Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қарабұлақ туралы шығарма керек
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Қарабұлақ- тұнып тұрған шежіре

 «Қарабұлақ- жердің аты,

Қазақтың ойын- күлкі салтанаты.

Өсірген балаларын тәрбиелеп,

60 үй Итқұл, Керейіт елдің аты,

деп жырлаған екен Айтқожа атамыз майданнан жазған хатында кіндік қаны тамған, асыр салып ойнаған туған жері жайлы.

         Ия, әркімге туған жері, балалық балдәурені өткен мекені ыстық қой! Сондықтан да халық даналығы: «Әркімнің өз жері- Мысыр шаһары»,- дейді. Байтақ даламыз, асқақ тауларымыз, көгілдір орманымыз, мөлдір көлдеріміз, тастан- тасқа шапшыған ерке бұлақтарымыз- бәрі- бәрі- біздің басты байлығымыз, көздің қарашығындай қастерлер алтын қазынамыз.

Ауылымыз байтақ Қазақстанның көрікті өлкелерінің бірі. Алтын бесік туған жерім қалың ағаштың ішінде орналасқан. Күнбатыс жағында аласа тау асып жатыр. Тау басына тас көпір арқылы шығады. Тас көпір десе дегендей, үлкен жалпақ тас таудың етегі мен басын жалғастырып жатыр.

         Тау басына шыққан сайын көңіліміз көтеріліп, жұпар ауасын жұтып, жан сарайың тазарып қалады.

Бесқарағайдың атауы өзінің затына сай. Алып қарағайды құшақтауға құлашың да жетпейді.

         «Осы қарағай жайлы ел ішінде мынандай дерек бар:

         Кенжебай атанған қазақ батыры қалмақ- қазақ соғысына  басынан аяғына дейін қатысқан даңқты адам. Оның алыптығы сондай, бір кебісінің ішінде кішкене екі бала ойнап отырады екен. Қалмақтан ығысқан Қасқатау жұрты Айыртау, Жаңғызтау жағына ауады. Айыртауды қыстап, жайлап қалады. Жылдар өте Кенжебай батыр Қасқатау түктіге келеді. Келсе, Қарауыл жұрты жерленіп отырып қалыпты. Жөн сұраса, олар: «Ата жұртым»,- деседі. Сол тұста Арғын биі Бекболат екен. «Жер менікі дейсің, қандай белгің бар?- дейді, Қарауыл: «Менің аталарым»,- деп көне қорымды көрсетеді. «Ал, батыр, сенің қандай белгің бар?»- деп Кенжебайдан сұрағанда, ұстахан құрып, қару- жарақ соғатын Бес қарағайға алып келеді. Бір жерді өаздырады. Ол жерге қарағай өртеп, көмір жасаған шұңқыр екен. Қазса, астынан көмір шығады. Бесқарағайдың біріне батырдың Ақзергер атанып кеткен інісі жез шегелер қағып кеткен екен. Соны көрсетеді.

         Сол заманнан бері Кіші жүз Керейіттері Қасқатау маңын мекендеп келеді».
ответил от Kuaniysh
0 голосов

         Қарабұлақ ауылының мақтанышы, ардақ тұтар ағамыз Мәтен Бижановтың «Қасқатау» атты дастанын Бесқарағайдың неліктен қастерлі, киелі екендігі жайлы мынандай жыр жолдарын оқимыз:

  • Жатаған, жалтырбастау етегі екен,

Айнала шоқ, қалың тау, бетеге екен.

Жота- жота, белдеулі қара орман,

Малға өріс, апырмай, жете ме екен?

Деген оймен әулие күдіктеніп,

Бір жағынан құт  көріп үміттеніп.

Әрі- сәрі күй кешкен бір кеш бойы

Таң атқан соң көрер деп жігіттерім

Түн баласы әулие көз ілмеді.

Жаны толқып жүрек тұр езілгелі.

Бесқарағай түбіне көмір көміп,

Шеге қақты, еш жанға сездірмеді.

Бұл сыр мәлім тек қана үшеумізге

Бір құпия ашайын деді сізге,

Мүсірәлі пір бабам аян берді,

Нақ осылай етуге, беу- дүние!

Осы Бесқарағай түбінде Амандық бабамыз көз жұмған екен. Ел қамын, ұрпақ қамын ойлаған бабалар есімін ардақтау- әрбір ұрпақтың қасиетті парызы.

«Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас»,- деп Мағжан ақын жырлағандай, дана халқымыз елі үшін, ұрпағы үшін өз өмірлерін қиған ерлерін есінен шығармайды.

Осының дәлеліндей, жақында батыр Кенжебай- Кенбай бабаларымыздың басына кесене орнатылды.

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов