Шоқан Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұраларын жатқа айту
ü«Едіге жыры туралы»
ü«Абылай»
ü«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»
ü«Жоңғария очерктері»
ü «Қырғыздар туралы
жазбалар»
ü «Қазақтың халық
поэзиясының түрлері туралы»
ü«Ыстықкөл сапарының күнделігі»
ü«Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы»
ü«Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лy провинциясының (Кіші
Бұхараның)
шығыстағы алты қаласының жағдайы
туралы»
ü«Қырдағы мұсылманшылық туралы»
ü «Қырғыздардың
көші-қоны туралы»
ü«Сот реформасы туралы жазбаларда»
ü«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы»
Шоқан орыстың озат ойлы, зиялы қауымымен араласып, өзінің
білімділігін, талантын танытты. Оның көптеген орыс достары да болған.
Ш.Уәлиханов Алтын Емел жотасының (қазіргі Алматы облысы, Кербұлақ ауданы)
етегінде Көшен тоғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезектің ауылында
сырқаттанып, қайтыс болған.
Шоқан Уәлиханов туралы жазған алғыс сөздерді оқушылар
мәнерлеп оқып, ой
толғау
Кадет корпусында Шоқанмен бірге
оқыған С.Я. Капустин ол туралы: «Шоқан көрікті, аса сымбатты болды... бет
әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз
кезеңінің жан-жақты, аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі
зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін.
Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін асқан шешен болатын»,-деп
жазды.
* * *
Шоқан кадет корпусында белгілі
ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г.Н.
Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Арада 30 жыл өткенде Г.Н. Потанин
Шоқанның әкесң Шыңғыс сұлтанның ауылында болды. Осы сапарының нәтижесінде ол «Қырғыздың (қазақтың) ең соңғы ханзадасының
отауында» деген еңбек жазып қалдырды. Бұл оның өмірден ерте кеткен досы Шоқанды
зор құрметпен еске алудың белгісі еді.
* * *
Шоқанның корпуста бірге оқыған
Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын
басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай
қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін»,-дейді.
* * *
Қашғар сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы
шақыруыменПетербургте келіп,
сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы
меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты
қанауда езілгенін көріп,1862 жылғы сайлауда Атбасар
округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу
үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ
болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме
оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл
туралы досыДостоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып
жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі
зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты»
деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.
* * *
"Бізден жасы кіші болса да,
өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала
тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан
жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің
бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол
еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады
Г.И.Потанин.
* * *
Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан
өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып,
саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін
өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің
жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды.
* * *
Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан
шығармаларына жазған алғы сөзінде академикНиколай Иванович Веселовский: «Шоқан
Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде,
орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап,
түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді.
Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
Қорытынды:
Ш.Уәлиханов – Абылай ханның ұрпағы. Бүгінгі ұрпақтары Шоқанға деген зор
құрметтің белгісі ретінде Қазақстан қалаларының бірнеше көшесін Шоқанның
есімімен атаған. Оған арнайы ескерткіштер орнатылған. Ондай ескерткіш Омбы
қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттік
университетіне де Шоқанның есімі берілген. Ш.Уәлихановтың қамшының сабындай
ғана өмірі мен қызметі егемен еліміздің жастары үшін тамаша үлгі-өнеге.