Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Астана қаласы

Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Баян Рахметуллина Кажыбаева

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға автор туралы мағлұмат беру. Әліппе жайлы түсініктерін кеңейте отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

2. Сөздік қорын, есте сақтау қабілетін, сабаққа қызығушылықтарын ойын ойнау, мақал- мәтел айту арқылы байыту, арттыру.

3. Оқулықты ұқыпты ұстауға, сауатты оқу, жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі:слайд, кеспе әріптер, шырша ойыншықтары, фигуралар

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Қонақ күту- салтымыз,

Оқып- біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а)Өлеңді мәнерлеп оқу;

ә)Сұрақтарға жауап алынады;

- Ала ат қандай жұмыстар атқарады екен?

-Егін салады, шөп шабады.

-Жылқы малының тағы қандай пайдасы бар?

Қосымша мәлімет беріледі.

- Етінен қазы, қарта, жал- жая, шұжық жасайды. Қымыз алады. Қымыздың емдік, шипалық қасиеті бар. Адам мінсе, көлігі. Ертеде ата- бабаларымыз көлік ретінде түйе, жылқыны пайдаланған.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)

-Осы желтоқсан айы мерекелерге толы, соның бірі көбінің асыға күтетін қанддай мерекесі ба? (жаңа жыл)

- Ендеше, біз де жаңа жылға әзірленейік. Ол үшін шыршаны ойыншықтармен безендіреміз.

- Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыппен танысатынымызды білу үшін сөзжұмбақ шешеміз.

1. Ата-ананың анасы сендерге кім болады? (әже)

2. Ешкінің төлін қалай атайды? (лақ)

3. Киімді неге ілеміз? (ілгіш)

4. Оқушы сыныпта неге отырады? (парта)

5. Қалам, қарындаш салатын құрал қалай аталады? (пенал)

6. Лақтың енесін қалай атайды? (ешкі)

Ә

Л

І

П

П

Е

-Ендеше, Ө.Тұрманжановтың «Қош бол, құтты Әліппем!» өлеңімен танысамыз.

Слайд. Ө.Тұрманжановтың өмірбаяны, суреті.

IV. Оқулықпен жұмыс.

1. Мұғалімнің оқуы;

2. Мазмұнын ашу;

- Әліппе біздің алғашқы кітабымыз. Бізге әріптерді танытып, сөйлетті, әрі одан көп нәрсені үйрендік. Тақпақ, жырларды тыңдадық. Әліппені оқи отырып білім атты кең дүниеге есік ашылды.

3. Хормен оқу;

4. Шумақпен оқытуы;

5. Мақалдың мағынасын ашу;

Слайд. Әліппенің ар жағы- білім бағы.

-Әліппе біздің сауатымызды ашты. Сондықтан әліппені бау- бақшаға теңеп тұр. Жемістері піспейінше жей алмайсын, сол сияқты әріптерді оқып, танымасаң білімді бола алмайсың.

V. Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім,.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

VІ. Дәптермен жұмыс.

1. Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Көркем етіп жазайық.

2. Желтоқсанның жиырма үші, сынып жұмысы.

3. Көркем жаз. Әә

4. Мақалды көшіру. (Слайдтан көшіреді)

VІІ. Ойын «Сөз жасау». Төмендегі әріптердің арасына а әрпін қойсақ, қандай сөз шығады?

Шыршаға ойыншықтарды іліп тұрады.

..л...ш

Қ...р...қ...т

...сқ... б...қ

...д.. л

С..р...ң

«Әріптерді дұрыс орналастыр» ойыны. Дауысты, дауыссыз дыбыстар қызыл, көк конверттерге бөліп салады. (ә,и,ғ,ө,г,к,в,э)

VІІІ. Бекіту.

- Балалар, ең алғаш әліппені жазған Ахмет Байтұрсынұлы

Ертеде қазақ балаларында қазір сендердегідей мектеп болмаған. Сол қазақ балалары білім алып, сауатты болсын, оқып, жазып үйренсін деп тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин болған. (слайд)

IX. Қорытынды

- Бүгін сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

- Оқыдық, жаздық, ойнадық, шыршаны безендірдік,мақалдар айттық.

- Әліппеге алғысымызды білдіру үшін «Әліппе» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.

X. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

XІ. Бағалау

Жұлдызшаларды санау арқылы сабаққа қаншалықты қатысқанын білу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ