Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: «Қозы. Қошақандар»

Сабақтың мақсаты:Жаңа тақырыnты меңгерту, төрт түлiк туралы бiлiмдерiн одан әpi толықтыру.Мал төлдерінің қалай аталатыны туралы, оларды шақыру туралы білімдерін толық қалыптастырады.Өлeңнің мазмұнын ашып түсiндiру.
Сабақтың мiндеті:

Бiлiмдiлiк: Оқушыларды мәнерлеn оқуға, өз бетiмен жұмыс icmeй алуға төселдiру. Дауысты дыбыстарды таба алуға үйрету.Сөздерді дыбысқа талдап,жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратады.

Тәрбиелiк: Оқушыларды төрт түлiк малды қастерлеуге баулу,төлдерді күтіп бағуға,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Танымдық белсендiлiгiн арттыру. Өз бетiнше жұмыс жүргiзу және ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың mүpi:Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:Слайд, төрт түлiк малдың cypemi, төлдерінің cypemi.

Сабақтың әдici:ойындар, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

-сәлемдесу,түгендеу.

-оқу құралдарын алғызу.

-Балалар таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеден қарасақ нені көреміз?

-Күнді, күннің шуағын көреміз.

Олай болса,орнымыздан тұрып сабаққа дайындығымызды көрсетейік.

ІІ – Слайд


Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге көптеген апайлар келіп отыр. Қане, бәріміз бірге қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері: ІІІ – Слайд


I. Өткен сабақты қайталап nысықтау.

Жұмбақ жасыру. IY–Слайд


1. Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

2. Батырға көлік болған,

Сүті – қымыз,

Жегенге тамақ болған,

Тағамен жүріс.

(Жылқы)

3. Киелі бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

4. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

5. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)

Осы қой, түйе, сиыр, жылқы, ешкіні бір сөзбен не деп айтамыз?

Үй жануарлары.

V – VI Слайд


Тапсырмалар :

1.Сиырсөзіне дыбыстық талдау жаса.

2.Ешкі сөзін буынға бөліп, дауысты дыбыстың астын сыз.

3. «Мал атасы» өлеңін жатқа айт.

VIІ – Слайд


II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. «Сиыр» өлеңін жатқа сұрау.

2.Мазмұнына тоқталу. Сұрақ – жауап

- Сиыр қандай жануар?

- Сиыр бізге не береді?

- Сиырдың төлін не деп айтамыз?

3. Үй жұмысы 31 – жаттығу. 2 – 3 оқушыдан сұрау.

III. Жаңа сабақты меңгерту.VIІІ – Слайд

Таспадан өлең оқу. (балалар мұқият тыңдап отырамыз, қай түліктің атауы кездесті)

«Мәә – мәә» деген әні бар,

Жібек тоны сәні бар:

Қошақаным момақан

Сүйкімді бір жануар.

Оқушы: (Қозы)

ІХ -Слайд

Описание: c:\users\администратор\desktop\ашық сабақ ана тілі слайд\слайд9.jpg

Мұғалім: Өте жақсы, балалар олай болса бүгiнгi сабағымыздың тақырыбы «Қозы» және«Қошақан» өлеңiмен танысамыз.

«Қой» туралы не білеміз?Қой малына сипаттама берейік: Қой – кішкентай, момын, бағымға көнгіш, пайдалы жануар. Төрт түліктің бірі. Үй жануары. Оның төлі – қозы. Ол сондай сүйкімді төл. Қойдың еті, сүті, жүні өте пайдалы. Қой сүтінің емдік қасиеті бар. Ал жүнінен киіз, шұлық тоқиды. Киіз үй жабдықтары қой жүнінен дайындалады.

IV. Оқулықпен жұмыс.

1.«Қозы. Қошақандар» өлеңін мәнерлеn оқып, түсіндіру.

Х – Слайд ХІ –Слайд

ХІІ – Слайд

Қозы

Кіп – кішкене, момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

ХІІІ– Слайд


ХІV– Слайд

Қошақандар

Жайылыңдар кең жерге,

Тиіспейтін сендерге.

Су ішіңдер, қаныңдар,

Көкке тойып алыңдар.

Тек сүзісе көрмеңдер,

Тентек лаққа ермеңдер.

ХV– Слайд


2. Оқушылар тiзбектей оқиды.

ХVІ– ХVІІ Слайд

V. Тақтамен жұмыс: Тақтаға күннің жады, сабақтың тақырыбын жазу.

ХVІІІ–ХІХ Слайд

32-жаттығу.Әр топтағы сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

1. Өріске, жайылды, мал.

2. Шөп, қозы, жеді.

3. Ішті, құлын, су.

4. Тасқа, лақ, секірді.

ХХ - Слайд

Сергіту сәті: Қара жорға.(бейнетаспадан көрсету, бірге орындау)

ХХІ - Слайд

Дидактикалық ойын:

«Қай мал қайтедi?»

Түйе қоздайды.

Сиыр боталайды

Қой бұзаулайды

Ешкі құлындайды

Жылқы лақтайды

ХХІІ - Слайд

«Төлін тап»

Жылқы қозы

Сиыр құлын

Ешкі бұзау

Қой бота

Түйе лақ

ХХІІІ - Слайд

«Не қалай дыбыстайды?»

Түйе мөңірейді

Қой боздайды

Сиыр кісінейді

Жылқы маңырайды

ХХІV - Слайд

34 – жаттығу. (Ауызша орындау)

ХХV – Слайд

VI. Сабақты қорыту: Біз не үйрендік? Топтастыру.


VII. Бағалау:Оқушыларды мадақтау, жұлдызшалар арқылы бағалаймын.

ХХVІ – Слайд

VIII. Үй тапсырмасы:Өлеңді түсініп оқу, жаттау. 33 – жаттығу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ