жаныма

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер ай атып айтпай не керек

Жазган екен маңдайыма сорыма

Біріншіден мен сагындым анамды

Екіншіден бұл қудайға не қылдым

Енді міне абақтыға жабылдым

Әкетай ау Пайгамбардай жасым бар

Туа бермес біз секілді асылдар

Қартайғанда журегіңді жаралап

Кесір болды ау біз секілді масылдар

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос

Тергеуші: Айыпкер Рыскулбеков сен Мир мен Сатпаев көшелерінде жасақшыларды кордің бе

Қайрат:Егерде ол көшеге бармасам оларды қайдан көрем

Тергеуші: Савицкииді сен олтірдің бе

Қайрат: Жоқ өлтірген жоқпын

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті гой

Қайрат: Олай болса мені сол адммен беттестір бұл жала

Тергеуші: Ах ты декабрист несчастный я тебе покажу өтірікті, жала дейді еще ей Рыскулбеков сен савицкииді өлтірдім деп мойныңа ала сал сонда сенің жалаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиийді өлтіргеніңді мойындасаң

Әкеңе тиіспиміз. Әйтпесе әкенді де........

Қайрат: Жолдас тергеуші бұл жала гой өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам тугіл тышқанды да өлтірген емеспін,

Тергеуші: Заключенный Рысқулбеков сен ақымақ болма Савицкииді өлтірдім деп мойында. Бұл 1,сен әкеңнен 4мын сом алып мына менің алақаныма сал бул2,Түсідің бе мақулық

Қайрат: Жолдас тергеуші Айында азер кунін көріп отырған ата анамды қинағым келмейді және не ушін ақша төлеуім керек.Не ушін ешқандай қылмысым жоқ.

Тергеуші: Әкетіңдер қүртыңдар атыңдар

Қайрат: Тоқтаңдар айтатн сөзім бар

Кунадан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десен алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Атам десең атыңдар (Қайратты кісендеп алып кетеді)

Слайд

Жургізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды.Қыз жігіттерді аяусыз таякка жықты турмеге қамады. Ербол Лязат, Сабира сынды жаңа гана буршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін узді.

Хор : Қазақстан жалауы

Жургізуші:«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында,жер орнында.Жерге жетер байлық жоқ.Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады.

Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда.Біздің Отанымыз-егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде,асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүрущі әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік ел бақыты, ертеңі,

О, халайық құтты болсын қуаныш!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Немере: Ой, әжетай осындай елде тұратыныма ризамын ,елімді мақтан етемін,

Балалар өлендерін оқиды

Мейірім нұрлана бер, азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Таңымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Құттысың тәуелсіздік- киелі күн.

Құт күшім- егемендік иелігім

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым- еркіндік боп үйілер күн.

Би: Қазақстан туы

2-жүргізуші:

Өткен жылдар жемісі: Слайд

1991 жылы желтоқсанның 1-інде республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1992 жылы қазан айында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

4 маусым Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы,

Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.

1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

1995 жылы 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

1996 жылы Алматының Орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

1997 жылы Тіл туралы Заңы қабылданды.

1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болды.

2000 жыл-Ғасыр мен Ғасыр, Мыңжылдық пен Мыңжылдық тоғысқан 2000 жыл-Мәдениетті қолдау жылы

Слайд «Қазақстан 21 ғасырда»

Біздер, бүгінгі бүлдіршін болсақ,ертеңгі 21 ғасыр азаматтарымыз

Біздер- Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз.

Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз.

21 ғасырда Қазақстанда бейбітшілік тыныштық болып,егеменді елдігіміз ұзағынан болсын.

Біздің еліміз жылдан жылға,күннен күнге өркендеп өсіп,кеңейіп, гүлденіп келеді.

Өзіңдікі-елің де,

Өзіңдікі-жерің де

Өзіңді сезін бақытты,

Тәуелсіздік төрінде.

Би : Спорттық би

Жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашаққа қасиетті кезіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Ән: Біз жеткіншек баламыз

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» бағдарламасын ұсынды.

Оның бастапқы идеясы-кез-келген тілді үйрену осы тілде сөйлейтін ұлттың мәдениетін үйренумен қоса жүргізілуі керек.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білуге,орыс тілі-ғылыми-техникалық ақпарат алу көзі, шет тілдері және басқа да тілдер адамның әлемдік қоғамдастықтан өзін-өзі теңестіруіне мүмкіндік туғызады.

Ән; Илигай- Толганай Айназ

ЭКСПО 2017-Қазақстанның елордасы Астана қаласында халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын халықаралық көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Астанадағы ЕХРО-2017 ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу-Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы мемлекет басшысы бастама көтерген болатын.

Ән: Елім менің - Санжар Әлибек

Ұзақ жылдар бойы жолында қан да,жас та,тер де төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат, себебі: тәуелсіздік ата-баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.

Тәуелсіздік-ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз-қаз тұрғызып «ҚАЗАҚ» деген атауға қан мен жан кіргізді.

«ОТАН» деп жүрегімізді қақтырды, «ЕЛІМ» деп елеңдетіп, «ЖЕРІМ»

деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.

Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.

Қазақстан-бүгін міне жеке отау салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай күн нұрына таласқан!

Қазақстан-бүгін міне достықтың туын тіккен жер!

Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен.Бақыт тапты шаттық көрді,қош айтысты сан ғасырлық шерімен!

Ән: « Атамекен» орындайтын бір топ тәрбиешілер

Ортага 25 жыл деген жазуы бар улкен торт әкелініп отшашу шашырайды

Балабақша басшысы қуттықтау сөздерін айтады

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

1. Хор

« Елім менің»

Арайлап таңым асқақтап тауым

Ән ойнап көгім күй тартты көлім

Қол жетті міне аңсаған күнге

Жасай бер жаса Қазағым менің

Елім менің аңсаған

Тас бұғаудан босаған

Құтты болсың отауың

Берік болсын оу босағаң

Жүргізуші: Құрметті студенттер! Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына 25- жыл толып тұрған мерейлі тойына арналған«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» тақырыбында сіздермен викториналық ойын ұымдастырсақ.

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы тарихи оқиғаларды еске түсіріп, сіздерге викториналық сұрақтар қойсақ деп едік.

2. Викториналық сұрақтар

1. ҚР ұлттық волютасы

2. ҚР тәуелсіздік күні

3. Ұлттық рәміздерді атаңыз

4. Ең алғаш тәуелсіздігімізді қай ел мойындады?

5. Ұлттық рәміздер қашан қабылданды?

6. Алғашқы ата- заңымыз қашан қабылданды?

7. ҚР әнұранның авторы

8. ҚР елтаңбаның авторы

9. ҚР тудың авторы

10. ҚР алғашқы қорғаныс министрі

11. Елордамыз Алматы қаласынан Астана қаласына қашан көшірді?

12. ҚР БҰҰ-на қашан мүше болды?

13. ҚР қай елдермен шекаралас?

14. Заң шығарушы орган

15. Сидней олимпиадасында бокстан олимпиада чемпионы болған қазақ батыры

16. ҚР алғашқы президент күні

17. ҚР президенті дүниеге келген жер

18. Тіл туралы заң қашан қабылданды ?

19. Желтоқсан құрбандары

20. ҚР халық саны бойынша миллионер қаланы атаныз

21. ҚР жераумағының көлемі

22. ҚР мемлекетті басқару түрі

23. Қазақ халқының бірлік күні

24. ҚР мемлекеттік және ресми тіл

25. Қазақстан сөзінің мағынасы

3. Мәнерлеп оқу

Тәуелсіздік

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Қазақстан тәуелсіз ел

Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,

Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.

Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып

Жанарларың мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.

Тәуелсіздік

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда кәзір көк ту менен бостандық.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
17 ответов