Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

«Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шараның сценарийі

Мақсаты: жастарды Отансүйгіштікке баулу,өз еліне,жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорын молайту,байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып тәуелсіздікке арналған өлеңдерді жатқа айтуға,шағын көріністерді сахналандыруға үйрету.

Құттықтау сөз (25 жасқа толған жастардан) Видеоролик

Пролог:Әсерлі музыка (тематикалық) Сахна сыртындағы мәтін:

Ішкі қорқынышын жеңген адам – азат болады. Азат - демек бақытты.

1. Махамбет :Желп-желп еткен ала ту,

Жиырып алар күн қайда?!

Орама мылтық тарс ұрып,

Жауға аттанар күн қайда?!

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Арғымақтан туған асылды

Баптап мінер күн қайда?!

Алаштағы жақсыдан

Батасын алып, дәм татып,

Түлкідейін түн қатып,

Бөрідейін жол тартып,

Жаурынына мұз қатып,

Жалаулы найза қолға алып,

Жау тоқтатар күн қайда?!

2.Ашаршылдық(елім-ай музыкасы)

Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды,

Халқыма аштық, соғыс жаман болды.

Басталып ел сұлауы Алакөлден,

Ақтабан шұбырынды заман болды

Қыс түсті жердің бетін ақ қар басты,

Түсте көрер болдық біз ішер асты.

Кәрі орнынан тұра алмай,бала жылап,

Бар ауыл талшық таппай, қатты адасты.

(хормен елім-ай әні орындалады)

3. Соғыс :

Қырғын соғыс,қан жылатқан заман-ай,

Халқым сиреп, талай қыршын қиылды-ай.

Жан түршігер ауыртпалық көрсек –те

Бар тілегім , ұрпағым болсын аман –ай

4Желтоқсан көтерілісі

(Желтоқсан желі әні қосулы тұрады)

Ұран

Азаттық, Еркіндік,Тәселсіздік,

Азаттық таңы атсын арайлап,

Гүлденсін,жасасын бар аймақ.

Арасынан біреуі шығып:

Желтоқсан желі,аязы,ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға,

Азап шекті қайсар қазақ жастары.

Тәуелсіздік(Киімдерін шешіп,лақтырады)музыка

Закулисный текст:

Ақ орда тігіп Астана қылған қаласын,

Тарихын танып,ардақтап жатқан бабасын,

Барша әлем білген бөрі жүректі баласын,

Қиналмай өтер алдынан шыққан дара сын,

Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,

Айбарлы менің Алашым!

(25етістік)

Қазақстан – бүгінде жұдырықтай жұмылған, босағасы берік, керегесі кең, терезесі жат елдермен тең, шаңырағы биік азат ел.

1.Тәуелсіздік Қазақстанның ата заңы қабылданды.

2.Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданды.жыл

3.Қазақстан Республикасының әнұраны, туы, елтаңбасы енгізілді.

4.1993 жылы 15 қарашада алғаш рет төл теңгеміз айналымға енді

5.Семей ядролық полигоны жабылды. ҚР ядролық қарудан бас тартты.

6.Жас елдің көк туын нық сеніммен қолға алған елбасы- Н.Ә.Назарбаев

7.2050 стратегиясы қабылданды. Бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ.

8.Қазақстан Республикасының шекарасы белгіленді.

9.Жердің қорғаны, елдің тұтқасы - Қарулы күштер құрылды.

10.Олимпиадашылардың жетістіктері халықтың рухын көтеріп,өз еліне деген мақтанышын асқақтатты.

11.Қазақстанда 2011 жылы Азияда ойындары жоғарғы дәрежеде өтті.

12.Астана бас қала, байтақ еліміздің жүрегі.

13.Ғарышта алғаш рет Қазақтың көк байрағы желбіреді.

14.1995 жылы ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

15 «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы бекітілді.

16.2030 статегиясы- тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақ мемлекетін орнатудағы маңызды жолдардың бірі.

17. «Мәдени мұра» бағдарламасы бұл халықтың мәдени құндылықтарын жаңғырту мен дамыту.

18.ҚР дамыған елдермен терезесі теңеліп, БҰҰ мүшелік етті.

19. Ислам конференциясына төрағалық еттік.

20.ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін дайындау және өткізу мәртебесіне ие болды.

21.Дүниежүзілік студенттік спорт ойындарын өткізу мәртебесіне қол жеткізді.

22.Манифест 21 ғасырдағы әлем. Даму мен жаңару.

23.Нұрлы болашақ жолында - Нұр Отан

24.Жастарға арнайы «Серпін» бағдарламасы құрылды.

25.Қазақстан 2010 жылы бұрынғы КСРО Республикаларының ішінен алғаш рет ОSCЕ- ге төрағалық етті.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Жүргізушілердің шығуы

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-Ведущий:

Добрый день,уважаемые гости.Сегодняшний вечер посвещяется ко дню независмости Республики Казахстана.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік халқымыздың құнды қазынасы. Тәуелсіздік алған күн -тағдырымыз бен болашағымызды айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн. Алтай мен Алатаудың, Сырдария мен Есілдің арасында еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған ардақты күн.Тәуелсіздіктің ширек ғасырға толған торқалы тойы баршамызға қайырлы, құтты болсын!

2-Ведущий:

Каждый год независмость это- целая эпоха в историй нового Казахстана! И сегодня мы демонстрируем миру величие,единства,сплаченность Казахстанского народа!Признание в успешности его пути и стремление к светлому будущему!

1-жүргізуші :

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз (әнұран орындалсын)

Тәуелсіздік күні қарсаңында «25 жылдықта 25 қадам» атты жобаға байланысты еліміздің әр өңірлерінде іс-шаралар өткізілуде. Бұл жобаға Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі де белсене ат салысуда. Ендеше, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын !

(ВИДЕО)

1-жүргізуші:

Құттықтау сөз -------беріледі.

«Отырар сазы» оркестрі

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз.

2-Ведущий:

У Казахстанского народа путь к независимости и свободе был тернистым и долгим. Много веков понадобилось нашим предкам, чтобы заселить, освоить, защитить родную землю от врагов и передать ее в наследство нам, ныне живущим.

Вот уже 25 лет живет Казахстан под флагом Независимости. 16 декабря 1991 года в нашей стране был принят Конституционный Закон «О государственной Независимости Республики Казахстан». Этот день – 16 декабря – был объявлен государственным праздником, Днем Независимости! Это главный праздник нашего государства.

1-жүргізуші :

Кең байтақ көз жетпейтін елім менің

Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқы жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Концерный номер

2-Ведущий:

Наше знамя – независимость.

Наша цель – мир и благоденствие.

«В этом мире у нас есть лишь одна Родина.Это – Казахстан», - это слова Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева. Мы, молодое поколение, - будущее Казахстана.

Нам его строить и беречь, нам укреплять мир и дружбу между народами это важнейшее условие нашего процветания! 777

флешмоб

1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін басына

Жас өркендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Жасыл жайлау

1-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік,ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Көкшетау аласы, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі» МКҚК

Тақырыбы:«Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Дайындаған: Аменова Ғ.Б.

2016ж.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов