Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

"Қызылқұм" жалпы орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі

Агмантаева Бигайша Кагазбековна

Тәуелсіздік - ата-бабам аңсаған

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың ҚР туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылық қабілеттерін арттыру, туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу, оқушылардың туған еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту.

1 – жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар. Сіздер бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Биыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл толса, қазақ хандығына 550 жыл толып отыр. Бұл екі уақыттың қай-қайсысы да бар қазақтің басын қосатын, бар қазақтың бірлігін нығайтатын мерейлі мереке. Халқымыздың азаттық жолында сан ғасырлық тарихы бар. Тәуелсіздік – қандай киелі сөз.

1 – жүргізуші: Ия, осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіргенін көреміз. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталып қала берді.

2 – жүргізуші: 16 – желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Тәуелсіз ел болуын қалады. Бұл – қазақ жастарының негізгі мақсаты болатын. Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады.

Ендеше мына бейнероликке назар аударыңыздар!

(бейнеролик көрсетіледі)

Ұлжан: Тәуелсіздік – бабамыздың ұраны,

Бей уақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып – жанбай қалған шырағы.

Балнұр: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

Көрініс: «Қайраттың хаты»

Ән: «Көк тудың желбірегені», орындайтын – Сатыбалды Дархан.

1 – жүргізуші:Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік – сан ғасырлық арман, қол жеткізген ақиқат. Ата – баба аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді, әлемдегі басқа елдермен тереземіз тең болды.

2 – жүргізуші: Қазақтың қойнауы қуат, жері дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам!

Ән: «Туған жер», орындайтындар – Битас Нұрғиса, Избай Бақдәулет, Кәдірбек Бекарыс.

Нұршат: Атыңнан айналайын егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер,

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болып келе берер.

Бекарыс: Тәуелсіз ел атандық енді міне,

Бақыты мен байлығын құйды еліме.

Ата-баба қолымен келген бізге,

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме.

Нұрғиса: Қазақпын, еңселі елмін, егеменді,

Кеңейтіп кең әлемге керегемді.

Мұхиттің ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Ән: «Атамекен», орындайтын – Әбдірахман Балнұр.

1 – жүргізуші: Тәуелсіз елдің тілі бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ, Тәуелсіздік – кешегі қанға бөккен боздақтардың рухы, әрі күллі бабаларымыздың асқақ арманы, мақсат-мұраты.

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік – жойылуы азаптың.

Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс, аяқталды тозақ күн!

Би: «Қазақ күйі - күткенде», орындайтын – «Қызғалдақ» тобы.

Дархан: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болар қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы.

Өздеріңдей ар намысты жас өрені бар елде,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Ақбота: Күндей күліп жарқырайды шығады,

Жақсы әуен жыр мен сәннің бұлағы.

Түсінеміз әннің асыл ырғағын,

Көңілімен тыңдаған жан ұғады.

Ән: «Қазақтай ел қайда?», орындайтындар – Пердеш Балнұр

Рауан: Егеменді ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егеменді деген кезде естілер,

Ата-жұрттың арғысы мен бергісі.

Бақдәулет: Қазағымның бодан болмау арманы,

Ол көрмеген қиындығы қалмады.

Бүгін міне егеменді ел болып,

Есте болар Тәуелсіздік алғаны.

1 – жүргізуші: Келесі кезекте, өз шығармашылығынан Тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқитын оқушыларымызды сахнаға шақырамыз.

(Оқушылар өз шығармашылығынан Тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды)

Ән: «Егемен Қазақстан», орындайтын – Омар Дәулет.

(Оқушылардың барлығы сахнаға шығады)

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов