Қызылорда қаласы,Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
математика және информатика
пәнінің
мұғалімі
Тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым»
мамандық таңдау кеші
Мақсаты: Мамандық
таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін
шешуіне ықпал ету.Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі
ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып,
отансүйгіштікке тәрбиелеу
Өтілу барысы
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары – мектебіміздің
түлектері!
Мектеп бітіруші
түлектерімізге кәсіби бағыт - бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған
«Мамандығым-мақтанышым» тақырыбындағы мамандық таңдау кешіне хош келдіңіздер!
Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?»
немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны
анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы
қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай
өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы
өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам
еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға
маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған
адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа
күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс
– табыс биігіне жеткізетін қанат. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз
айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Осындай ниетпен
шәкірттеріміздің болашағына сәттілік тілей отырып, кешіміздің шымылдығын әсембимен ашқымыз келеді.
Би - шашу.
Жүргізуші:
Мектеп – шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың
болашағына даңғыл жол салып береді.Әрбір шәкірттің ертеңіне алаңдаған ұстаз
олардың кемел келешектің иесі болуын көздейді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі
жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты
игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен
мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы
білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануын тілейміз.
Кешіміздің мақсаты да – осы. Болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет.
Осы орайда кешімізгеауылымыздыңеңбектің әр саласында
қызмет етіп жүрген іскер мамандарды жне кешегі оқушы,
бүгінгі кезде болашақ мамандар атанып отырған студентттерді шақырып, ой бөліскелі
отырмыз.
Кешіміздің қадірлі қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
ЖҮРГІЗУШІ:
Қош келдің
тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың
шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі
болған кішілерге,
Ұстаздар шын
пейілімен жыр арнады, - деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің
директоры Құлғазиев Жеңісбек ағайға береміз.
Кеш қонақтарының
қадамына нұр жаусын дей отырып қадірлі қонақтарымыздың құрметіне ән -
шашуымызды тарту етпекпіз.Қабыл алыңыздар!
Ән-шашу:__ «Қырманға
кел, қалқатай!-орындайтын Бахтияр Дінислам
Жүргізуші:Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын
мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен?- деген сұрақтың алдында біраз
тосылады.Ол тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені бұл
оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата - ананың, туған - туыстың, іні - қарындастың,
жора - жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн. Бірақ, шешімді сөз, ақтық
таңдау өзіңде, жас талапкер! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар.
«Кім болам?»- деген сөз бар? Оған да құлақ сал!
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та, бар қалан!- деген Абай сөзі бүгінгі отырған сіздер мен біздерге
терең ой салса керек.
Сіздерге өз мамандықтары жайлы өз пікірлерін білдіріп, ақыл - кеңестерін беру
үшін ортамызда түрлі мамандық иелері отыр. Біздің шәкірттеріміздің басым
көпшілігі дәрігер болуды қалайды.
Қиялыммен шарлап бүкіл әлемді,
Арманыма қанат байлап барамын.
Асу бермес асуларды бағынтып,
Болашақтың жұлдызы боп жанамын! - деп, жас кеуделері тәтті арманға толы өскелең
ұрпағымызға мамандық туралы түсінік беріп, олардың қыр – сырын тереңдей
әңгімелеу үшін сөз кезегін қонақтарымызға ұсынғымыз келеді.
Алғашқысөз.............беріледі.
Жүргізуші:
Тастапарзанойыңды
Жақтаүмітіналауын
Ортағасапойыңды
Қанеқайсықалауың?
Біліп жайын кәсіптің
Талай сырға қанықтық
Қандай іске машық кім
Зерделедік дәл ұқтық.
Келесі
сөз.............. беріледі.
Қандай
мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
Жүргізуші.Тәртіп – табыс тұтқасы. Қылмыс пен құқық бұзушылыққа
қарсы күресіп, елімізде тәртіптің орнауын көздеген полиция қызметкерлерінің
еңбегі де өлшеусіз. Біздің шәкірттеріміздің арасында полиция қызметкері болғысы
келетін талапкерлер де бар. Сондықтан мектеп инспекторы --------осы мамандықтың
қыры мен сыры туралы әңгімелеп беруін өтінеміз.
Қазіргі таңда шаруашылық саласында үлкен қажеттілікті талап ететін мамандықтар
қоғамның сұранысына ие. Міне, осындай шаруашылық саласында шәкірттерді білім
нәрімен сусындатар Келесі сөз
кезегін
қонағымыз................ұсынамыз.
Ән шашу: ___ «Келіншек» күйі орындайтын Шайзада Мейіржан