Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Атырау облысы

Исатай ауданы

Аққыстау селосы

«Балдырған» бөбекжай – бала бақшасының

Жоғары санатты Әдіскері Хайруллаева Назгүл.

«Қазақстан – кеше, бүгін, ертең»

Сыныптан тыс іс-шара жоспары.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілетін «Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі» атты балабақша түлектерімен кездесу кешінің сценарийі.

(Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылады)

Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар, балабақша түлектері. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткелі отырған «Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі» атты балабақша түлектерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер!

- Бүгін қуанышты күн – бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Тәуелсіздік – бұл ата – баба арманының орындалғанының айғағы.

25 жыл ішінде біздің мемлекетіміз барлық қиындықтарды басынан өткеріп, елімізді әлем картасына белгіледі, сол арқылы еліміздің дәрежесі көтерілді.

25 жылішінде Тәуелсіз ел қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман – есен өтіп келеміз. Тәуелсіздік – еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке.

... Уақыт зымырап өтіп жатыр. ...Барлығы өте тез. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардың басында ғана ашылған біздің «Балдырған» балабақшамыз да Тәуелсіздік жылдарымен бірге жылыстап дамып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып, Тәуелсіздік тұғырын тірейтін түлектер тәрбиелеп келеді.Түлектер, сіздер кеше ғана сәби бүлдіршін едіңдер, бүгін міне ер жетіп азамат болдыңдар, осы сіздер біздің елдің ертеңгі тәуелсіздігіміздің тірегісіздер.

Бүгінгі кездесу кешіне болашақ Тәуелсіздік тірегі болар балабақшамыздың 25 түлегі қатысып отыр.

Олар:

1. Балабақшамызды 1996 жылы аяқтаған 2 ші түлегі –хххххххххххх

2. хххххххххх

Жүргізуші: Біздің ортамызда балабақшада көп жылдар әдіскерлік қызмет атқарып, қазір зейнеткерлікке шыққан, сіздердің сәби шақтарыңызда балабақшада қалай тәрбиеленгендеріңізді көріп, сол жылдарға куә болған бақшаның аже тәрбиешісі Гүлнара Пангерейқызы отыр. Гүлнара Пангерейқызы сөз кезегі өзіңізде.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Құрметті балабақша түлектері меркелік кешке тағы да қош келдіңіздер! Балабақшаның 22 – ші түлектері меркелік шашуымен ортамызда!

Би «Стеляги». Жетекшісі балабақша тәрбиешісі – Динара Ерболатқызы.

Құттықтау сөз балабақша директоры міндетін атқарушы Гүлнара Саматқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалық шақ, жасөспірім кезең, ересек адам, қарттық кезең – осының бәрі адам баласының өсу үрдісінің көрінісі. Осындай кезеңдердің ең тамашасы – балалық шағы. Тәлім – тәрбиенің, білімнің ең алғаш бастауын , өнегенің бастауын балалар осы балалық шағында алады. Осындай тәрбиенің бастауын бастап , біз балабақшадан беретінімізді мақтан тұтамыз. Ендеше құрметті түлектер, сіздерге балабақшадағы өткен күндеріңді еске түсірер «Балабақшам – балғын шағым» атты балабақша бүлдіршіндерінің қойылымын тамашалай отырып, балалық шаққа бір сапар шегіп көрейік.

Мерекелік құттықтау ортаңғы топ бүлдіршіндерінен.

(бүлдіршіндер кеш қонақтары атымен тақпақ айтады)

Мұхаммед:

Бойға жинап салт-дәстүр мен мұраны,

Ел мүддесі болсын асқақ ұраны

Мәртебесін көтеретін биікке

Ағаларым-тәуелсіз ел қыраны

Саябек:

Асқан сайын өмір-жолдың өткелін

Балалық шақ сағындырар көктемің

Тілекші боп тұрады ылғи анаңдай

Балабақша алтын ұя мекенің

Нұртас:

Білімді жаста бастадың

Ғылымды іздеп үңіліп

Өмірге сапар бастадың

Біздің балабақшадан

Рахим:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады

Іңкәр:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Томирис:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық

Камилла:

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

Асылхан:

Тәуелсіздік ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемде

Сен, жасай бер мәңгі бақи

Қуанышқа бөлен де

Айкөркем:

Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем!

Құшағында қаулап өскен гүлі ертең

Отаным деп мен өзіңді сүйемін,

Абыройыңды асқақтатам мен ертең

Елім менің, тәуелсіз жерім менің

Күннен алған шуақты өмір деймін

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағың төбемнен көрінген күн!

Адия:

Елімнің атын айтсам-Қазақстан

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан

Қойнауы қазынаға толған мекен

Байлығым атын айтсам-Қазақстан

Алихан:

Қазақстан- бабамнан қалған мұра

Сенбейсің бе-даламнан бар да сұра

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

Батырларым демесем, болар күнә

Ерсәт:

Қазақстан-ұлт атын ұлықты еткен

Ұлылардың арманын биіктеткен

Өзге де ұлт ұлысқа қоныс болып

Оларға да жақсылықты үйіп-төккен

Алина:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын

Көзге жас кеудеге өксік тығылмасын

Тұрғанда көкшіл тудың көкті тіреп

Қазағым,сен қашанда тұғырдасың.

Біздің балабақшадан түлеп ұшып,әр түрлі білім ордаларынан білімдерін толықтырып Қазақстанның түкпір -түкпіріне бір- бір кірпіш болып қаланып Тәуелсіз еліміздің өсіп өркендеп дамуына өз үлестерін қосып жүрген түлектеріміз үшін біз әрине қуаныштымыз.Біз оларды өмір баспалдағының ең алғашқы сатыларында тәрбиелеп сусындатқанымыз үшін мақтанамыз.

«Түлектерім – тәуелсіздік тірегі» балабақша түлектері туралы балабақша мақтаныштарына арналған бейне көрініс тамашалайық.

Балабақшаның 2016 жылғы 22-ші түлегі Қадірхан Эльнараның орындауында «Біз бақытты баламыз».

Көркемсөз «Қазақстан - тәуелсіз ел». Орындайтын Махамбетқызы Ақниет.

Жүргізуші: -Мәңгілік ел құрудағы мемлекеттің үміт артары – олар қазіргі жастар! Болашағына үміт күттірер жас буын өкілдері– балабақшамыздың түлектері.Еліміздің әр түрлі оқу орындарында білім алып бүгінгі кешке қатынаса алмай бірақ өз құттықтауын ерекше ықыласпен интернет желісі арқылы жіберген түлектер құттықтауына кезек берейік.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Құттықтаулар:

1.Балабақша түлегі Евразия Ұлттық Университетінің студенті Таженов Саламат Маратбекұлы.

2.Балабақша түлегі ӘлФараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті Мустахимова Айзада Бейімбетқызы

3.Балабақша түлегі Атырау қаласындағы №14 мектептің ұстазы Шапағатова Жұлдыз Серікбайқызы

4.Балабақша түлегі Манчестер қаласындағы Манчестер Университетінің студенті Қапсих Ғалымгерей Бауыржанұлы

5.Балабақша түлегі № 34 лингвистикалық мектеп гимназиясының студенті Мұратқызы Дана

6.Балабақша түлегі Евразиялық Ұлттық Университетінің студенті Ғатиетова Елназ Талғатқызы

7.Балабақша түлегі Астана Медициналық Университетінің студентіБақбергенқызы Балерке

8.Балабақша түлегі Тенгизшевройлда инженер мамандығы бойынша жұмыс жасап жатқан Самигуллаев Қуаныш Қайратұлы

Жүргізуші:

Қанатым талмайды

Қиялым самғайды

Ақын да, ғалым да

Ұстазсыз болмайды- дей келе бүгінгі кешімізге балабақшамызда меңеруші болған қазіргі таңда аудандық білім бөлімінің әдіскері Света Борашқызы, көп жылдар осы балабақшада тәрбиеші болып, көптеген түлектер тәрбиелеп шығарған, қазір ауданымыздағы «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері Ақлима Әбсаттарқызы қонақта. Сонымен қатар бақшамызда балабақша ашылған сәттен бастап тәрбиеші қызметін атқарған ауданымыздың орталығынан ашылған еңселі «Нұршуақ» балабаұшасына бірі әдіскер, бірі меңгеруші, бірі аға тәрбиеші болып жұмыс ауыстырған Айтолқын Ғарифоллақызы, Жанар Айбарқызы, Жанаргүл Әжбенқызы да бүгінгі кездесуде ортамызда. Ендеше сөз кезегін қонақтарымызға жолдаймыз.
Ендеше сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: Қазіргі таңда Республикамызда жастардың өмірден өз орнын тауып, заман талаптарына сай білім алуына үлкен мүмкіндіктер жасалған. Сіздер балабақшамыздан тәуелсіздік жылдары түлеп ұшып, мектепте білім алып Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі өркендеуіне үлесін қосар ұрпақсыңдар. Сөз кезегін құрметті түлектер өздеріңізге жолдаймыз.

Түлектер құттықтауы, пікір алмасуы өтеді.

Балабақша түлегі Кенжемұратқызы Дананың орындауында ән.

Келген қонақтар балабақша кездерін еске алып «Қошақаным» әнін орындайды.

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым
Тәуелсіздік құтты болсын алыбым!

«Тәуелсіздік» әнімен ортада балабақша тәрбиешілері!

Балабақша директоры міндетін атқарушы Гүлнара Саматқызы қорытынды сөз сөйлеп, түлектерді алғыс хатпен марапаттады.

(Түлектер тәрбиешілермен вальс билеп кеш аяқталады)

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ