Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Тәуелсіздік  туралы сценарий
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тақырыбы:«Тәуелсіздік тұғыры биікте»
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2-жүргізуші:
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.
2-жүргізуші: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.
Мультимедиялық тақтадан Президент қалай сайланғаны және Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы кино көрсетіледі.
1-жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
2- Жүргізуші:
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл!
1-жүргізуші:
Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада өзінің тамаша әнімен Нұр-аға әні
2-жүргізуші:
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық бейне-ролик№2)
1-жүргізуші:
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз.
2- жүргізуші:
Осы бір бейне-роликтен кейін рухтанып алсақ қайтеді?!
1-жүргізуші:
Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін.
(ақындар тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды)
Алуа «Тәуелсіз еліме 25 жыл!»
Ұлан-байтақ неткен жер!
Дәнді-дақыл еккен жер.
Жеттік міне арманға
Қазақстан-Ерікті ел!
Талай боздақ өткен жер,
Маңдай терін төккен жер.
Тәуелсіздікке қолы
Қиындықпен жеткен жер.
Өзіңде бар Елбасы
Туыңда бар,әрине
Елтаңбаң бір ертегі
Әнұраның тәрбие.
Енді қанат жаялық
Қыран құстай самғайық.
Туымызбен тұғырлы
Бірге желек қағайық.
Егеменді ел болдық
Ел намысын сақтайық.
Қазақстан байлығын
Бөтен елге сатпайық!

Салт-дәстүрін қазақтың
Жаңғыртайық ,жасайық!
Үлгі етіп ұл-қыздарға
Үлкен үміт артайық.
Тілді сыйлап,шұбарлатпай
Қастерлейік халайық!
Қазақ тілін дамытуға
Күшімізді салайық!
25 жыл міне,толып отыр,
Егеменді еліме.
Өрт салмасын бөтен елдер
Атамекен жеріме.
Аңсап күткен бұл тойымыз
Құтты болсын бәріңізге
Ұзақ ғұмыр,бірлік ,табыс
Тілеймін жас-кәріңізге.
Айлана «16-шы» желтоқсан
16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн,
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Мейіржан,Дильназ «16-шы» желтоқсан
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп Ананың
Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары

Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

2-жүргізуші:
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
1-жүргізуші:
Ортада тағы да бір әсем ән болсын. Ән шашу. 3 «Б»-сынып
Тәуелсіздік алған 25жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз.Барлығымыз тәуелсіз заманның,егеменді елдің бақытты қожасы болдық.Тәуелсізбін,Тәубе саған жарық күн дегім келеді.Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі,көрмеген қасіреті қалмаған.
1 «А»-сынып
2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші,Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған.
2 «Б»-сынып
1-жүргізуші:
1997жылы 17шілде де Қазақстанда «тіл туралы»заң қабылданды.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.Қазақ тілі өте бай,терең мағыналы,көркем тіл.
4 «Б»-сынып
1-жүргізуші:Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы.1993 жылдың 15 қараша күні Ұлттық теңге күні.
1 «Б»-сынып
2-жүргізуші:
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздік тұғыры биікте» атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті.
1-жүргізуші:
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!
Қорытынды:Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов