Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

6 Ответы

0 голосов
құрметті қолданушылар жаңа жыл туралы қызықты шаралардың сценарийі керек тауып бере аласыздар ма?
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы, Теңдік ауылы

«Теңдік орта мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі

Жапенова Гульмира Жикеновна

Сыныптан тыс жұмыс

«Қош келдің, Жаңа 2017 жыл!»

Залда жарық өшірулі. Жаңа жыл әні ойналып, сахнаның екі жағынан он-оннан екі қолдарына шамшырақ (фонарики) ұстаған оқушылар шығады. Оқушылар сахнада баяу толқын, жүрек, 2016, жүрек, 2017, жүрек, т.б. қиымылдар жасайды. Ән аяқталған соң оқушылар хормен: Жаңа жылдарыңызбен! Шырша жаң!,-деп дауыстап, сол кезде сахнаның ортасындағы шырша жанып, залдың да жарығы жанады. Сахнаның ортасында тұрған мешін (әрі бірінші жүргізуші) сөз бастайды.

Мешін: Армысыздар, осы ауылдың құрметті ата-әжелері! Қымбатты ата-аналары! Аяулы ұстаздары! Ардақты оқушылары! Сыйлы қонақтары! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!Мені Ескі жылды шығарып, Жаңа жылды қарсы алу үшін, Осы мерекенің сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық. Оқушылар хормен: «Аяз ата, Ақшақар»,- деп 3 рет дауыстайды. Аяз ата мен Ақшақар сахнана төріне келеді.

Аяз ата: Салеметсіздер ме, жиналған қауым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Әр үйге ырыс, ынтымақ әкелсін! Осы келе жатқан Жаңа жылымыз құтты жыл болсын! Баршаңызға тек жақсылық тілейміз!

Ақшақар: Оқушылар бізді күтіп қалмасын деп. Біз өткен жылғыдай мешін жылды ұзақ іздеп, Мадагаскар аралынан әрен таптық ғой. Сондықтан, осы жолы Жаңа жылды өзімізбен бірге ертіп келдік.

Аяз ата: Оқушылар биік шыршаны қалай әдемі безендіріпсіздер. Бізге қатты ұнады. Шыршаның түбінде жатқан үлкен қорапты ашшы, мешін жан!

Мешін барып лентамен байлаулы тұрған қорапты ашып жібереді. Ішінен «ку-ка-ре-ку»,- деп әтеш шығады. Әтештің зор даусынан шошыған маймыл селік етіп, еденге отырағалады.

Әтеш(әрі екінші жүргізуші): Ку-ка-ре-ку мен келдім! Ку-ка-ре-ку Жаңа жылдарыңызбен! Ку-ка-ре-ку-ку Жаңа жыл құтты болсын! Сізге бақыт, сізге табыс, сізге денсаулық, сізге байлық, сізге қуаныш, сізге ... деп мешінге қарап тоқтап қалады.

Мешін: Иә, маған не?

Әтеш:Сізге ма-хаб-бат!

Мешін: Махаббат??? Әтеш, сені жөнге салу керек. Мен кетпей жатып, өнерінді салдын ғой.

Екеуі бір-біріне кеуделерін соға бастайды. Сол кезде Аяз ата.

Аяз ата: Қарақтарым, бұл не істегендерін? Бұлай жасағандарын жарамас. Кәне, достасындар.

Екеуі (мешін мен әтеш) бір-бірін жақтырмай әрен дегенде қол беріседі.

Аяз ата: Сендердің достықтарынды берік қылдыру үшін, сендерге тапсырма беремін.

Мешін: Қандай тапсырма?

Әтеш: Тапсырма?

Аяз ата: Мешін сен бідесің осы жылы Қазақстан жерінде үлкен қуаныш болуып жатыр.

Ақшақар:2016 жыл мерейтойларға бай.Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы, алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл,...

Ақшақар2016 жылы боллған ірі мерекелік іс-шараларды атап көрсетеді. Мешін көкірегін көтеріп, алға шығып, әтешке қарап, мақтанып қояды.

Мешін: 16 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аталып өтілді.

Аяз ата: Қазақ елі құтты болсын!

Ақшақар: Құтты болсын!

Мешін мен әтеш: Құтты болсын!

Хормен: Тәуелсіздік!

Ән: «Елім менің!» (Жанарбек: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!)

Аяз ата:Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.Ал, тапсырма туралы айтатын болсам. Сендер Қазақ елінің Тәуесіздік алғалы қандай белестерді бағындырғанын жайлы тарихи шолу жасасандар жақсы болар еді. Жаңа жылда халқымыз тағы да қуанып, мақтанышқа кенелсін!

Мешін: Аяз ата, сіз дұрыс айтасыз.

Әтеш: Біз өз еліміздің жетістігін жырламасақ, айтпасақ кім айтады? Әрине, Аяз ата, сіздікі жөн.

Мешін: Аяз ата мен Ақшақар төрге отырып жайғасыңыздар!

Олар өздеріне арналған орындарға барып, мерекені тамашалап отырады.

Әтеш: Жыл басы 1991 жыл....

Сол уақытта сахнаға қой жылы шығады.

Қой: Ммм-е-нн, мен сол 1991 жылы Қазақ елінде болдым. Осы елдің Тәуелсіз ел болғанын куәсі мен болам!

Әтеш:Бір елдің бабалар арманы болған тәуелсіз ел болуын көрген бақыт ғой. Бақ ғой.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Мешін: қолындағы оралған шағын қағазын ашып, міне, 2016 жылғы есеп-қисабым (жылдық очет). Қой мырза, сенікі қайда?

Қой жылы асықпай қолындағы оралған қағазды жайып жібергенде, домалап арғы шеті еденге түсі. Мешін аузы ашылып, аң-таң болып қалады. Әтеш өз қолымен таңырқап тұрған мешіннің ашық аузын жабады. Қой жылы асықпай өз жетістігін оқи бастайды.

Қой:Алаш жұртының арманы1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.

Мен осы елге 2003 жылыдакелгем. Ондағы жетістіктерім көп. Атап өтсем: 2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезіболды.

2015 жыл – Қазақ елі үшін табысты жылдардың бірі болды.Қазақ хандығының 550 жылдығы,Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығыкең көлемде аталынып өтілді. Осыған байланысты Елбасы 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамлеясының жылы деп жариялады. 2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. 2015 жылы қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретшіШоқан Уәлихановтың 180 жылдығы.2015 жылы қазақтың ұлы ақыныАбай Құнанбайұлының 170 жылдығы...

Мешін шыдамай қойдың қолындағы қағазды жұлып алып тез зуылдай оқи бастайды. Қойдың жетістігі мол екенін түсінген ол...

Мешін: Ақ көңіл, жуас, момын, деп жүрсек

Әтеш: Қой мырза, жарайсын! Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кезеңді қазақ еліне сыйлаған сен екенсін!

Мешін мен әтеш: Қойеке, сені құттықтаймыз! Жетістігін көбейе берсін!

Қой: Сендерге де соны тілеймін!

Мешін: Қой жылдың құрметіне алғашқы лото (10 лоторея) ойнатылады.

10 күн ерте халыққа сатылған лотарея билеттері ойнаталады. Ортаға жәшік әкелінеді, онда 150 лото билеттері болады. Әтеш жылы сыйлықты көрсетіп тұрады. Қой жылы жәшіктен бір-бірден лото билеттерін алып, дауыстап № нөмерлерін атайды. Сәйкес келген нөмірі бар адам ортаға шығып сыйлығын алады.

Қой: Ал, енді сау болыңдар! Аман болыңдар! Мен кеттім.

Мешін мен әтеш: Сау бол! Кездескенше!

Ән: «Жаңа жыл» (Ақнұр)

Әтеш: Ойын, ойын «Білгірлер». Өзің өте білімдімін дегендер ортаға шығындар. 12 сұрақ қойылады.

Мешін:6 адам ортаға шықсын. Екі топқа бөлінеді.

Мешінде 1992 жыл мен 2004 жыл, әтеште 1993 жыл мен 2005 жыл

жазулы карточка қолдарында тұрады. Әр адамға екі карточка беріледі. Әр карточкада бір сұрақ жасырлған. Сұрақты оқып, қай жылғы оқиға екенін және мешінге немесе әтешке апарып береді. Бұрыс жауап берген алдам әтешше дауыс салады немесе мешін сияқты секіріп жүреді. Қатысқандарға барлығына сыйлық беріледі.

12 сұрақ керек

1. Қай жылы ҚазақстанБіріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болды? 1992 жылы

2. Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қай жылы еліміздің ішкі істер әскері құрылды. 1992 жылы

3. Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.1992 жылы

4. Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті. 1992 жылы

5. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. 1993 жылы

6. «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңқабылданды. 1993 жылы

7. Төл теңгеміз қай жылы айналымға түсті? 1993 жылы

8. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды. 1993 жылы

9. Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. 2004 жылы

10. ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды. 2004 жылы

11. Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығына Н.Назарбаев , В.Путин, басқа да жаңа тәуелсіз мемлекет басшылары қазіргі демократиялық Германия көшбасшыларымен бірге фашизмді күйреткен Жеңіс Күнін Мәскеуде мерекеледі. 2005 жылы

12. Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 2005 жылы

Ит:Аф, аф «Сәлем бердік»,- деп көрермендерге бас иіп салем береді. Мешін мен әтешпен «Салам»,-деп (рэпер ырғақпен) амандасады. Мен мында естіп жатырмын «ТВ Бинго» ойнатылуда. Ойнауға келдім.

Әтеш: Ит жылдың құрметіне екінші лото (10 лоторея) ойнатылады.

Ит: 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006 жылғыларға және 2018 жылы дүниеге келетін сәбилерге сәттілік тілеймін. Машина, пәтер ұтып алындар!

10 адам лотореяға қатысқандар. «Е,еее»,-деп ит жылын рэп оқығанда қолпаштап отырады

Ит: Рэп оқып, өзінің жетістіктерін айтады.1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.«Е,еее»2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы— Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат болды.«Е,еее» 2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.«Е,еее»Ал, енді сэлфи жасайық. Жарайды енді, жұмыс көп! Ата-әжелер, ағалар, інішектер, тәтелер, қарындастар сау болыңдар! Аман болындар! Аф, аф

Мешін: Бай, бай! Өзіңді күт!

Әтеш: хат келдіватсапқа (WhatsApp)

Мешін: Кімнен?

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Әтеш: Доңыз жылынан. Өзінің 1995 жылғы, 2007 жылғы жетістігін жазып жіберіпті. Өзі келе алмайды екен. Қонақта

Мешін: Халқымызға оқып берейік.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдумөткізілді.Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.

Елбасының 2007 жылғы жұмыс кестесі көп­теген сыртқы саяси шараларға толы болды. Ол мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарларымен Германияға, Украинаға, Түркіменстанға, Катарға, Египетке, Ресейге, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Бразилияға, Түркияға, Иранға, Сирияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Словакияға, Румынияға, Венгрияғабарып қайтты. 2007 жылдың дипломатиядағы ірі жеңісі – Президент атап айтқан Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйы­мы­на төрағалық етуі жөніндегі шешімнің қабылдануы. Бұл – шын мәнінде Қазақ елінің абыройы.

Әтеш: Егеменді еліміздің тарихында 2007 жыл алтын әріппен жазылып қалған жыл екен.Доңыз жыл басы жарайсын! Еңбегін жаңа берсін, белестерден көріне бер! Саған сәттілік тілейміз! Ватсапқа жазып жібердім.

Ән: «Жаңа жыл құтты болсын!» (Сайран мен Ақерке)

Тышқан: Сәлем, қалдарыңыз қалай? Мен Микки, Микки, Микки Мауспын!

Мешін мен әтеш:Сәлем қал жақсы. Өзіңде қалай?

Тышқан: Бәрі жақсы. «Балапан» арнасында жұмыс істеп жүрмін.

Мешін: Бәсе, сені күнде көреміз.

Тышқан ән орындайды. 1996 жыл мен 2008 жыл туралы әнге салады.

1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды. 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі»ашылды.

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91 метр

Мешін: Доңыз және тышқан жылдардың құрметіне үшінші лото (15 лоторея) ойнатылады.

Сиыр: Армысыздар, қадірлі жиылған қауым! Му-му-му Сіздер шақырып жатырсыздар дегенді иттен естіп келіп қалдым.

Мешін мен әтеш хормен: Қош келдіңіз! Сізді асыға күттік. Амансыз ба? Денсаулығыңыз қалай?

Сиыр: Шүкір, аман-есенмін!

Әтеш: Сіздің жетістігіңіз жайлы өзіміз айтіп береміз.

1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.

1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2009 жылыда көп жетістіктерге жетіпсіз.

Мешін: Сіздің құрметіңізге орай төртінші лото (10 лоторея) ойнатылады.

Сиыр: Рахмет. Сіздермен бірге жақсы бірақта кету керек. Сау болыңдар! Әр үйде ақ мол болсын! Денсаулықтарын зор болсын!

Ән: «Жаңа жыл!»(Ақерке)

Мешін: Сиыр жылынан кейін қандай жыл басы келеді?

Әтеш: Мешін өзін хабарлас, өзін шақыр.

Мешін: Жоқ, жоқ

Әтеш:Сулифа ойнайық

Мешін мен әтеш хормен: Сулифа

Мешін: Тыныш ағамызға хабарласып жатырмын. Ассалаумалейкум, Барыс ағасы!

Барыс:Уағалейкумасалам! Бұл кім?

Мешін: Мен, мен ғой мешін

Барыс: Ммм, қал қалай? Барлығы тиыш па? Мәселе(проблема) бар ма?

Мешін: Жоқ, жоқ барлығы жақсы. Сізді әтеш екеуміз қонаққа шақырғымыз келген. Келе аласыз ба?

Барыс: Рахмет, келе алмаймын. Уақыт болмай жатыр. Басқа жолы келермін.

Әтеш: Ух, ол «Қызыл кітапқа» енген, Тянь-Шань тауынан түссе, оны ұстап алар. Алақай, ол келмейді!

Барыс: Рррр, әтеш не дейді?

Мешін: Жоқ, сіз қате түсінбеніз. Біз білеміз ғой сіз шекарада. Елдің тыныштығын, бейбітшілігін қорғап жүрген жансыз ғой. Біз үшін әуре болмаңыз! Біз сізге өзіміз барармыз.

Барыс: Менің жылдарым жайлы 1998 жыл, 2010 жыл жақсы ғылып халыққа жеткізерсіздер.

Мешін: Әрине, тақсыр, Сіз үшін, бесінші лото (20 лоторея) ойнатамыз ән, биде болады.

Барыс: Жақсы сау болыңдар! Аман-есен болындар! Рррр

Әтеш: Тез уәдемізді орындайық, жоғарыдан көріп тұрған шығар.

Мешін: Барыс жылына құрмет ретінде 20 лото ойнатылады. Және сол адамдарға карточка беріледі. 1998, 2010 жылы қандай жетістік болғанын дауыстап оқып береді.

1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

2010 жылы Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады. 2010 жылы Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді. 2010 жылы Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның саммиті өтті.

Музыка ойнайды сахнаға 6 қоян секіріп, билеп шығады. Екі қолдарында дождьик (спорттық би қимылдар) бірдей жасап орындайды.

Әтеш: Қалай әдемі билейсіңдер. Қандай өнерлі екенсіңдер.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Қоян: Иә, біз осындаймыз!

6 қоян рет ретімен өздерінін жетістіктерін айтады.

1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.

2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында VII Қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.

Сол кезде мешіннің ұялы телефоны шырылдайды.

Мешін: Алло, тыңдап тұрмын.

Ақырын, жіңішке дауыспен ұлу жылы басы жауап береді.

Ұлу: Мен ғой, Ұлу

Мешін: Даусыннан таныдым. Қайдасың? Сені қарсы алайық.

Ұлу: Мен Қазақстан мемлекетінің шекарасына келіп жеттім.

Мешін: Сен жеткенше кешімізде бітіп қалады ғой.

Ұлу: Ендеше, рұқсат болса, мен кері оралайын. Ал сендер қазақ еліне менен үлкен сәлем айтындар. Мен оларға ұзамай ораламын. Барлық халыққа ашық аспан, ұзақ өмір тілеймін. Аман болындар! Сау болындар!

Мешін: Сау бол! Кездескенше!

Әтеш: Ұлу жылының жетістігі осы елге сіңіргені мол екен.

2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды. 2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.

2012 жылдың 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығынаие болғаны туралы белгілі болды. Халықаралық көрме бюросының мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.

Мешін:Қоян мен ұлужылдардың құрметіне алтыншы лото (15 лоторея) ойнатылады.

Қоян:Бізде кетті сау болындар! Жақсылықта жолығайық!

Мешін мен әтеш хормен:Аман бол!

Ән:«Жаңа жыл» (Аманжол мен Айгерім)

Жылан жылы ысылдап, билеп, шыршаны айналып, көрермендерге жақын кеп, оларға үрей тудырып, жүреді. Мешін мен әтеш қорқаннан орындықтын үстіне мініп алады.

Мешін мен әтеш хормен:Сәлеметсіз бе! Тәтесі, қалыңыз қалай?

Жылан: Мен уақытында келді бе?

Әтеш: Дер кезінде сіз сөз сөйлейтін уақыт.

Мешін: Сөз кезегін құрметті, қадірлі Жылан жыл басына береміз.

Жылан: Рахмет. Менің еңбегім осы елде жоғары бағалануда.

2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» «Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.

2013 жылы 24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.

Әтеш: Жылан жылдың құрметіне лото (10 лоторея) ойнатылады.

Мешін мен әтеш жылан жылымен де қош тасады. Сахнаға жылқы жыл басы келеді.

Жылқы:Армысыздар қадірлі қонақтар! Мен де сіздерге кеп қалдым. Аман-есенсіздер ме?

Мешін: Армыз, бармыз! Бізде барлығы жақсы.

Жылқы: Менде басқалары сияқты өз жетістіктерімді елге айттып берейін.

2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

2014 жылдың тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды.17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясы жабылды, оның қызметін мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік алды. ТЖМ қызметі Ішкі істер министрлігіне берілді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі құрылды.

Әтеш: Жылқы жылдың құрметіне лото (10 лоторея) ойнатылады.

Мешін: Рахмет сізге. Елді әр дайын қуанта бер. Сіз осы елдің сыйлы жыл басысыз.

Жылқы: Рахмет сендерге. Біздің барлық жылдың басын қосқандары үшін. Сендердің де еңбектерін жемісті болсын. Жолдарын ашық болсын. Бар жақсылықты тілеймін! Сау болындар!

Әтеш пен мешін хормен: Сау болыңыз!

Аяз ата: Жарайсындар! Менің тапсырмамды орындадындар. Рахмет сендерге.

Ақшақар: Енді Ескі жылымызды шығарып салар алдыңда, әдемі, сұлу жаңа жылдық шыршамызды ән салып, айналып, көңіл көтермейміз бе?,-деп Аяз атаға қарайды. Әуен ойналып, оқушылар шыршаның жанына жиналып, қол ұстысып, айнала бастайды.

Ән:«Шырша»

Мешін: Менің де кететін уақытым кеп қалыпты. Мен сендермен бір жыл болдым. Ренжіткен кезім болса кешіріңіздер. Ал, Әтеш жыл басы, сені шын жүрекпен құттықтаймын. Қадамын құтты болсын! Әр ісін оңды болсын! Осы елге игі істер көп болсын! Мен бастаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай іс-шаралар жыл бойы жалғасын тапсын. Келе жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін жақсы атқар. Ісіне сәттілік! Енді мен сіздерге 2028 жылы келемін. Оған дейін көп жетістікке жетіңіздер. Аман, сау болындар!

Әтеш: Рахмет саған! Сен бастаған істі жалғастырамын.

Мешін барлығымен қоштасып, сахнадан шығып кетеді.

Аяз ата:Кел,Жаңа жыл! Төрле, төрле жеріме

Құт-береке әкелгейсің еліме.

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де.

Ақшақар:Қош келдіңіз Жаңа жыл!

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге!

Әтеш: Ку-ка-ре-ку, мен келдім! Жаңа жыл келді. Халқым қуанындар. Мол ырыспен, қуанышпен, жаңа жаңалығымен мен келдім. Баршаларыңызға бақ, береке әкелдім. Ку-ка-ре-ку, Ку-ка-ре-ку. Мен сияқты таңертең ерте тұрыңдар, еңбекқор болыңдар.

Аяз ата мен Ақшақар: Жаңа жыл құтты болсын!

Ән: «Жаңа жыл» (11 cынып оқушылар)

Аяз ата:Ал, айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы бол, мейірімді бол!

Ақшақар:Жаңа жылда барлықтарыңызға тек жақсылық тілеймін.

Аяз ата:Балалар, Теңдік еліндегі бұл мереке өте қызықты өтіп жатыр, бірақ мені басқа жерлердегі балаларда күтуде. Қош болыңдар!

Ақшақар:Келесі кездескенше сау болыңдар!

Оқушылар хормен: Қош бол, Аяз ата мен Ақшақар!

Әтеш: Міне, қымбатты қонақтар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.

Достық, бірлік бәрінде жеңеді.

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастасын жыл дастанын.

Қуанышпен келсін той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым, – дей келе «Қош келдің, Жаңа 2017 жыл!»

атты мерекелік кеш жабық деп жариялаймыз. Жаңа жыл құтты болсын! Ку-ка-ре-ку.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов