Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Семья, Дом, Дети
редактировать от Surak_zhauap

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Тәуелсіздік тарих ізімен

Мың құладық, сонша мәрте тік тұрдық,
Тағдыр бізді тасқа соқты сан ғасыр.
Өлместей боп туа бердік,құлпырдық,
Жанымызға таңба болып тамған сыр.


Әуелден бар өр халықта өжеттік,
Мен мұндалап шырылдап тұр ақиқат.
Тарих бетін көп өшірдік,түзеттік,
Қанды күнмен тола берді мұрағат.

Сақ,ғұндардан бастау алған ерліктің,
Сіңген еді бойымызға тамшысы.
Куәсі боп егеменді елдіктің,
Төсін қақты Тәуелсіздік жаршысы.  

Оң қабағын танытпаған тағдырдың,
Аңсап едік шуақ нұрын ежелден.
Біздер күткен тәттілігі бал күннің
Басталады бүгіннен.   

Азат елдің атты енді ақ таңы,
Көкке жетті бабалардың үміті.
Қуаныштан жылап жатты аспаны,
25-ке толып жатты жігіті.   

Түңілуге енді әсте болмайды,
Тарам-тарам жолдан өттік егесіп.
Біздің кезек келіп жетті оңтайлы
Болашаққа ашу үшін тағы есік.   

Тыныштығын алып әркез қарқыл үн,
Ел де, жер де түсіп келді таласқа.
Түсінгенге қасиетін, қадірін,
Тәуелсіздік-Тәңір сыйы Алашқа.  

Көріп келдік зомбылықты,зорлықты,
Мың құладық,мың сүріндік,мың тұрдық.
Тойласақ та 550 жылдықты,
Біздің тарих негізінде мыңжылдық.
ответил от Gulimzhan
редактировать от Surak_zhauap
Оленнын авторы кым❓
0 голосов
Тәуілсіздік

Тәуілсіздік таңы атты жарқырап,
Жайнай түсті, гүл оранды атырап.
Тәуілсізбіз, еріктіміз, азатпыз,
Еркіндіктің иісі жеткен қазақпыз,
Өзендер де еркін ағар сарқырап

91-де азат болдық толық біз,
Соған дейін жансыз гүлдей солыппыз.
Соны біліп жастарымыз шыдамай,
Көтеріліске тәуекел деп шығыппыз.

Бүгінгі күн сол жастардың арқасы,
Азаттықтың тағылды алтын алқасы.
24-ке толды міне жасымыз
Жас елміз біз қатаймаған қаңқасы.

Тәуілсіздік

 Тәуілсіздік дегенде ойыма ерккін жүріс, күлкі, бостандық, мұрныма азаттықтың жұпар иісі, аузыма «алақай!»-деген сөз түседі. Кімде-кім болса да мал- мүлікпен, алтынмен, гауһар-күміспен тәуелсіздікті бағаламас еді. Тәуілсіздік деген сөз жанды жадырататындай, тасты ерітетіндей күшке ие. Тәуілсіздікті алу да сондай қиын болғаны даусыз.

1986 жылы Алматы жастары тәуелсіздігіміз үшін көтеріліске шығып, жанын қиды. Жастарымыз тәуілсіздік үшін қаннан су ішіп қиналды, қыршынан кетті, жарқыраған шоқ қыздарымыз гүлдей солды. Қайрат, Ляззат сияқты аға-әпкелеріміз аянбайды, талмады, кері шегінбеді.

Ақыры,1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіздігін алды. Қазақ жұртының орыстардан көрген қорлығы артта қалды.Барлығы «уһ» дегендей шаттана жөнелді. Бірақ, желтоқсан ызғырығы белді қысқан белдіктей ашытып тұрып ізін қалдырып, жас жүрекке дақ қалдырды.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
25 жылдыққа арнау.

Тәуелсіздік тұғырына қонғалы,

Қазақстан игі істерін қолға алды.

Жаһанданып байтақ жерім байрақты,

Елбасымен еселенсін ел бағы.

Бәсекеге қабілеті нықталған,

Болашаққа бағыт бұрған оң қадам.

Келісімдер көкжиегі қол бұлғап,

Татулықпен ғұмырлары нұрланған .

Тәуелсіз ел , қанатыңды биік қақ,

Ұлы халқың әрқашанда аққа жақ.

Керегесін кең ұстаған кемеңгер,

Қазағыма мәңгі болсын осы бақ!

Құтты болсын, құт қонған ел,Мейрамың

Биік ұста Отан-Ана , ер арын.

Тәуелсіздік тәу ететін құндылық,

Азаттықтың әр күнінің сырын ұқ!

25-жас, ол бүгінігі соқталдайын азамат,

Ел тізгінін берік ұстап,белін буған ғаламат.

Жасай берсін егеменді еліміздің еңсесі,

Күліп атқан күндерімнің әр сәтіне қанағат!

Ардақ Мухаметалина

Красноармейка мектебі

Павлодар облысы
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тараз қаласы

№47 орта мектеп

8«Г» сынып оқушысы

Наурызқұлова Дильназ

Жетекшісі: Ибраемова Б.С.

Тәуелсіз елдің ертеңі

Калам алып, тебіреніп жырладым,

Туған жерде кесілген соң кіндігім.

Әнұранды шырқап, күнде тыңдадым.

Мақтан тұтып ынтымақ пен бірлігін.

Тәуелсіздік бар әлемге бір ұғым,

Желбіретіп байрағының тұғырын.

Тәуелсіздікке 25 жыл толмақшы,

Сан мың ғасыр бола берсін ғұмырың.

Елбасымыз ашып елдің арнасын,

Бастау алған елдігімнің жалғасын.

Көк туымда қанат жайған қырандай,

Қазақстан тек биікке самғасын!

Аллам сені жаратқандай кеңінен,

Айналамын текті ұрпақ тегінен.

Азатты күн келді қиын азаппен,

Ызғарланған желтоқсанның лебімен.

Мына шексіз он сегіз мың ғаламның,

Жүрегімнен қазақ үшін жаралдым.

Өшпес мұра із қалдырған ұрпаққа,

Аманатын өтеу парыз бабамның.

Өтті талай қаңтар менен тамызың,

Рухы күшті бабам салған жан ізің.

Асыл мұра дастандарың аңызың,

Болашаққа мәңгі желеу рәмізім!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

№9 Некрасов атындағы мектеп-гимназияның

қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі

Серикбаева Роза Семенханқызы

Тәуелсіздігім толғанда жиырма беске!

Тәуелсіздігім толғанда жиырма беске

Тебірендім , ойландым, «суық» кеште.

«Суық» болған сонау бір жылдар өтті,

Тарихымда жазылды,қалды есте.

Өзге елге 70 жыл тәуелді боп,

Қысы тіпті жазы да «суық» болған.

Салт-дәстүрім,бұрылып басқа арнаға

Бабам тілі,ана тілім ұмыт болған.

«Суық» болған желтоқсанның ызғары да

Тіл байланып, жүрек шіркін сыздады да.

Еркіндікті аңсаған аға –әпкемнің,

Сол кездегі қамалды бұзғаны да.

Бұзылған сол қамалдан нұрын шашып,

Ұзамай «Тәуелсіздік» өзің келдің.

Қазағыма құшағыңды айқара ашып,

Қазақ тілім, ана тілім күшіңе ендің

Әнұраным, елтаңбам,ата заңым,

Тыныштықпен атуда әр бір таңым.

Елбасым бар ойлаған болашағын,

Елін, жерін ,өскелең ұрпақ қамын.

«Еңселі ел» атанып ерте ме, кеш пе,

Шаттанып , мен қуандым сол бір кеште.

Бүкіл әлем таныды «Қазақ елін»,

Тәуелсіздігім толғанда жиырма беске!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
17 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ