Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – географ ғалым

“Адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін,

олар еркін болуы шарт”

imageimageimageimageШоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы белгілі қоғам қайраткері, үлкен ойшыл ғалым, саяхатшы, этнограф, демократтық – ағартушылық мәдениеттің негізін салған қазақ зиялыларының бірегейі еді.

Шыңғыс хан Жошы Жәнібек Абылай сұлтан

image

imageimage Уәли Абылай хан (Әбілмансұр) “Шыңғыс ханның 25-ұрпағы” (30 ұлы, 40 қызы болған)

imageimage Уәли Қасым

Шыңғыс Кенесары

image


Шоқан “Шыңғыс ханның 27 –ұрпағы”

«Шоқанның жастық шағы» атты тақырыпты географиялық диктант арқылы тексеру

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жылы бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты . Оны деп еркелетіп атап кеткен анасы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен өтті.

Шоқанның ата-бабалары атақты әулетіне жатады. Оның арғы бабасы ХVІІ ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Омбы әскери училищесін бітірген, Көкшетау сыртқы округінің лауазымды қызметін атқарған. Шоқанның анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес, Баянауыл өлкесіндегі атақты әулеті болатын. Шоқанға тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі ықпалы күшті болды. Шоқан жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ

тілдерінің негізін үйреніп алды. Ол салуды да ерте үйренді. Шоқан бала кезінің өзінде сияқты басқа да дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алды.

1847 жылы Шоқан оқуға түсті. 14-15 жасынан-ақ кадет корпусының басшылары оған болашақтағы ретінде қарай бастады.

Шоқан 1853 жылы кадет корпусын шенімен бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының болып тағайындалды.

Абылай хан; Омбы кадет корпусына; Шыңғыс; Шормановтар; «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Көкше»; Айғанымның; Мұхамедханафия; сурет; корнет офицер; Зейнеп Шорманқызы; Сырымбетте; Құсмұрын; зерттеуші-шығыстанушы; сұлтандар; 1835; Уәли; аға сұлтаны; 12; Шоқан; адъютанты; араб, парсы, шағатай.

Географиялық диктанттың жауабы

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.

Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай ханХVІІ ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқанның анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес – Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шоқанға тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымныңықпалы күшті болды. Шоқан 12жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Ол сурет салуды да ерте үйренді. Шоқан бала кезінің өзінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Көкше»сияқты басқа да дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алды.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. 14-15 жасынан-ақ кадет корпусының басшылары оған болашақтағы зерттеуші-шығыстанушыретінде қарай бастады.

Шоқан 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болып тағайындалды.

«Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері» атты тақырыпты картамен жұмыс

1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.

1857 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс геграфиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды.

1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манас» жазып алды.

1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды.

1860 жылы Санкт-Петербургте Шоқан Уәлиханов орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы ІІ Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.

1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанғажасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмайды, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.

Шоқан өзінің негізгі мақсаты – халыққа қызмет ету, оның мақсат–мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық- зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.

Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес реформалық жолды таңдады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап–тілегін, мақсат–мүддесін, ұлттық мінез–құлқын жете зерттеу керек деді.

Уәлиханов қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық әкелген патшалық отаршыл үкіметті сынады. Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып, «ашықтан–ашық аямай сорады» деп, халқын тоңап жатқан патша шенеуніктері туралы ашына жазды.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Шоқан Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұраларын жатқа айту

ü«Едіге жыры туралы»

ü«Абылай»

ü«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»

ü«Жоңғария очерктері»

ü «Қырғыздар туралы жазбалар»

ü «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»

ü«Ыстықкөл сапарының күнделігі»

ü«Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы»

ü«Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лy провинциясының (Кіші Бұхараның)

шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы»

ü«Қырдағы мұсылманшылық туралы»

ü «Қырғыздардың көші-қоны туралы»

ü«Сот реформасы туралы жазбаларда»

ü«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы»

Шоқан орыстың озат ойлы, зиялы қауымымен араласып, өзінің білімділігін, талантын танытты. Оның көптеген орыс достары да болған. Ш.Уәлиханов Алтын Емел жотасының (қазіргі Алматы облысы, Кербұлақ ауданы) етегінде Көшен тоғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезектің ауылында сырқаттанып, қайтыс болған.

Шоқан Уәлиханов туралы жазған алғыс сөздерді оқушылар

мәнерлеп оқып, ой толғау

Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқыған С.Я. Капустин ол туралы: «Шоқан көрікті, аса сымбатты болды... бет әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңінің жан-жақты, аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін асқан шешен болатын»,-деп жазды.

* * *

Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г.Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Арада 30 жыл өткенде Г.Н. Потанин Шоқанның әкесң Шыңғыс сұлтанның ауылында болды. Осы сапарының нәтижесінде ол «Қырғыздың (қазақтың) ең соңғы ханзадасының отауында» деген еңбек жазып қалдырды. Бұл оның өмірден ерте кеткен досы Шоқанды зор құрметпен еске алудың белгісі еді.

* * *

Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін»,-дейді.

* * *

Қашғар сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруыменПетербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп,1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досыДостоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.

* * *

"Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин.

* * *

Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды.

* * *

Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академикНиколай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.

Қорытынды: Ш.Уәлиханов – Абылай ханның ұрпағы. Бүгінгі ұрпақтары Шоқанға деген зор құрметтің белгісі ретінде Қазақстан қалаларының бірнеше көшесін Шоқанның есімімен атаған. Оған арнайы ескерткіштер орнатылған. Ондай ескерткіш Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттік университетіне де Шоқанның есімі берілген. Ш.Уәлихановтың қамшының сабындай ғана өмірі мен қызметі егемен еліміздің жастары үшін тамаша үлгі-өнеге.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ