Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тараз қаласы

№47 «Нұрбөбек» шағын орталығының педагог-психологы

Абдулина Сымбат Абдулинқызы

Тәуелсіздік – қасиетті сөз.

Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары –«Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл –әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз, қазақ халқы, өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Тәуелсіздік – кез келген ел үшін жаңа сатыға көтерілу мен қайта түлеудің, гүлденіп дамудың тың қадамы, елеулі тарихи кезеңі. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ өлкемізді cан жылдар бойы отарлықтың құрсауында ұстаған кеңестік империя күйрегеннен кейін Қазақ елі еркіндікке қол жеткізді. Алғашқы Конституциямыз бекітіліп, республикалық мемлекеттілігімізді заңдастырған кезден бастап, дербестіктің игілігін сезіне бастадық.
Қазақ елі - әлемдегі ежелгі тарихи терең тамырлы елдердің бірі. Бүгінгі таңда гүлденіп дамуы мен ғылыми - технологиялық жағынан әлемде танымал кейбір елдердің өзі бізден кейін пайда болған мемлекеттер. Сонау Сақ, Ғұн дәуірінен бастап, ежелгі түрік қағанатының балбал тасқа қашалған дерек көздерінен негізге алып, таратсақ тарихымыздың тамыры тереңде жатқанына көз жеткізуге болады.

Көшпенділердің біріккен мемлекеті құрамынан бөлініп шығып, Қазақ елінің жеке шаңырақ көтеруіне Керей мен Жәнібек ханның қосқан тарихи рөлі айтарлықтай. Ел басқарудың, тұрақты әрі бейбіт қоғам қалыптастырудың озық әрі әлемнің ешбір елінде кездеспеген ғажайып үлгісін жасады. Оның айқын дәлелі ретінде көшпенді ру тайпалардың сотсыз, абақтысыз, сақшысыз ел басқарып, «Жеті Жарғы», «Есім занның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» секілді құжаттарымен қоғамдық қатынасты үйлестірулері еді. Шешен билердің бір ауыз сөзіне тоқтап, «Күлтөбенің басындағы күнде кеңесте» айтылған ақсақалдар шешімінің алдында ханның да, қараша халықтың да тең ерікті болуы биік өркениетке жеткен ешбір елде болмаған озық ойлы ақылды жұртқа лайық үрдіс болатын.
Шындық сөзге, әділ іске жаппай мойынсынатын әлеуметтік адал үрдіс қалыптасып, ұлттың өзіне тән дала демократиясының құндылықтары өмірге енді. Сайын даланы көсіле жайлап, күзеген, қыстаған халық өзара жиі араласып - құраласып, құда - құдандалы, нағашы - жиен сынды қарға тамырлы біртұтас қазақ ұлты болып ұйысуларының арқасында үш жүз қаймағы бұзылмаған, ешбір диалектісіз бір тілде сөйлеп, ортақ салт пен дәстүрді қалыптастырды. Қазіргі күні кейбір көрші елдеріміздің өзінде қатар тұрған екі қала тұрғындары өзара тілмашсыз тіл табыса алмайтыны белгілі. Айталық, Пекин мен Шаңқайда тұратын ұлты бір екі ханзу екі бөлек тілде сөйлейді. Сол секілді Дағыстан өлкесіндегі Қап тауының әр сайларын мекендеген түбі бір туыс тұрғындардың арасында бір қыстақтың тілін екіншісі түсінбейді. Шағын ғана территорияны мекендеген осы елдегі қандас бауыр жерлестер өзара алты тілге бөлінген. Олай болса, әрқайсы бір бір мемлекетке татитын қазақтың үш жүзі мен сан ондаған рулары біртұтас салт - дәстүрге бағынып, ортақ бір тілде сөйлеседі. Осының өзі - ақ біздің ел болып ұйысуға, түйілген жұдырықтай бірлікке жұмыла алатын ерекше қабілеттілігімізді айғақтайды. Сан ғасыр бойы ардақтаған ана тіліміз алуан түрлі сынақтан өтсе де өзінің қаймағын бұзбай бүгінге дейін саф алтындай сақталып, тәуелсіздікке жетті.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ