Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
1. Қымбатты: Ақылдың кенін арқалаған айбынды Ақжаулықты аналар.Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ардагер ұстаздар сіздерге арнап «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі»атты кездесу кешімізге хош келдіңіздер!

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз,-деп Әл-Фараби атамыз айтқандай,өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарымен таныстыра өтейін.

2.Қариялар халқымның кемеңгері,

Жапырағын жайқалтқан емендері.

Халықты ынтымаққа біріктіріп,

Бірлік болсын әрқашан дегендері – иә «Ақылды қария – ағып жатқан дария» дегендей,бала тәрбиесінде отбасындағы ата мен әженің өнегелі ақыл-кеңестерінің орны ерекше. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әженің өнегесімен,аталар ақылы мен беріліп,өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады. Міне,,сіздер осыған әбден лайықты жансыңдар ардагер ұстаздарым.Сіздерге арнап қазақ биі ----------------------- 7 сынып қыздары қабыл алыңыздар.

3.Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған даналар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар –деп

Сіздерге арнап өлең жолдарын 3 сынып оқушылары жолдайды. Қабыл алыңыздар.

4.Ұстаз - ол ана,шәкіртін туған анасындай баурап,өмір өрнектерін,қиындықтармен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Айта берсек ұстазға тіл жетпеген?!

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!

Айтыңдаршы,адам барма өмірде,

Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген –деп

Сіздерге арнап «Ұстазым »әнін орындайтын -----------------------------

Қабыл алыңыздар.

5. Ұстаздық –ұлы керемет себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

Болашақтың басшысында,данасын да, ғылымын да, еңбекқор егіншісін де, кенішін де ұстаз өсіреді –деген екен ұлы Бауыржан Момышұы атамыз.Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.-дей келе сіздерге арнап өлең жолдарын оқитын осы мектебіміздің маңдай алды 9 сыныпта оқитын қыздарымыз Жанар мен Дианаға кезек берейін Қабыл алыңыздар.

6. «Мектеп- білім тірегі, ұстар оның жүрегі» -деп ғұламалар айтқандай,кез келген адам ұстаз бола алмайды.Себебі, ұстаздық –өнер,тағылымы терең өнер.Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Олай болса,келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейін.Өз өмір жолдарыңызды,ұстаз болуының қыры мен сыры туралы оқушыларға шынайылықпен сыр бөліссеңіздер.

7.Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке қадамды анық бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен осы кешті сыйға тарттық

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ардагер ұстардар берсе екен деп

Бата сұрайды балалар.

8. Өзгерген не?

Адам ба? Әлде заман ба?

Ата –анаға деген парыз қалмаған ба,адамда

Ей ,адамдар

Құрметтеңдер үлкенді

Содан ешкім кем болған жоқ ғаламда! – деп кеш қонақтарына –кітапханашылар атынан сый-сияпат көрсетеміз.

Сонымен, ардагер ұстаздарға арналған «Ардагерлер- даналық пен даңқтың үлгісі» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз.Барлық ардагерлерге алтын уақыттарыңызды бөліп,оқушыларға сыр бөлісіп сұхбаттасып әңгімелескендеріңізге мыңда бір алғыс оқырмандар атынан. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат ұзақ ғұмыр несіп етсін Алла тағала және отбастарыңыз аман болсын-деп тарасып естелікке суретке түсеміз.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов