Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы
Тәрбие сағатының мақсаты

1.Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрену.
2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар

Барысы: I. Кіріспе сөз.
II. Жұмбақтар шешу. Кім тапқыр ойыны.
III. Тақпақтар, нақыл сөздер.
IV. Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)
V. Ситуациялық жағдаяттар.
VI. Ассоц. карта. «Жалғастыр» ойыны.
VII. «Зеңгір көктем» ән.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. I Кіріспе сөз
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.Осы әдептілік ережесін сақтау керек.
Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың. Балалар, болашақ сендердікі сондықтан білім алған жолдарыңнан бастап, мектеп өңірінде болып жатқан тәрбие жұмыстарына назар аударып, ұстаздардың берген тәлімдерін өз бойларыңа жинап, өнегелі болып өсулерің керек.Яғни адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз.Ата-анаңның тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың.Сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-анаңның алдында шыншыл бол! Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол!
II.Жұмбақтар шешу.Кім тапқыр ойыны.
«Әдептілік» тобы
1. Анаңның анасы саған кім?(әже)
2 .Оң аяқ, сол аяқ.Кезек оны тебеді.(доп)
3.Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн. ( апта)
5. Мектептегі екінші анаң.(ұстаз)
6.Бірлік болмай (тірлік)болмас.
7. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар өзінде.(қалам)
8. Сүттен жасалатын тағам.(ірімшік)
9. Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
«Әдемілік» тобы
1. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
2. Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады.
ауырудан, жоқшылықтан,( зерігуден)
3. Жақсыдан үйрен - жаманнан (жирен)
4.
Білім ордасы не? (мектеп)
5. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)
6. Бала тілі - (бал)
7. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
III. Тақпақтар, нақыл сөздер.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

1- оқушы
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
2- оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3- оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4- оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5-оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.

6-оқушы
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салыр салақ болмағын.
7-оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

8- оқушы
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
9- оқушы
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
10- оқушы
Атам маған қашан да,
әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
11- оқушы
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
12- оқушы
Ізетті бала
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек:
-Ағай ғафу етіңіз!
Алға қарай өтіңіз.
-Оқасы жоқ, ұланым,
Ізетіңмен ұнадың.
Деп ағай да Ерланды
Жақсы көріп нұрланды.

Ән: «Не деу керек?» (хор)

IV. Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)

Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдепсіз бала.Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария.Жазып қойған хатпен тең.
4.Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5.Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.
VI. Ситуациялық жағдаяттар.
« Әдептілік » тобы

1. Сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ. Не істер едіңіз?


2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?


3. Сіз мектепте біреуді қағып кеттіңіз.Не істер едіңіз?



«Әдемілік» тобы
1Үлкен әжейге көмектесу үшін, қандай көмегіңді тигізер едің
.


2 Мектепке келгенде,сабаққа кешігіп кіргенде.Не істер едің?


3 Үлкен кісі қолындағы таяғын құлатып алды,не деу керек?

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Хор: Ризашылық әні.. Сөзі мен әні Луиза Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге !

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

VII. Ассоц. карта. «Жалғастыр» ойыны.
«Әдептілік» тобы
Адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болады?
«Әдемілік» тобы
Адамның бойында қандай жаман қасиеттер болады?
«Әдептілік» тобына. Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан ( кесіп өтуге болмайды)
- кішкене баланы ( жылатуға болмайды)
- құстарды (атуға болмайды)
- сабақтан ( кешігуге болмайды)
- сыныпта ( айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды)
«Әдемілік» тобына. Не істеу керек?
- үлкенді ( сыйлау керек)
- үлкендердің ( тілін алу керек)
- кішілерге (қамқор болу керек)
- оқу құралдарын ( күтіп, таза ұстау керек)
- сабақты жақсы ( оқу керек)
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?
1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі.
2-оқушы:Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен.
Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік.

VIII. «Зеңгір көктем» әні

Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.Яғни адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек.«Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз осы екен.

Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз?
- тәртіпті, әдепті, үлгілі т.б.
Ақын:Ермек Өтетілеуов шумақтарында былай дейді.
«Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз таланты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан», деген екен.
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ