Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың
алғыспен отты жүректерден!
Диас:Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымышәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы менсуығына
төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңілімізболмаса
жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай
тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзатбаласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етеміз! РАҚМЕТ
СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!
Дильназ:Оқыңдар ұл-кыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете, ұстаздар.
«ҰСТАЗЫМ» әні орындалады.
Диас:Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға
көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Рахат: Енді міне сауатымызды ашып, білім
негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы
тұрмыз.
Аружан: Иә,
міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде
біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Дильназ: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы
неге айтпасқа !
Айдана: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Ақнұр: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен
біріміз.
Дәнекер:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай
жылдарға.
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Әсемгүл : бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән «Ғажайып түс көрдім ».
Рахат: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды
асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ,
көйлегіміздің көк болып жүруі де сол
кісілердің арқасы.
Аружан:Ыстық-
ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген-
дегендей әкенің орны бөлек ау.
Әдемау:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер
үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Диас:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат
болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет
арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ
сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Дильназ:Иә, дұрыс
айтасың Диас. Біз болашақта саналы да, ақылды
бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Айдана:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да
сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да
сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын
анашым!
Темирлан:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ
мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек
етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Рахат. Ақ жаулықтты әжелерге, ардақты аналарға арнап, « Ана» әнін қабыл
алыңыздар.
Аружан:Жетекші
боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз
сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін
де- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!
Ұстаз тілегі: Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім
ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын
жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Мектеп директорының құттықтау сөзі
Марапаттау рәсімі
Вальс (Бітірушілер
вальсі)
Диас:Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
Дильназ:Төрт жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Құрметті біздің балалар,
Орындалды ойыңыз
Құтты болсын тойымыз!
Рахат:Ақ күмбез үйлері зәулім дейді,
Көкшетау көркейіп дәуірлейді.
Елімнің сәулеті, сәні осында,
Арманым, үмітім
— бәрі осында.
Аружан: Сен неге Көкшетау туралы өлең оқыпкеттің?
Диас:Оның себебі бар слайд көрсету
(Ән
орындалады) «Жаса Көкшетау»
Рахат:Бастауышым -Балбұлағым,
Аружан:Лаулап жансын шамшырағың.
Диас:Өзің берген біліміңнен,
Дильназ:Самғап ұшты тау қыраның.
Рахат:Өтті қызықшағым,
Аружан:Бастауышым -Балбұлағым
Диас:Қоштасар күн жетті міне,
Хормен:Қимастықпен қол
бұлғаймыз! Қорытынды сөз, ата-аналарға ,
қонақтарға беріледі.«Тек Алға»әнімен қорыту.