Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: «Менің елім!»

ойын-сауық


Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Ганюшкино селосы

МКҚК «Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі


Насиева Фая Хисметуллаевна

Ойын-сауық: тақырыбы: «Менің елім!»

Мақсаты:Балаларды өз еліндегі көріністерімен таныстыру.Ойын арқылы мамандық иелерінің еңбектерін қадірлей білуге үйрету.

Жүру барысы

Тәрбиеші:-Балалар,біздер қай елде тұрамыз?

Балалар:Қазақстан

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар.Қазақстан үлкен мемлекет.Біз осы Қазақстан елінің бір бөлігінде тұрамыз.

-Ал,біздің ауылымыз қалай аталады?

Балалар:Атырау облысы,Құрманғазы ауданы

Тәрбиеші:Біздің ауылымыз қандай?

Балалар:әдемі жақсы

Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы,біздің ауылда әдемі ғимараттар,мәдениет үйі,мұражай,эмхана,

мектептер,балабақшалар,шаштараз,дүкендер бар.

-Сендердің ауыл ішіне саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар:-Ия

-Ендеше,біз саяхатқа шығу үшін денсаулығымыз қандай болу керек?

Балалар:-Жақсы

Тәрбиеші –Балалар,алдымен дәрігерге барып,денсаулығымызды тексертеміз,сосын жолға шығамыз.Тәрбиеші балалармен дәрігерге қаралады.

Дәрігерлер балалармен амандасып,танысады.Менің есімім Турамурадова Нұрбақыт: -Ал,менің есімім Сағынбайұлы Мейрам.Біз балалар дәрігеріміз.

(Дәрігерлер балалардың денсаулығы тексереді)

Дәрігер:

-Балалар,сендердің денсаулықтарын жақсы екен.

-Сендер балабақшада дәруменді тамақтарды ішесіңдер ме?

-Таза,ұқыпты жүресіңдер ме?

-Ендеше біз сендерге сәттілік тілейміз.

Тәрбиеші:

-Балалар,саяхатқа немен шығамыз?

Балалар:-Автобуспен

-Ендеше автобусқа жәймен отырамыз.Балалар,жол қашық,өлең айтып көңілді отырайық.

Ән:«Қошақан»

Тәрбиеші:

-Балалар,мына аялдаманың қасында шаштараз бар екен.Шаштарынның әдемі болғанын жақсы көресіңдер ме?

Балалар:-Ия

Ендеше мына «Ақжол»аялдамасына тоқтап,шаштаразға барайық.

Ойын:«Шаштараз»

Шарты:Балалар шашатараздағы апайлармен танысады,шаштарын сәндетеді.

Балалар:

-Сәлеметсіз бе!

-Сәләматсыздар ма!

Мен шаш сәндеуші Хурашова Томирис боламын..Қандай әдемі балаларсыңдар.

-Шаштарыңды әдемі етіп сәндеткілерін келе ме?

Біз сендердің шаштарыңды өте әдемі етіп сәндей аламыз.

-Балалар,мен шаш сәндеуші ағай есімім Ғайнатдин Ерасыл.Ер балалардың шаштарын қиып,сәндеймін. (Балалар екі топқа бөлініп,шаштарын сәндетеді)

Тәрбиеші: -Балалар,шаштараз апай мен ағайдың еңбектері қандай?

Сендердің шаштарыңды әдемі етіп сәндеді.

-Шаштараз қызметкерлерінің еңбегі жайлы кім тақпақ айтып немесе жұмбақ жасыра біледі?

Дәурен:

Емес оның жай ісі,

Қолында өткір қайшысы,

Әпкемнің бес саусағы,

Шаш түзеуге сай келіп,

Шашты қиып тауысады,

Шыққандар көп сәндетіп.

Нұрай:

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.(шаштараз)

-Балалар,Нұрай кім жайлы жұмбақ жасырды? Шешуін кім айтады?

Ерасыл:

-Рахмет балалар,сендер біздің мамандық жайлы тақпақ,жұмбақ біледі екенсіңдер.Енді біздің шаштаразға келіп тұрыңдар.

Тәрбиеші балалармен бірге саяхат жасауды жалғастырады.

Тәрбиеші:

-Міне,балалар,біз дүкенге де жеттік.Мынау ойыншықтар дүкені.Дүкеннен ойыншық аламыз ба?

Балалар: -Ия

Тәрбиеші балалармен бірге дүкенге келеді.

Балалар: -Сәлеметсіз бе!

-Сәләматсыздар ма!

Балалар: менің есімім Тельман Нұрсая.Мен сатушымын.Сендер қайдан келесіңдер.

Балалар:-Біз «Балауса» балабақшасынан келеміз.Сізден ойыншықтар сатып алғымыз келеді.

Сатушы: - Мен сендер сияқты әдемі балаларға ойыншық сатпаймын.

-Сендер балабақшада ән айтасыңдар ма?

Ендеше менің ойыншықтарыма арнап ән айтып беріңдер.

Ән: «Ойыншықтар»

Сатушы балаларға риза болады.Балалар сатушымен қоштасып,автобуспен балабақшаға көңілді ән айтып қайтады.

Ән: «Балдырған жыры»

Тәрбиеші: -Балалар,көрдіңдер ме,біздің елде көптеген мамандық иелері бар екен.Біздер олардың еңбектерін қадірлей білуіміз керек.Өз Отанымызға,елімізге сүйіспеншілікпен қарап,оларды аялай білуіміз керек.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов