Павлодар қ., Музыкалық колледж-дарынды
балаларға
арналған музыкалық
мектеп
- интернатының тәрбиешісі
Қасымова Айшайм Хайрулловна
«Дауыс» атты өнерлі балалар
сайысы
Мақсаты:Адамгершілік
қасиеттерін, қыз балалардың арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген
сүйіспеншілікті нығайтып, араларындағы тәрбиені одан әрі дамыту. Көпшілік
алдында еркін сөйлеуге, ән сала білуге, өзін-өзі басқаруға, ұйымшлдққа баулу.
Көрнекілігі:плакатқа
жазылған нақыл сөздер, үлестірме материалдар, эмблема, мадақтамалар, сыйлықтар.
Жоспар:
1. Ұймдастыру
2. Кіріспе бөлім \мұғалімнің сөзі\
3. Әншілерді таныстыру
4. Марапаттау
5. Қорытынды
1-жүргізуші:
Құрметті
жиналған қауым!
Бүгін біздің
интернатымызда дүбірлі той,
Ден қойып
тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын
күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер,
халайық , сергісін бой!
2-жүргізуші:
Армысыздар,
ардақты көрерменім,
Көрсетеді өнерін
өрендерім.
Біз сайысқа
кетеміз қадам басып,
Алдымен алайық
амандасып.
1-жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті
күні бәріміз де,
Үлкен-кіші жасымыз, бәріміз де.
Төрлетіңдер,
қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап
мына біздің төрімізге.
2-жүргізуші:
Құрметті
оқушылар, тәрбиешілер, қонақтар!
Келе жатқан
мерекеміз Жаңа жылымыз құтты болсын!
Құт, жақсылық,
Береке, бірлік
әкелсін!
1-жүргізуші:
Сіздермен
жарасады әніміз,
Сіздермен
жарасады сәніміз.
2-жүргізуші:
Құтты болсын
мерекеңіз, құттықтаймыз бәріміз!
1-жүргізуші:
Қайда әнші,
қайда әнші,
Зер салайық,
талабына қарайық.
Өнерлі кім,
дарынды кім,
Талантты іздеп
табайық.
2-жүргізуші:
Ойланып енді
қарайық
Қазылар алқасын
Ортадан сайлап
алайық.
1-жүргізуші:
Ұйықтап жатқан
жүректі ән айтар,
Әннің терең
мазмұнды мәні оятар.
Кейі зауық, кейі
мұң дертін қозғап,
Жас балаша
көңілді жақсы уатар, -деп Абай атамыз жырлағандай, осы сайыс барысында өнерпаздарымыз
өздерінің музыка туралы білімдерін ортаға салады. Бұл сайысқа жеті әнші –
вокалист сайыскерлеріміз қатысады.
Олар:
1.
Нұрғалиева Аружан
2.
Жастлек Айгерім
3.
Қабжанова Назерке
4.
Арғынбай Гүлсәні
5.
Тұрсынбекова Сая
6. Алпыспбаева Диана
7. Визнер Лиана
2-жүргізуші:
Енді
сайысымыздың шартымен таныс болыңыздар:
І айналымда - 7
әнші сайыскер
ІІ айналымға -4
сайыскер өтеді
ІІІ айналымға –
2 сайыскер өтеді
2 сайыскер өз өнерлерің ортаға салып,
тек қана біреу ғана алға шығып, «Алтын
дауысқа» ие болады.
1-жүргізуші:
Бұл сайысымыздың
соңғы бөлімі болатын, енді қазылар өз шешімдерін шығарғанша әсем ән тындайық.
2-жүргізуші:
Барына риза
болсын көрермендер,
Көрсетті
өнерлерін жас әншілер,
Осымен «Өнерлі
балалар» сайысы аяқталсын,
Қазылар берсін енді
шың бағасын!
Құттықтау
сөздер, дипломдармен марапаттау.