Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Тақырыбы: Қош келдің, төрлет Наурызым!

А.Е.Калдарбекова, № 13 « Ертөстік » бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

Шымкент қаласы

Мақсаты: Балаларды Наурыз тойының ерекшеліктерімен таныстыру. Ұлыс мерекесінің дәстүрімен,ырымдарымен, өзіндік салтымен таныстыру.

Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Халқымыздың салт-дәстүрімен таныстыру. Ұлттық мерекелерді құрметтеуге, әдет-ғұрыпты сақтауға,қастерлеуге тәрбиелеу.Қиялын, қызығушылық сезімдерін,тіл байлығын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,ойын,жаттау,ән айту,би билеу.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Киіз үй жабдықтары. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының дастарханы.Ұлттық киімдер үлгілері. Қолөнер бұйымдары. Наурыз мейрамына арналған сюжетті суреттер.

Дамытушылық:Өлең шумақтар арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік мәні Қазақ халқының салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрпын сақтауға,қастерлей білуге тәрбиелеу.

Мерекеге орай әсем безендірілген топқа Наурыз әуенімен ұлттық киім киген балалар кіреді.

Жүргізуші: Бүгін күн-түн теңелді

Жер шуаққа кеңелді.

Наурыз тойы салтымыз,

Кемелденсін салтымыз.

Құрметті қонақтар,ата-аналар, ұстаздар,балабақша бүлдіршіндері!Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Жұлдыз тобының балалары дайындаған мерекеге қощ келдіңіздер!

Наурыз мерекесіне арналған өлең-шумақтар:

Айзере: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.

Димаш: Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Асылзат: Жайнатамын гүл-гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Мерейлі жұрт тойласын,

Мейрам етіп бұл күнді.

Диас: Наурыз оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын.

Жүргізуші: Балалар, қазақ халқы Наурызды игіліктің, жақсылық пен жаңарудың бастауы деп есептейді.Бұл күні ренжісіп жүрген адамдар бір-бірімен достасып,төс қағысып амандасады.Бір-біріне қонаққа барады.

Ән:

Жүргізуші: Балалар, қандай ұлттық салт- дәстүрлерді білесіңдер? «Тілашар», «Бесікке салу», «Атқа мінгізу», «Ат қою», «Тұсау кесу», «Құлақ тесу», «Сүндет той» т.б.

Жүргізуші:Балалар, бүгін біздің мерекемізге Ақ әже қонаққа келіпті.Ақ әже бүгін Наурыз мерекесінде кеше ғана дүние есігін ашқан немересінің «Қырқынан шығару» салтын, дәстүрін сендерге көрсетуге арнайы алып келіпті.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Салт-дәстүр: «Сәбиді қырқыннан шығару»

Жүргізуші: Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

Балалар: Көкпар, ат жарыс,арқан тартыс, теңге алу,қыз қуу,асық ату,аударыспақ, алты бақан,қол күрес.

Жүргізуші:Ей, балалар,балалар,

Енді маған қараңдар.

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық.

Ұлттық ойын: «Қол күрес»

Мерекелік өлең-шумақтар:

Аманжол: Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ащып

Шашу шашып

Ел боп қарсы алайық.

Нұрай: Бақта бұлбұл сайраган

Сәнді көктем нұрымен.

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнаған.

Бексұлтан: Көктем келді, құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді,су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Қарақат: Наурыз келді балалар,

Көктем қырды жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда ағалар.

Азамат: Ата-бабам тойлаған,

Наурызым армысың.

Қызығына тоймаған,

Дархан дала,қарлы шың.

Ғайни: Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

С.Нұрислам: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын

Жүргізуші: Уа,халайық, Ұлыстың Ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды деседі.Қыдыр ата адамдарға бақ қондырып,дәулет береді екен. Балалар, бізге де Қыдыр ата жақындап қалған сияқты.

Топқа баяу әуенмен Қыдыр ата келеді.

Қыдыр ата: Ұлыс күні құтты болсын ағайын.

Қыдыр ата бата береді.

Жүргізуші:Армысыз Қыдыр ата! Төрден орын алыңыз.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:Ән қосылып әніңе,

Сән қосылып сәніңе.

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылып бойыңа.

Аман-есен жетейік,

Келесі Наурыз тойына! –дей келе мерекеміз осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар. Ата-аналардың дайындаған дастарханынан дәм татуға шақырамыз.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
6 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов