Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
«Берекелі алтын күз» атты ертеңгілік сценарий
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Туленова Ақкүміс Наженқызы

№13 «Балапан» балабақшасының ІІ санатты тәрбиешісі

Атырау қаласы

Берекелі Алтын күз

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.

Көрініс.

Балалар әдемі сазды әуенмен саз залына кіріп орналасады.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Балбала» тобының дайындаған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

1-ші бала: Аспанды сұрғылт бұлт

Жан-жақтан жабады.

Күн бірте суытып

Жауын көп жауады.

2-ші бала: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін

3-ші бала: Ағаштарды жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Құстар қайтып барады

Көк аспанды қалықтап.

«Ән» «Күзде»

Би: «Саңырауқұлақ»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысын.

Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақшы боп бар халқымның алғысын.

Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз (Балалардың қазақша, орысша, тақпақтары )

Күз ханшайымы: Рахмет Мен өзіммен бірге ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар балалар.

Ойын: « Егін жинап аламыз»

Ән: « Күз»

Би «Жапырақтар» биі.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Иә балалардың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Ия, балалардың барлығы да өнерлі екен. Ал ендеше ойын ойнайық.

Ойын: «Кім тез»

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар, сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан қызыл түлкіні.

Құйрығыннан суырып,

Әкелді әжем бір күні (сәбіз)

2.Жайлы жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар.

Қалай оны шешемін

Бұл не? ( Орамжапырақ)

3. Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. ( пияз)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты шеше алдыңдар.

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға.

Шақырады біздерді.

( Осы кезде әуен ойналып Шалқан ертегісі басталады.)

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып қарайды.

Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.

Тәрбиеші: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. қой көмекке, кемпірмді шақырайын.

Кемпірім, кемпірім,келші қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым.Кел екеуміз бірге тартайық.

Кемпір: Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ тартайық.

Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызың көмекке шақырады.

Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз: жарайды апа сізге көмектесейін.

Тәрбиеші: қыз көмекке келіп, шалқанды рет ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін шақырады.

Қыз: Ақтөс, ақтөс, көмекке келші.

Ит: Аф, аф, аф, көмектес, десендер көмектесейін.

Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты шақырады.

Ит: мысық, мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық: мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.

Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Тышқан: әрине көмектесіп жіберемін.

Олар, тарта, тарта шалқанды суырып алады.

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Міне, меңін сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық шаттық және әкелсін!

Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.

Осы кезде әуен ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып кетеді.

( Осы кезде найзағайдың күркірі естіледі)

Балалар, Күн жауғалы тұр, біз жауынан қорықпаймыз. Ән саламыз «Осень»

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Дайындық тобы мұғалімі

ДЖанабергенова Слушаш

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1.Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру.Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: күз мезгілінің суреттері,бақшадағы көкөністер,баудағы жемістер суреттері.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу, тыңдау.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұзтаздар және оқушылар. Бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер. Күз жыл мезгілінің бірі. Күз мерекелі,берекелі ай. Бүлдіршіндеріміз бұл мезгілде алғаш рет білім ордасына қадамдарын басады. Әрбір шаңырақта той тойланып, көңілдері қуанышқа толы болады. Олай болса күздеріңіз мерекелі де берекелі болсын.

2-жүргізуші: Армысыздар көпшілік өнер сүйер.

Тамашаға тоярлық болар бір ел,

Біздің топтың балалары көрерменге,

Құрметпенен сәлем беріп басын иер.

Алтын күзді қарсы алып,

Би билейміз ән салып

Ұлы тойдай ұлы есім,

Жаралған ел жыр үшін- деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

1-жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен,тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй-деп

Ән: «Күз» Ұлболсын, Айнура

2-жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп,ал біреулер ән салыпты

Бүгінгі «Алтын күз» мерекеге

Бүлдіршіндер аямай жан салыпты.- деп кезекті « Көкөністер айтысына» береміз

Қызылша: Көкөністің ішінде

Менің атым қызылша

Денсаулығын нығайтып

Қызмет етем адамға

Қызанақ: Қызара піскен бақшада

Қызанақты білерсің

Шырыныммен етіме

Тояттап-ақ жүрерсің

Сәбіз: Қызыл-сары сәбізбін

Жер бетінде бұрымым

Көзге берер күш қуат

Дәруменнің бірімін

Қияр: Бақшада көп өсетін

Мен кәдімгі қиярмын

Жұлып алып жесеңіз

Қырт-қырт етіп тұрамын.

1-жүргізуші: Жоғары шық кел төрлет

Абыройың, бағың бұл

Көңілдерді ән тербеп

Арнадық саған бұл кешті

Хор: «Күз жомарт»

2-жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар

Жауаптарын табар ма екен бүлдіршіндер

Сол себептен қоятын жұмбақтар бар.

Ойын: «Шар жару» шардағы жұмбақтарды шешу

1-жүргізуші: Сәл демалып тынығып ал,

Тақпақ тыңдап ұғып ал-деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

2-жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Би билейтін бүлдіршіндерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Би: «Шакира»

1-жүргізуші: Қазір біз сіздермен « Күз мезгілі неде?» деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне қатысты сөздер айтамын, сіздер аяқтайсыздар.

- Күзде жапырақтар (сарғаяды)

- Күзде күн (суытып, жаңбыр жауады)

- Күзде құстар (жылы жаққа ұшып кетеді)

Күзде көкөністер мен жемістер ( піседі)

2-жүргізуші: Жандары жақсылыққа тұнып дәйім

Жол берсін қақ жарылып қырық қайың

Құрметпен ортаға шақырайық

Бір топ өнерлі бишілерді.

Би: Флешмоб

1-жүргізуші:Алтын нұрдай тамшылап

Жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді

2-жүргізуші: Табиғат әсемдіктің төркінісің

Ән саламыз бір сенің көркің үшін

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай бар тынысын

Хор: «Біз балдырған баламыз»

1-жүргізуші: Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар .

2-жүргізуші: Табиғат алтын күнім, асыл айым,

Шашылған жұлдыз меруерт жастайынан

Үңілем таңнан тұрып терезеге

Ашық па жабық па деп қас-қабағың.

Егемендік нышаны жарқын жастық

Болашаққа сеніммен қадам бастық

Көркейтейік туған жер табиғатын

Кең даламда жайқалсын алтын астық

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз

Жер бетінің ажары ол сәніміз

Туған жер табиғатын аялап

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.-деп бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Мереке құтты болсын. Күз молшылық алып келсін. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Хош сау болыңыздар.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Күз мерекесіне арналған әсем әуен орындалады, балалар әдемі киінген күйі залға кіреді.

Жүргізуші . Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері,балалар,сіздерді «Жұлдыздар»-тобының күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз .Қош келдіңіздер!

Тоңазып отырып

Көп жеміс піседі,

Сарғайып жапырақ

Судырап түседі.

Үстінде егін жай

Салқын жел соғады,

Гүл жапырақ шөптерде

Қурап, қурап салады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай мезгіл болады.

Балалар: Күз мезгілі ,(Балалар орындарынан тұрып ән айтады.)

Ән. «Күзге сәлем»

Балалар орындарына жайғасады,жақсы музыка әуені орындалады, осы кезде «Күз ханшайымы» кіреді.Балалармен амандасады.

«Күз ханшайымы» Амансыңдарма балалар,

Ерінбестен еңбек етіп келетін

Еңбекшіл бар жемісін беретін,

Мен Күз ханшайымымын

Ынтымақты елімнің,

Берекелі ырыс болып келетін ,мен сендерге құр келген жоқпын, өзіммен бірге піскен жеміс ала келдім, сондықтан алдымен сендермен ойын ойнайын, солайма балалар:

Ойын .

Шарты:Балалардың көздерін байлап, қандай нәрсе екенін, сипау арқылы немесе иіскеу,дөңгелекпе, сопақпа ,қандай жеміс екенін сұрау.(3-4 балаға ажыратқан баланы мақтап мадақтау.)

Жүргізуші.Күз ханшайымы біздің балалардың, сізге дайындап келген жақсы тақпақтары бар соны тыңдағыңыз келмейме?

«Күз ханшайымы» Жарайды, жақсы демалып қалатын болдым.

Аруна. Шиемін мен шиемін

Піскен тонды киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін.

Амина. Мен жүзіммін жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Сары күзде үзіліп

Себетке кеп тізілдім.

Расул. Алақай, алақай

Шаттанады балақай.

Санжар.

Инаия Көрініп еліме

Күндері мереке

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Әмірхан. Асханадан шықпайтын

Атым пияз бұқпайтын

Көзден жасты шығарып

Тұмауданда сақтаймын.

Аян. Алтын сары, қызыл көк

Алуан алуан жапырақ

Іңкар

Ершат Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырлап.

Айгерім, Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Күз ханшайымы: (Балаларды мақтап мадақтайды, орындарына жайғастырып отырғызады, осы мезгілде есік қағылады,)

Жүргізуші. Балалар біздің топқа біреу қонаққа келе жатқан сияқты кім болды екен, осы кезде қолында үлкен сәбізі бар қоян кіріп келеді.

Қоян. Балалар сәлематсыздарма мен сендерге қонаққа келдім, сендерге Күз ханшайымы келіпті ғой –қандай тамаша , олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр ойнаймызба? Алдымен шартын тыңдаңдар.

Шарты: Менің қолымдағы себетте жемістермен көкөністер бар оларды жерге шашып тастаймын , ал менің жейтінім тек сәбіз ғана .Сондықтан осылардың арасынан тек сәбізді жинап, менің себетіме салып берсеңдер , мен қуанып қалар едім.Кәне балалар ойынды бастайық.(ойын 3-4 рет қайталанады.)

Ән. «Жау –жаңбыр»

«Күз ханшайымы мен Қоян» : Балаларға риза болып рахметтерін айтып «Күз ханшайымы қолындағы жемістерді балаларға таратып бередіде қоян екеуі қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші. Жел тұрады жалықпайды

Күн жылытып жарытпайды,

Жапырықтар жерге қарай

Қалықтайды, қалықтайды—дегендей біздің тобымыздың дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!!!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Күрсінгенмен күз бүгін

Кеше тұрған жаз күліп,

Болмай шықты мәңгілік,

Дегенменен әлемді

Керегі жоқ жазғырып.

Шұрқ тесік үзігін,

Бүркегенмен күзгі күн

Сары айғыз бояуы

Жауын жуған жүзінің.

Үздігумен күздігүн,

Серуен құрдық біз бүгін,

Жас боп аққан сезімнің

Тежемедік тізгінін.

Күрсінгенмен күз бүгін,

Меңдемесін сізді мұң:

Кезі келіп сарғаю -

Белгісі ол ізгінің.

Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев

ответил от Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов