Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
«Жаратылыстану білгірлері» сайысы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

география пәнінің мұғалімі

Жаймағанбетова Алтынай

Мақсаты: Оқушылар арасында жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығы жоғары

пәннің негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын меңгерген, ой-өрісі кең, тапқыр

да, білгір топты анықтау.Оқушы белсенділігін арттыру.

1-Бастаушы:

Түседі бүгін білім жарысына.

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.

Талапкерлердің талабы таудай екен,

Аямас тиіп кетсең намысыңа-дей отырып ,жарысқа қатысушыларды шақырамыз.

2-Бастаушы.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау.-дей отырып,қазылар алқасымен таныстырамыз.

1-Бастаушы.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді география сырына

2-Бастаушы

Тек сәттілік,қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң қабырғаңмен қайыспа.

Оқу керек,білім керек қашанда

Ол болмаса,сайыс деген сайыспа.

Жарыс шарттарымен таныстыру :

I.Топты таныстыру

II.Білім минуты

III.Сиқырлы конверт
IVБиік шың

V. Көркемдік сайыс

VI. « Кім көп сөз құрайды»

VII.Өнер сайысы

I Топты таныстыру

1-ші топ. «Ғаламшарлар»

2-ші топ. «Жұлдыздар»

3-ші топ. «Галактика»

4-ші топ . «Шоқжұлдыздар»

Әрбір топ ұрандарын айтып, таныстырады. Төсбелгілерін қорғайды 5 ұпай

II.Білім минуты. Әр топқа 10-10-нан сұрақтар беріледі 10 ұпай

«Ғаламшарлар» тобына

1.Жұлдыз дегеніміз не ?

2. Ең ежелгі бір тұтас материк --

3. Күн мен Жердің арасы қанша шақырым ?

4.Ең үлкен ғаламшар

5.Өзенннің басталар жері не деп аталады?

6.Тәулік ішіндегі ауаның жай күйі

7.Жер шарының кішірейтілген үлгісі

8.Неше материк бар ?

9.Материк ішіндегі тұйық сулар

10. Атмосфераның ең төменгі қабаты

«Жұлдыздар тобына»

1.Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз

2.Ауа райының ұзақ уақытқа қалыптасқан типі

3.Ертедегі бір тұтас мұхит

4. Күнге ең жақын ғаламшар

5.Ең үлкен көл

6.Өзеннің теңізге құяр жері

7.Ең үлкен мұхит

8. Жердің ішкі құрылысы қандай қабаттардан тұрады?

9. Ай неше күнде толысады?

10. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлар жолы

«Галактика» тобына

1. Жердің серігі не ?

2. Ғарышта 3 рет болған Қазақстандық ғарышкер

3. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт

4. Тынық мұхитының терең шұңғымасы қалай аталады ?

5. Су неше градуста қатады ?

6. 32 есе үлкейтіп көрсететін телескопты тапқан кім ?

7. Жеті жұлдыздан тұратын шоқжұлдыз

8. Жерге жақын орналасқан ыстық жұлдыз

9. Жердің су қабығы

10.Тірі ағзалардың дем алатын газы

«Шоқжұлдыздар» тобына

1.Қызыл ғаламшар

2.Алғаш айға қонған астронавтар

3. Жердің Күнді толық айналып шығуына кеткен уақыт

4. Жердің «шапаны»

5. Қазақстан қай материкте орналасқан ?

6. Адам ағзасының неше пайызы судан тұрады ?

7. Қазақстанның суы мол ұзын өзені

8. Су астындағы жер сілкінісінен пайда болған толқындар

9. Алғашқы картаны жасаған кім ?

10.Мұхит,теңіз суларының жоғары көтерілуі

III «Сиқырлы конверт» сұрақтарына жауап беру 5 ұпай

1-конверттегі сұрақтар: 1. Біздің Маңғыстауда Ақтау,Қаратау деген таулар бар.Олардың атының бұлай аталу себебін түсіндір.

2. Өзен, көл,теңіз суларының таза екендігін қалай білуге болады

2-конверттегі сұрақтар:

1. 29-шы ақпанда туған бала туған күнін қалай тойлайды?

2. Су болмаса тіршілік болады. Осыған сен келісесің бе?

3-конверттегі сұрақтар:

1. Күміс суда ериді ме ? Күмістен жасалған ыдыстардың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

2. Ауа болмаса тіршілік болады дегенге келісесің бе?

4-конверттегі сұрақтар:

1.Күн болмаса тіршілік болады дегенге келісесің бе?.Сенің пікірің қандай?

2. Ауадағы улы түтіндер қалай пайда болады?.Ауа таза болу үшін қандай шаралар жасау керек?

IV тур «Биік шың» Топ басшыларына сұрақ 7 ұпай

1-ші топқа 1. Ең үлкен мұхит

2. Ең кішкентай материк

3. Ең Күнге жақын ғаламшар

4. Ең терең көл

5. Ең үлкен жұлдыз

6. Ең сулы материк

2-ші топ басшысына

1. Ең ұзын мұхит

2. Ең үлкен бұғаз

3. Ең үлкен арал

4. Қазақстанның ең ұзын өзені

5. Ең үлкен материк

6. Суы тұщы мұхит

3-ші топ басшысына

1. Ең терең мұхит

2.Ең ыстық материк

3. Ең ұзын өзен

4. Ең үлкен ғаламшар

5. Ең үлкен көл

6. Ең ұзын бұғаз

4-ші топ басшысына
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1. Ең алғашқы ғарышкер

2.Жердің шар тәрізді екендігін айтқан

3. Ең ірі жануар

4. Ең алғаш глобус жасаған кім

5.Қызыл түсті ғаламшар

6. Ең суық мұхит

V.Көркемдік сайыс Әр командадан бір баладан шығып, табиғатты бейнелейтін сурет салады. 5-ұпай

VI. «Кім көп сөз құрайды» шашылған әріптерден сөз құрау

Ж, а,т, ы, л,о, б,к, з, ү,ш, е,н, й, н, с, қ, ұ,д

VII.Өнерсайысы Әр топтан оқушылар өз өнерлерін көрсетеді 5 ұпай

Қорытындылау: Қазылар алқасына сөз беріледі. Марапаттау.

Батыс Қазақстан

Жаймағанбетова Алтынай

№14 орта мектебінің география пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Батыс Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы,табиғат

ресурстары және халқы жөнінде түсінік беру,тақырыпты түсіндіре

отырып, туған өлкені білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.әртүрлі тәсіл

арқылы оқушының қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Өткенді пысықтау . Слайд №1 «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша ауызша үй тапсырмасын тексеру:

1. Шығыс Қазақстан қандай республикалармен шектеседі?

2. Шығыс Қазақстанның маманданған шаруашылық саласы қандай?

3. Шығыс Қазақстанның басты байлығы не?

4. Аудан халқының орташа тығыздығы қандай?

5. Ауданда қандай рекреациялық орындар бар?

6. Мал шаруашылығының ерекше түрін ата?

7. Картадан басты өнеркәсіп орталықтарын көрсет?

8. Шығыс Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің орталығы қай қала?

9. Ауданның экологиялық жағдайы қандай?

10. Ауыр өнеркәсіп салаларын ата?

III. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары интерактивті тақтада жазылып тұрады.

Слайд №2

1.Батыс Қазақстан экономикалық ауданының картасынмен интерактивті тақта арқылы танысу.

2.Батыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы.

3.Табиғи ресурсы.

4.Халқы.

5.Картамен жұмыс.

Жаңа сабақты түсіндіру үшін дамыту сұрақтары қойылады.Слайд №3

1.Қазақстан неше экономикалық ауданға бөлінген?

2.Экономикалық ауданға бөлген ғалымды ата.

3.Экономикалық ауданға бөлу қандай заңдылыққа негізделеді?

4.Ең үлкен экономикалық ауданды ата?

5.Батыс Қазақстанда қандай ірі кәсіпорындар бар?

Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Слайд №4

Ауданның аты

Жер көлемі

Құрамы

Халқы

Пайдалы қазбалары

Жетекші саласы

Батыс Қазақстан

736,1 мың ш.ш.

Маңғыстау облысы

Атырау облысы

Ақтөбе облысы

Батыс Қазақстан облысы

2545044 адам

Мұнай

Газ

Хром

Никель

Гипс

Ұлутас

Мұнай-газ химиясы минералды тыңайтқыш,ферроқорытпа балық аулау, етті-жүнді қой шаруашылығы

3.Табиғат жағдайларының шаруашылыққа қолайлы және қолайсыз жақтарын анықтау. Слайд №5

Табиғат жағдайы

Қолайлы жақтары

Қолайсыз жақтары

Экономикалық географиялық жағдайының шаруашылыққа әсері

Батыста орналасуы,

Каспиймен шектесуі

Ресейдің дамыған экономикалық аудандарымен көршілес болуы,

Мұнай мен газдың мол қорының болуы

Жер ауданының үлкен болуы

Тұщы су қорының жеткілік -сіздігі

Өзен торының аз болуы

Табиғатының қуаң болуы Қысының суық, боранды болуы

Жазының ыстық құрғақ болуы

Топырағының құнарсыздығы

4.Батыс Қазақстанның халқы,қоныстану тығыздығы

Халық саны 2545044 адам ,халықтың орташа тығыздығы 1 ш.ш – 2,6 адам.

Халық саны бойынша үшінші экономикалық аудан.

Аудан көп ұлтты .Табиғи өсуі жоғары аудан,әсіресе Маңғыстауда туу көрсеткіші жоғары.

Ұлттық құрамы:орыс,украин, татар,корей, әзірбайжан, осетин, шешен, дағыстан т.б.

5. АКТ-мен жұмыс жасау . Картамен жұмыс .

1.Көлемі үлкен және кіші облыстарды анықтату .

2.Аудандағы қай облыста халық саны көп?

3.Қандай пайдалы қазбалары бар?

4.Қандай экономикалық аудандармен шектеседі?

5.Қандай республикалармен шекаралас?

6.Каспий теңізінің экономикасы үшін қандай маңызы бар?

7.Каспий теңізінен бағалы қандай балықа ауланады?

8.Кескін картаға Батыс ауданның облыстарын орталықтарымен белгілеу

9.Шартты белгілер арқылы пайдалы қазбаларын түсіру

IV. Бекіту бөлімі «Мен нені білдім,? Нені меңгердім?» Географиялық диктант

Слайд№6

1.Батыс Қазақстан экономикалық ауданы....... тұрады.

2.Батыс Қазақстан ............ бай аймақ.

3. Батыс Қазақстанның маманданған шаруашылық саласы ........... ....................

4. Еуропа мен Азияны бөліп тұрған шекарасы ....................... арқылы өтеді.

5. Каспий теңізінің басты байлығы.................... болып табылады.

6.Құрылыс материалынан Маңғыстауда ..................... көп кездеседі

7.Көлемі бойынша ең үлкен облысы......................

8. Халқының саны бойынша....................... ең үлкен облыс.

9.Маңғыстаудың мұнайы ................... қаласында өңделеді.

10. Батыс аймақ арқылы ..................... темір жол магистралі өтеді.

V.Үйге тапсырма беру. «Мұнайлы Маңғыстауым» тақырыбына эссе жазып келу.

Ірі орталықтарын картаға түсіру,&43 оқу

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
6 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ