Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от amerikan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

«Үлкенге   құрмет, кішіге ізет »

(Мектеп түлектерімен кездесу) 

1 – жргізуші: Сәлеметсіздерме  патша   көңілді  көрермен.

2 – жүргізуші:Армысыздар   барға  шүкір,азға   қанағат  етіп, алғысқа  бөленген құрметті   қонақтар.

1- жүргізуші:  Бүгінгі   кеш  бұрынғы   кештен   өзгерек.

2 – жүргізуші: Олай   болатыны, Мектебімізде  бұрын  соңды  болмаған,

1 – жүргізуші:Ризашылыққа  толы, сазды   әуен,мазмұнды   әңгімемен   өрілген, Тәуелсіздігіміздің   25  жылдығымен   қатар,1- наурыз  алғыс  айту, күніне  тұспа- тұс  келіп  отырған,өз кезінде  алтын  ұя  мектебінен қанат қаққан түлектермен және  соғыс,  еңбек   ардагерлерінің   қатысуымен, «Үлкенге   құрмет, кішіге ізет » атты  кешімізге  қош  келдіңіздер.

1 – жүргізуші: Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,

Мектеп, мектеп, ана болып көріндің.

2 -жүргізуші: Бойларыңда жігер күші тасыған,

                         Кездері жоқ қиындықтан жасыған.

Қонақтарым келіп отыр бой түзеп,

 Арналсыңшы оларға бүгін сый құрмет, - дей келе «Жас Ұлан» балалар ұйымының  сәлемдемесін  қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: Бүгінгі   күн   нұрлы   күн,

Жарық  шашқан   әлемге.

 Ескеретін   күн  бүгін,

    Ризашылық  қой   әр  елде.

2 – жүргізуші: Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметепенен өзіңізге,

    Қонақтарға  арналсын алғысыңыз.

1 – жүргізуші:Алтықарасу   елді   мекенінде   туып   өскен, Алтықарасу   орта  мектебінің   түлегі, бүгінде   осы   аталмыш  мектептің    басшылық   қызметін  атқарып   келе  жатқан,

2 – жүргізуші: Алтықарасу  мектеп – балабақшасының директоры Алишов Мақсұт Жұмайұлына    сөз   кезегін   береміз.

1 – жүргізуші: Қызмет қылсаң халқыңа,

                          Игі ат қалар артында, - деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгін біз қонаққа  еңбек  ардагерлері,   

мектебіміздің бұрынғы түлектерін, кешімізге қазіргі таңда әр түрлі салада ауданымызда түрлі мамандық бойынша қызмет етіп жүрген мамандарды, талай жыл өз мамандығының игілігін көріп халқына қызмет етіп жүрген аға – әпкелерімізді таныстырып өтейік.

1.

2.

3.

2 – жүргізуші: Тарихты білмей болашақты бағдарлау мүмкін емес! 

1 – жүргізуші:Өткен    күн, кеше  -тарих,

                         Келер күн ертең - сыр,

                         Ал   бүгінгі   күн -  үлкен  сый

2 – жүргізуші: Осы   тұста  сіздің   ойыңызды   білуге  болама?

1 – жүргізуші: Менің   айтқым  келгені мектебіміздің   өз   тарихы  бар,ендеше мектебіміздің    кешегісімен   бүгініне  көз  жүгіртейік.

Слайд   Ән....  «Шын   жүректен» - Орындайтын:10 класс   оқушысы  Мұңатбай  Кәдірбек

2 – жүргізуші:   Мектебімізде   өткен    іс –шараларға  демеушілік    көрсетіп,балаларға    көтеріңкі   ңөңіл-   күй   сыйлай  білген    ағаларымыз

1-    Жүргізуші Нұрмұханов Бекболат Еркінұлы,

2 – жүргізуші:Мырзағұлов   Еділ Сейіткерейұлы,

1-Жүргізуші Қалекешов  Қаңтарбай Жаңабайұлы,

2 – жүргізуші:Жақсығалиев  Ербол Шүренұлы,

Наренов Ербол    на    ризашылығымызды   білдіріп, алғыс  айтамыз.

1 – жүргізуші:Осындай   жаны  жомарт, ауылымыздың жанашыр  ағаларымыздың  құрметіне  келесі   ән  шашуды   қабыл  алыңыздар,- Ән « Егемен  Қазақстан»- орындайтын,Мектебіміздің   ұстазы - Әбуталипова Гұлжазира  Наурызбайқызы.

ответил от amerikan
0 голосов

2 – жүргізуші: Таң қалмасын қызықтын шағы қызған

                           Жана берсін бақ артып, бағыңыздан

                           Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

                           Ақтарылып көріңіз ағыңыздан.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғанымызға  биыл 25  жыл,ендеше   осы  ортамызда  отырған  қонақтарымыздың   өз  ойларын  білгіміз   келіп  отыр.

1-сұрақ. Осы   уақыт  аралығында   өзіміздің     туып   өскен   өлкеміздің  қаншалықты   көркейгендігін   қалай   айтып   жеткізер   едіңіз?

Олай   болса, туған    ауылымызға   жыр  жолдарын арнаған, Бақтығали  Сайынұлы     сөз  кезегін   сізге  береміз.

2– жүргізуші: Иә, аға расында да, бүгінгідей  ризашылық   күнінде  Қазақстанды  дүние  дидарындағы   ең  мықты  мемлекеттер  танитындай   және   мойындайтындай   деңгейге   жеткізген  тұңғыш  президентіміз Н.Ә.Назарбаевтай   көреген  саясаткердің  еңбегін айтып  кетпеске  болмас.

Слайд Елбасы

1-жүргізуші: Олай  болса,   барлық   мамандық   иелері,ұстаз алдынан  тәлім  -тәрбие алып, білім  нәрімен сусындаған.

2-жүргізуші:

Бүгінгі   күн  сіз   бен   біз   үшін  ерекше   күн. Өйткені,бірнеше  жылды  артқа салып,білім алған   алтын  ұя  мектебіңізге сағынышпен  келіп  отырсыз,сізде  бір   күндері  ұстаздан  тәлім  алған  шәкірттердің  бірісіз,дәл   осы сәтті  пайдалана  отырып, мектептегі  алғашқы   ұстазыңыз, және   оқушылық  кезіңіз  туралы, біз  секілді  жас   буын, ұрпаққа  не  айтар   едіңіз?

2 – жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
 Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың, - дей келе келесі әсем әнімізді   қонақтарымызбен  ұстаздар қауымына арнаймыз! Олай болса мектебіміздің   күміс көмей  жезтаңдай әншісі  Саматқызы Көркемайды  «Мектебім» әнімен ортаға шақырамыз!

Барлықтарыңызға  ортақ   сұрақ

2 – жүргізуші: Мамандығым мақтанышым дегенді сіз қалай түсіндіріп бере аласыз?

1 – жүргізуші: Аудан көлемінде жүлделі орындармен оралып, мектебіміздің мәртебесін көтеріп жүрген біздің мақтаныштарымыз Айзада мен Айдананы «Таус» биімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

2 – жүргізуші: Бүгінгі күн нұрлы күн

Жарық шашқан әлемге

Ескеретін күн бүгін

Ризашылық қой әр елде

Монолог «  Досқа  алғыс»   орындайтын  мектебіміздің  ұстазы -Шынтас Мәншүк

1 – жүргізуші: Келесі кезекті  сіздерге  таныс әуенімен,жақсы   әсер  қалдырған,көптің  көңілінен  шыға   білген ән, «Армандастар» сіздер   үшін- қабыл  алыңыздар.Орындайтын-музыка  пәнінің   мұғалімі – Гүлбарам   Хабиболлақызы

1 – жүргізуші: Қабыл етіп қонақтардың тілегін,

                           Тілегіңді тұмар етіп жүремін.

                            Кейінгіге жақсы ісің үлгі етер

                            Өздеріңіздей болса деймін түлегім- дей келе ,сіздерге әсем   әдерімізді  жолдаймыз.

 «Ұстазым » әні   орындайтын- Сисенғали   Нұрай   7- сынып    оқушысы

Ән «  Ауылым »   орындайтындар-   10- сынып   оқушылары Қанатов  Нұрғизат  пен  Мұңатбай Кәдірбек. 

 2 – жүргізуші: Ісің оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз!

                           Даңқым шықсың десеңіз

Көпшліктің адамы болыңыз - дей   келе, талай  шәкірттердің    өміріне   жол ашып, білім нәрімен сусындатқан, үлгілі зейнеткер   ұстаз, ауылымыздың   құрмет  тұтар   үлкені- Жұбай  атамыздан   бата  беруіңізді   сұраймыз.

 1 – жүргізуші: Еңбек  етсең   еленерсің,

Еңбегіңе   кенелерсің

2 – жүргізуші: Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну үлкен бақыт – дегендей мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, еңбек атты кемел  жолда  табысты болуларыңызға тілектеспіз!

 Мектебіміздің қадірлі қонақтары, мектеп түлектері, Тәуелсіздігіміздің   25  жылдығымен   қатар,1- наурыз   алғыс  айту  күніне  орай   ұйымдастырылған «Үлкенге   құрмет, кішіге ізет » атты  кешіміз  өз мәресіне де  жетті.

1 – жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды  қиып, мектебіміздің іс шарасына арнайы келіп ой  бөліскендеріңізге көп –көп рахмет.

Бірге  Сіздерге  алғыс   айтамыз!

ответил от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Gulimzhan в категории Образование