Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тараз қаласы №47 орта мектебі

Түзете дамыта оқыту сыныбының жетекшісі:

жас маман психолог Жанәбілов Данияр

Сыныптан тыс cабақ тақырыбы: «Тәуелсіздік – тұғырым»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жанәбілов Д. 8 ТДО сынып жетекшісі
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» -

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

«Тәуелсіздік - тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор: « Әрқашан күн сөнбесін»

Кезек 3 ТДО сынып оқушыларына:
1-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
3- оқушы:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
4 – оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
5- оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Ән: «Астана» 9 ТДО сынып оқушысы Саргулов Жалғас

Кезек 8 ТДО сынып оқушыларына:

Сахналық көрініс: «Алдар мен бай»

1 – оқушы
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

2 – оқушы
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

3 – оқушы
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

4 – оқушы
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Би: «Ерке сылқым» 9 ТДО сынып оқушысы Дүйсенбек Мақпал

Кезек 7 ТДО сынып оқушыларына:

Сахналық көрініс: «Әке мен бала»

1– оқушы
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

2 – оқушы
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Барлығы:
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Ән: «Қазақ осы»

Назарларыңыз үшін рахмет!
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
6 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ