Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
наурыз туралы сценарий қазақша
спросил от adaanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Мусиева Дина Орысбайқызы

МКҚК №13 «Балапан» балабақшасының

тәрбиешісі

Атырау қаласы

Тақырыбы: «Наурыз жыл басы»

Ілесіп Наурыз бен көктем жетсін,

Көңілің үлкен кіші көкке өрлесін,

Еңсесі көтеріліп ер азамат

Ескі жылмен реніш өкпең кетсін

Дегендей,жаңа тауық жылы құтты болсын. Ақ мол болсын! Халқымыз тоқ болсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Хор: Наурыз тойы.

Хордан кейін әркім өз ауылджарына барып,ұрандап, сәлемдеме айтып, өз ауылдарын таныстырады.

Ақ әже келеді. Ақ әже: Менің немерелерімнің бәрі осында екен ғой.

Наурызым әкелсін деп береке,ырыс

Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс,

Жаңадан келіп жеткен жылың басын,

Ақ құйып қарсы алғаның өте дұрыс,

Берекең осылайша ортаймасын

Шаңырақ биікке тіккен шайқалмасын

Босағама О наурыз құт борп кіріп

Елімнің ырысты ет кәрі жасын.

Наурыз тойы құтты болсын. Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке, ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жүргізуші: Әже қош келдіңіз! Бүгін сіздің келетініңізді біліп, Қапшағай ауылының тұрғындары асыға күтті. Соның ішінде Жақсылық қарияның шаңырағында былтыр ғана сәби дүниеге келген еді.. Осы шаңырақтың келіні Айгерім өз қолыңыздан немереңіздің тұсауын кестіргісі келіп тұр. Халқымыздың ертеден келе жатқан осы салт дәстүрін өткізуді өзіңізге тапсырдық. Тұсауы кесілген соң, сәби екі адам ортаға алып шығып, қадам бастырады. Осы кезде « тұсау кесер»жыры шырқалады.

Қаз,қаз балам қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Қаз,қаз балам қаз балам

Тақымыңды жаз балам,

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық

Тұсау кескен әжеге сыйлық беріледі.

Жүргізуші: Әже сізге көп көп рахмет. Шаршаған боларсыз біраз демалып отырыңыз. Ал ауылдың бүлдіршіндері ұлыстың ұлы күніне арнап жырдан шашу шашып, өз өнерлерін көрсетеді.

Досымжан:

Наурызбенен ұласып көктем жеткен,

Үлкен кіші көңілін көкке өрленген.

Жан жануар, табиғатты түрлетіп

Ескі жылмен реніш өкпең кеткен.

Хорлан

Уа ағайын туысқан,

Наурыз күн туды шығыстан

Сол тойға келдім шақырып

Ат терлетіп алыстан

Ақ түйе қарны жарылды

Наурызды елім сағынды

Асыққан сен де сол тойға

Барлық жұрт мұнда ағылды.

Анель:

Бірдей кәрі жасқа да

Наурыз күні жақсы ақ ә?

Барыс жылы той болсын,

Барлық балабақшада.

Нұржан:

Әнім де саған биім де,

Құт қонақ өзің үйімде,

Қаныш сыйлап еліме,

Күлімде наурыз күлімде.

Жүргізуші:

Қызғалдақтай құлпырып

Қыздырымыз жайнасын,

Мың бұрала би билеп

Өнерлері тасысын.

Би: «Наурыз думан»

Ойын: «Тақия тастамапқ»

Ойын бір ойын бастамақ,

Аты аның тақия тастамақ,

Шеңбер отыра қалыңдар

Ым қағып жүрмесін қас қабақ.

Жүргізуші: Әже тұсауын кескен немереңіздің қадамы мықты болсын. Ал енді Көктоғай ауылында қыз жігіттер бақтарын сынап, айтысқа түсіп жатқан көрінеді. Қане сол айтыстың куәгері болыңыз.

Дәстүрлеріміз күннен күнге жалғасады,

Тойымыз әрі қарай ұласады.

Ортаға ақындарды шақырайық

Көріңдер олар қалай айтысады?

«Қыздар мен жігіттер айтысы».

Нұрдәулет

Жылдың басы Наурыз! Жырдың басы Наурыз!

Наурызға арналсын, бүгінгі жыр мен әніміз

Ұлдар:

Наурыз деп ей қыздар

Кел шырқайық бәріміз

Дариға:

Көптен күткен айымыз,келген шақта Наурыз

Шараларға толғанда, Наурыз көже бал уыз.

Қыздар:

Ән бастаңдар өздерің

Қоштауға біз дайынбыз.

Барлығы: Жылдың басы Наурыз! Жырдың басы Наурыз!

Наурызға арналсын, бүгінгі жырмен әніміз.

Жүргізуші:

Наурыз келсе құт келгені халайық

Есік ашып шашу шашып, ел боп қарсы алайық

Қане өнерлі балалар

Таласа тақпақ айтайық

Әлішер:

Хош келдің Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты

Жылда осылай келе берсін жасырып

Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты.

Лейла

Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

Нұрхан

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем Наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Ұлжан:

Келді Наурыз жар салып

Би билейік ән салып

Жылда келсін ұлыс күн,

Көрсетіп жатыр сый құрмет

Айдана

Наурыз күні той думан

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді төгілтіп

Інжу маржан шашайық

Жүргізуші: әже көріңіз бе бұл ауылдың бүлдіршіндері қандай өнерлі екенін? Қазір ауыл жігіттері би билегісі келіп тұр соны қабыл алыңыздар!

Би: «Адай»

Қызықтыру сәті: Осы кезде залға әуендетіп Алдаркөсе келеді.

Мен Алдармын, Алдармын,

Сақалымды талдармын

Сақал түгел мұртта жоқ

Оның несін талдармын

А а а а, о о о о о е е еей

Алдаркөсе: Сәлеметсіңдерме балалар? Не тойлап жатсыңдар? Мен сендерге арнап асық акелдім. Олар өте әдемі, сиқырлы асықтар. Сендермен бір ойын ойнайын деп едім, келісесіңдерме?

Ойын: «Ханталапай»

Алдаркөсе: балалар менің қолымдағы асықтар, ал осы асықтың ішінде ерекше бір асық бар, оны Хан деп атаймыз. Егерде осы асықты кім бірінші болып алады, сол бала Хан болады. Ойынның шарты түсініктіме? Ой балалар ойынды өте жақсы ойнайды екен. Осындай өнерлі балалармен ойын ойнап менің де арқам қозып кетті ғой.

Қызық үшін сендерге

Өтірік өлең айиайын

Ауылыма қайтарда

Тышқанға мініп қайтайын.

Жүргізуші: Ой Алдеке өтірік өлеңді қоя тұр. Егер шын Алдар болсаң біздің көзімізше біреуді алдашы. Алдаркөсе кімді алдасам екен деп басын қасып тұрғандабайды көреді.

Алдаркөсе: А таптым. Мынеау Алпысбай деген бай емеспе қателеспесем. Қазір мен оны алдай алмасам Алдаркөсе деген атым құрсын – депАлдаркөсе жерді тепкілей бастайды.

Бай: Ей неғып жүрген адамсың? Не жоғалттың?

Алдар: Ой сіз сұрамаңыз, Атым айтқан осы жерден дұрыстап іздесең жердің шетін табасың жердің шетінде тура мына сіздің басыңыздай алтын жатыр деп. Соны таба алмай әлек боп жүрмін. Енді қайтсем екен? Келіңіз екеулеп қарайық. Бай атынан түсіп жердің шетін іздейді.

Алдар: Байеке, мүмкін жердің шетін анау таудың арғы жағында шығыр сіз атыңызды бере тұрыңыз мен барып қарап келейін, жердің шетіндегі алтынды тауып жатсам екеумізге тең қылып бөліп аламыз,ал сіз мына жерді дұрыстап қарай тұрыңыз.

Бай:Жарайды деп атын береді. Осы кезде Алдар байдың атына мініп қашып кетеді, кетіп бара жатып,» Байеке алдау деген осылай болады» деп айқайлайды.

Жүргізуші: Әже енді Ақбаян ауылына қонаққа барыңыз. Онда Қонысбай ақсақалдың отбасында үлкен той болғалы жатыр. Өйтекені осы ұлтың ұлы күнінде кішкентай ғана немерелерін бесікке салмақшы екен. Осы отбасының келіні Райгүл бұл салтқа өзіңіз ұйытқы болыңыз деп шақырып жатыр.

«Бесікке салу» салты
ответил от adaanaa

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов