Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

«Иманды болу – барша мұсылманның басты міндеті» деген тақырыпта көне көз қариямен және аудан мешітінің имамымен кездесу кешінің даярламасы.

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы Жылыой ауданы

№1 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасы

«Иманды болу – барша мұсылманның басты міндеті» деген тақырыпта көне көз қариямен және аудан мешітінің имамымен кездесу кешінің даярламасы.

Ата-бабаларымыз «Иман тұрған жерде ұят тұрады»деген мақалды бекерден –бекер қолданбаған ғой. Адамзаттың ең бір асыл қасиеттерінің бірі Ар, Ұят, Ұялу, парасатты тәрбиені көрген адамның ісі. Осы мақсатта міне бүгін өздеріңізбен бірге, «Иманды болу-барша мұсылманның басты міндеті»деген тақырыпта, көне көз қариямызбен және аудан мешітінің имамымен және сіздермен кешімізге жиналып отырмыз. Осы кешімізді өткізудегі негізгі мақсат: Иманды да ибалы ұрпақты тәрбиелеумен қатар, ислам дінімізді көркейтуге атсалысу және оны түсіну еді. Енді бүгінгі кездесу кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:Олар,Сағынов Садуақас ата мен мешіт имамы Исаев Арман ағай,тәрбие ісі жөнінідегі орынбасар:А.Оспанова

Кездесу кешіміз төрт бөлімнен тұрады.

1.Бөлім: «Рухани тірек» деп аталады.

Бұл бөлімде кітапхана меңгерушісі З.Нұрхасанова Имандылық пен дінге байланысты кіріспе баяндама оқиды.

2.Бөлім: «Аллаға мадақ» Бұл бөлімде оқушылар ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырып кеткен қара өлеңдерін насихаттауда жатқа оқиды.

3.Бөлім: «Иманды болу –ислам дінін берік ұстану» Бұл бөлімде,кештің қонақтарына сөз кезегі беріледі.

4. бөлім: «Сұрағанға да сауап бар» Бұл бөлімде,кездесуге келген қонақтарға –оқушылар көкейінде жүрген,түсінбеген сұрақтарын қояды.

Кештің соңында «Дін мұраты –ынтымақ пен бірлік» деген тақырыпта көрмеге шолу жасалынады.

Жүрг: Алланың бас парызы абзал иман!

Құдайдың құранына беріл илан.

Әуелі өзің,парыз ғой балаға үйрет,

Сүйген ұлы,боласың иман жиған -дей отырып бүгінгі кездесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүрг: Ендеше, «Әрбір ақылы бар адамға иман парыз,әрбір иманы бар адамға ғибадат парыз» деп Абай атамызда оның мәнін аша түскен. Имандылыққа тәрбиелеп,ислам қағидаларын насихаттау жолында артық тер төгуімізге тура келеді. Пайғамбарымыз: «Ұят иманнан болмаса,оның ұяты жоқ. Басқаша айтқанда иманы толық болмағанның ұяты болмайды»-деген. Бұл жастарға ғана емес,кей үлкендерімізге де қатысты нәрсе,дей келіп кезекті баяндамаға берейін.

Жүрг: Қазақ өзі қашанда теңіз ойдың тереңін,тұнған ақыл мөлдірін,айтар сөздің асылын тауып айтатын, «жүректен шыққан сөз,жүрекке жетеді»демекші ет жүректі селт еткізбей қоймайтын халық. Ата-бабаларымыз бір шумақ өлеңмен,нақыл сөздермен айтар ойын дөп басып айтқан.

«Ең әуелі керек нәрсе иман» -деген,

«Ақырет істеріне илан!» -деген!

«Құдай кешірер!» -дегенмен іс бітпейді,

«Иман шартын білмесе,ибан» -деген,екен Мүшһүр Жүсіп.-дей отырып кезекті оқушыларымыздың қара өлеңдеріне кезек берейін.

Жүрг: Еліміз тәуелсіздігін алып, әлемге таныла бастағалы дінімен халқымыз қайта қауышты. Өшкеніміз жанды, дінге деген көзқарас жақсылыққа қарай өзгерді. Ендігі міндет осы Алланың ақ жолымен адаспай дінімізді дамытып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру. Осы орайда М.Мақатаевтың мына бір шумақтары еске түседі.

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт – шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып, қол қусырып,

Сәждеге бас қоятын қандай күнім? – дей отырып кеш қонақтарына сөз кезегін берейін.

Жүрг: Мен мұсылманмын деген адам алдымен Ислам дініне бет бұруы керек, ал Исламға жеткізетін ақыл мен иман және білім.

Бүкіл әлемнің Раббысы болған Алланы,

Жақсы болар көп есіне алғаның .

Бұл дүниенің маңызды емес қалғаны,

Тағы айтам, көп есіңе ал АЛЛАНЫ!

Енді құрметті көрермендер бүгінгі кешімізге байланысты жасақталған кітап көрермен таныс болыңыздар.

Жүрг: Хасыл дүние,Ақырет,әуелі иман,

Ораза,намаз оқыр нәпсі тыйған.

Астан ұшыр,малынан зекет беріп,

Табады құдайды іздеп жанын қиған.Осындай бір керемет уағыздарды жыр шумақтарымен біздерді ғибрат алсын деп артына өшпес үлгі мен із қалдырған ата-бабаларымызға Аллаһ Тағала разы болып, рухтарын асқақтатып, жандарын жәннатта етсе екен деп тілейміз.

Ендеше,Ауызға алдым әуелі Тәңір атын,

Халқыма берсін Алла қанағатын.

Өмірге мұсылман боп келгеннен соң

Жастарым түсінсе екен ата-салтын –дей отырып бүгінгі қариямызбен және имамызбен кездесу кешін аяқтаймыз. Кешке алтын уақыттарын бөліп келген қонақтарымызға көп рахмет айта отырып,кітапхана атынан сыйлықтарымызды ұсынамыз.Кешке көрермен болып келіп отырған оқырмандарымызға көп-көп рахмет.


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
6 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ