Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жаңа мектеп- жаңа дағды

Мектеп табалдырығын имене аттаған 7-сыныптар үшін жаңа мектеп жарқын ұстаздарымен,жоғары талабы және қағидаларымен біраз бөлекше көрінді.

    Мектеп қайда да болса, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып,болашақ өмірге дайындайтын киелі орта. Ондағы ұстаздар да өзінің өмірлік тәжірибесі  мен мол білімін оқушыларға беруде қаншама күш-қайратын сарп етіп,біздің бойымызға асыл қасиеттер мен шексіз білімді сіңіре білді.

                     Ұстаздарыма ризамын .Жаңа мектепке келіп,жаңа ұстаздарымнан мақтау естігенде,осылай оқытып,тәрбиелеген мұғалімдерім болғанына қуандым. Талаптыға қашан да жол ашық. Оқу-білімге деген құштарлығым Дарын мектебіне келгенде өршімесе,төмендеген жоқ. Әсіресе,мектептегі сабақтың жүргізілу үрдісі, оқушыларға сабақты айтуға қатысты қойылатын талаптар мені қызықтырды. Мысалы,біздің ұстаздарымыз бізден сабақ айту кезінде оны толық баяндамай,нақты тұжырыммен «шағын баяндау»жасауды талап ететіні,уақытты үнемдей отырып,45 минутта көптеген ақпаратты қабылдап,оған талдау жасап үлгеруге бағыттайтындығы ерекше ұнады. Олай дейтінім, сабақты айтып жеткізудің формасын өзгерту арқылы оқушының жан жақты сауаттылығы қалыптасатынын түсіндім,яғни,мектептегі мол білім қоры шынайы өмірде қиындықсыз жүзеге асуына қызмет ететін мұндай дағдылпр заман талабы екені түсінікті болды.

          Тіл сабақтарында сөйлеу, мәтін түзу, нормаларды меңгеру, талдау ережелері өз алдына бір төбе. Сөздің жеке тұрғандағы қызметі  мен мәтін ішіндегі қызметін анықтау,жасырын формалардың қызметін дәлелдеу,омофон тұлғалардың қызметіне қарау,сондай-ақ осының бәрінің
 сыртында күрделілік деген дүние тұратындығы біз үшін жаңалыққа,күрделілікке деген талпыныстың алғашқы қадамдары десек те болады.  

     Сыныптағы «5»деген бағамен оқып келген оқушылардың өз қабілеттері мен үлгерімдеріне деген таңданыстары-бәрі де әзірге қызық әрі тосын жайлар болып жатыр.  Менің бір байқағаным,сабақтағы зеректік,ынта,ықылас,зейін қою,шағын деңгейлік жұмыстар топтамасын орындау қай оқушыны болса да жаңа мектептің жаңа дағдыларын тез игеріп кетуіне көмектеседі екен.

             Оқулықта берілген ғылыми дәрежедегі ережелерден жаңа бір ереже шығару,оның қай сипатына қарай шығарылғандығын тұжырымдау оқушылар үшін әрі жаңа,әрі көне білімді ұзақ есте сақтаудың бір кепілі екенін біліп келеміз. Сонымен бірге бір пәннен алған білімді басқа сабақта ұтымды қолдана отырып,ойлауды дамытуға,салыстырулар жасауға,ақпаратты қайта өңдеуге мүмкіндік алады екенбіз.

           Мектептегі «Жас талант» шығармашылық тобының тың идеяға құрылған бастамалары мені қатты қызықтырды. Жас авторлардың жазу стилін меңгеруі,шығармашылық жобалардың өңделуі,баспаға жариялау,мектепішілік үздік жұмыстарды анықтау арқылы жас дарындардың талабын қанаттандыру сияқты ізгі жұмыстардың жүретіні де оқушыға үлкен көмек береді.
 
     Иә,сабақтың басталғанына 2-айға кетті. Бұл күнде біз ғылыми жүйеге бағытталған басты дағдылармен қаруланған,үлкен мақсаттары бар,күрделі жоспарлармен жұмыс жасайтын тәжірибелі оқушыларға айналып келеміз. Сондықтан,біз жарқын күндердің жасампаз келешегін құрушылар ретінде үлкен жолдарға түсіп, үлкен жобаларды жасауға қатысуымыз керек. Ол үшін бізге терең білім ғана емес, төселген дағды,есейген тәжірибе,мол ізденістер керек болады. Біз бұл құндылықтарды бізді бағыттаушы-нұсқаушы маман-ұстаздарымыздан аламыз. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Бұл мерекені сөзбен емес,іргелі істерімізбен қарсы алуға мақсат қойып отырмыз. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ел болашағының үміткерлері ретінде білімге ұмтылайық,білімді игерейік,оны өмірде қолдана білейік,достарым!
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов