Атырау облысы, Атырау қаласы
№26 «Жұлдыз» балабақшасының
бейнелеу
өнері маманы
Окашева Қаламқас
Шангереевна
№4 «Бауырсақ» ІІ
кіші сәбилер тобының жаңа жыл кешіне
арналған ертеңгілігі
Балалар дөңгелек болып музыкамен кіреді.(новогодние
игрушки)
Барлық жандар бір
білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той
деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа
бақыт достарым.
Жүргізуші: Құрметті ата аналар,
ұстаздар, қонақтар!!! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Шырша жыры» атты кешімізді
бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
-Келесі кезекті балалардың тақпағына берейік.
- Аянат: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық
қып,
Шыршаларға шам іліп
Анель: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң
болсын
Төрле, төрле жаңа
жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Ясмина Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Сұлтан: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
-Жарайсыңдар,балалар! Ал енді барлығымыз «Зырлайды
шанамыз» әнін айтайық.
-Балалар біздер
бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?
-Жаңа жыл мерекесін
-Жарайcыңдар, енді осы мерекеге кімдер жетіспейді?
-Аяз ата мен Ақшақар
-Олай болса, Аяз ата мен ақшақарды бәріміз бірге
шақырайық.
-Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Осы кезде ішке әуен ырғағымен сиқыршы кіреді.
Сиқыршы: -Сәлеметсіңдер ме,
балалар. Жаңа жылдық мерекелерің құтты болсын.Қараңдаршы, айнала неткен
керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде
әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз,
қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын
жағайық!
Сиқыршы таяғымен сермегенде шырша түбіндегі қорапша
қозғалып ішінен малвина қыз шығады.
Мальвина: Сәлеметсіңдерме, балалар.
Мерекелерің құтты болсын. Сиқыршы саған көп рахмет. Мына қораптан шыға алмай
отыр едім. Денемнің бәрі құрысып қалды. Билеп бойымды жазып алмасам. Міне,
менің әдемі қуыршақтарым отыр екен ғой. Келіңдер қуыршақтар биін билейік.
Би: «Қуыршақтар»
Сиқыршы:- Балалар қайтадан шыршамызды жағып көрейік.
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, шыршамыз да әдемі болып жарқырап тұр.
Олай болса, балалар, ортаға шыршаға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Найла: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Аянат: Қалып
едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық
қып,
Шыршаларға шам іліп
Даниял
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ералы
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп,
сағынған,
Кел, балалар,
келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Сымбат Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Еламан: Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.
Шынай: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Ән: «Шамшырақ» хормен
Жүргізуші:-Ал,енді қыздарымыздың «Шырша»биін тамашалайық.
Осы кезде әуен ырғағымен залға
сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ:-Сәлеметсіңдер
ме,балалар! Қалдерің қалай? Мен қайда
келдім?
Балалар: -Жаңа жылға
Сайқымазақ: -Ммм, жаңа
жыл деген осындай болады екен ғой. Ал, мынау не?
Балалар: -Шырша
Сайқымазақ: -Шыршаларың
қандай әдемі.Балалар мен сендермен бірге жаңа жылды тойлап, қызық көргім
келеді, рұқсат етесіңдер ме?
Балалар: -Ия
Сайқымазақ: -Олай болса,
балалар, мен сендермен Аяз ата мен Ақшақар келгенше ойын ойнайын.
Ойын: «Қар кесегін жинаймыз»(Әуен ырғағымен балалар қар кесегін жинайды)
Жүргізуші: -Жарайсыңдар,
балалар. Қане, енді бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды тағы бір шақырайық. Келе
жатырған болар.