Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Қызылорда облысы,Шиелі ауданы, Тартоғай ауылы

№153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей жанынан ашылған

«Балауса»шағын тәрбие орталығының тәрбиешісі

Абдреева Мейрамкул Умиралиевна


Тақырыбы:«Тәуелсіздік күні»

Мақсаты: Балалардың өз еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,балаларды ұлттық,азаматтық сезімге баулу.Отанын сүюге,ана тілін қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.Тәуелсіздік күннің оңайлықпен келмегенін ұғындыру.

Көрнекілік:Суреттер,слайд,жалаушалар.

Шаттық шеңбері:Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды еліміз,

Жайнай түссін жеріміз.

Қайырлы таң қонақтар!

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар және балалар!1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Сол жылы 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы заң қабылданып «Қазақстан Республикасы» деп аталды. 16 желтоқсанда ҚР егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланып, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілеймін.

Тәрбиеші: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны
-
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

-Қыста неше ай бар? (Үш ай)

Бүгін атап отырған Тәуелсіздіктің түп-тамыры желтоқсан айына тікелей байланысты.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік оңай келген жоқ.1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды,осы жолда аға-апаларымыз көп күресті.Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымызды тани біліңдер,олар:Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев,

Қайрат Рысқұлбеков.

Президент қалай сайланғаны және Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы слайд көрсетіледі.

Балалар сендерге көрініс ұнады ма?

Біз кімді көрдік?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші:Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді

Бізге оны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Тас көшеде,тас талқан боп өлгені

Тәрбиеші:Желтоқсан заман толғағы байтақ далам,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан Қайрат,Лаззат,Сабира

Құрбаны болған жаланың.

Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата бабамыздың тағдыры ауыр болған олар ел болуды арман өз өмірін құрбан етті.Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп көрейікші.

1986 жылы Алматы облысында өткен желтоқсан оқиғасында өрімдей жастар азаттық үшін жандарын құрбан етті.

Балалар Тәуелсіздік бізге үлкен еңбекпен, ерлікпен келген ұлы жеңіс.Ендеше желтоқсан оқиғасынан үзінді көрейік.

Көрініс: Қайраттың анасына жазған хаты.

Қайраттың басынан өткен оқиға:

Қазақ кср жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұловтың айыптау ісін қарай келіп КСР Қылмыстық істер жүргізілді.Кодексі Қайрат Рысқұлбековті кінәлі деп танылды.

Көрініс көрсету.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тәрбиеші:Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

-Осы тәуелсіздікке жетуіміз өз үлесін қосқан батырларымызды мәңгі жүрегімізде сақтаймыз. Осы тәуелсіздікке қатысқандарды аға-апаларымызды 1 минут еске алайық

Тәрбиеші:Қазақпын еңселі егеменді

Кеңейтсем кең әлемге керегені.

Мұқиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп терезеңді.

Қазақпын қойнауы құп жері дархан,

Әніңді бес құрлықтың бәрінді айтқан.

Айнамкөз: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Айзере: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақдегенқалыңжұрт

Бәрінкештібасынан

Ұлар:Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

Еркеназ: Арымыздай тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы

Тәрбиеші:Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Тәрбиеші: Балалар біз қай Республикада тұрамыз?(Қазақстанда)

-Иә,біздің отанымыз Қазақстан.

Тәрбиеші:Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма.

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да.

Би: «Сарбаздар»

Ойын. «Қандай қаланы білесің?»

Мақал-мәтел

Отан-оттан да ыстық.

Отан үшін –отқа түс күймейсің.

Туған елдей-ел болмас,туған жердей-жер болмас.

Отан туралы балалардың тақпақтары

Нұрәділ:Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Айкүміс:Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Каусар:Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел.

-Ал енді осы Отанымызды басқарып отырған елбасы кім?(Н.А.Назарбаев)

Шахмардан:Президент болу мәртебе,

Ол алланың қолдауы.

Ел басқарған нұр аға,

Жол көрсетті жолдауы.

Қазақ деген халықтың,

Бақытына туды нұр аға.

Сыннан өткен жарықтың,

Арқаңыз сіздің нұр аға.

Тілейді біздің нұраға,

Амандық-саулық бар бала.

Айнамкөз:Нұр ата бүгін менің мақтанашым,

Біз үшін орындалып жатқан ісің.

Болашағы елімнің мен боламын,

Сіздердей аталардан бақ дарысын.

-Еліміздің бас қаласы қай қала?(Астана)

Қалжан:Астана-сұлу қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Мен үлкен болғанда,да.

Ән: «Нұр астана Орындайтын Нұрәділ,Ұлар

-Астаның белгісі не? (Бәйтерек)

-Біздің мемелекетіміздің рәміздерін білесіңдер ме?(Иә)

-Рәміздерін атап беріңдерші?(Үш рәміз бар:ту,елтаңба,әнұран)

Шахмардан:Айнымайды аспанан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биік іліп қояды.

Бақнұр:Көтерілсе шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым.

Тәуелсіздік жемісі.

Хабибулла:Тәуелсіздік жолында,

Талай –талай тер тамған.

Билім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Айзере:Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Айару: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілді, -

Ортада – аспан әлемі.

Әдемі:Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Рахымжан:Естісінелүніңді,

Дүниетүгелестісін.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер, жас ұлан!

Нармин:Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері – бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.

Айнель: Қазақ жері – сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз

Нұрилла: Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің.

Ақ күнібоп баланың

Шаттығы бопАнаның

Әбумансұр: Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарыңыз жайдары.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Балалардың жылы лебіздері

Тәрбиеші:Тәуелсіздік таң нұрысың арайлы,

Бабалардың арманысың талайғы.

Ғасырлардың құшағында ер жеттің.

Халқым сені өз бақыты санайды.

Тәуелсіздік еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа тола берсін.

Тәрбиеші:Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп

«Тәуелсіздік күні» атты ертеңгілігімізді «Атамекен» әнімен аяқтағым келіп отыр.

Хор:«Атамекен»

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ