Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жүз жасаған бәйтерек»

Тәрбие сағатының мақсаты: Ақын өмірімен таныстыру және шығармашылық жұмыстарымен танысу

Тәрбиелік мәні: Жамбыл Жабаевтың өлең жырларын түсінуге оны мәнерлеп оқи білуге, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жамбылдың портреті, 150 жылдығына арналған үн қағазы, фото альбомдар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырып «Жүз жасаған бәйтерек».

«Жүз жасаған бәйтерек» кім екенін қазір біз мына көрініс арқылы көреміз.

Автор:

«Басың-шу, аяғың-ну» деп айта беретін Шу өзенінің терістік шығыс алқабы көсіліп жатқан секілді дала. Сол мидай даланың шығыс жағында Хан, Жамбыл, байғара таулары жалғасып жатыр. Осы тауларды бөктерлеп шапырышты Ыстыбай батырдың шағын көлі ілбіп барады. Жамбыл тауының ықтасын етегіне жетті. Көш соңында бір топ аты жасақтар Ыстыбай батырдың баласы- Жамбай келеді. Жабайдың жұбайы Ұлдан түйенің қойында келе жатып толғатады.

Абылай: Ыстыбайға атпен шауып келеді.

-Сүйінші, сүйінші: Ата немерелі болдыңыз.

Еламан: Жабай қайдасың?

Жабай: Мұндамын, немерелі болыпсыз, құтты болсын! Сүйіншілеп жар сала келген жамбағай тысақ киген жігіт Жабайға жармасты:

-Кәне, көке сүйіншімді бер.

-Жабай жүздеген жалпақ кемер белдігін шешіп, қын пышағымен оған қарай мә деп лақтырды.

Жабай: Бүгінгі қуанышта немереңіздің атын кім қоясыз?

Ыстыбай: Біз өзі қай жерде келеміз

Жабай: Хан тауынан өтіп, Жамбыл тауының етегіне жақындап, келеміз.

Ыстыбай: Хан, Хан! Хан жайлаған қанды тау. Ой атың өшсін өңкей қандыбалақ қара ниет құзғындар! Балам бұл жерге аялдамаңдар, көшті алға тарта беріңдер, Жамбыл тауына жетіп түйе белін суытыңдар, ат ауыздығын алыңдар.

Кіндік шеше: Құндақталған нәрестені атасына әкеп ұсына қояды. Боранда күні туған бала бақытты болады деуші еді. Жаратқан иесі бақытты қыла көрсін жасы ұзақ болысн!

-Айтқаныңыз келсін

- Атын кім қоямыз?-деді

Ыстыбай: Жамбыл тауын нұсқады

-Жамбыл болсын!

Жұрт, Жамбыл, Жамбыл деп жамырай қайталады.

Міне балалар «Жүз жасаған бәйтерек» Жамбыл Жабаев екен. Ол кісі осылай Жамбыл тауының бауырында дүниеге келді. Жамбыл атамыз жас кезінен өлең жырға құмар болған. Ол жас кезінен өлең жырға құмар болған. Ол жас кезінен бастап жарапазан айтып, өлең айта бастаған Жамбыл 13-ке толған кезде Жабай Жамбылды молдаға алып келіп:

-Еті сенікі, сүйегі менікі, осы баламның көзін аш, хат танысып, ойын қуып кетпесін. Өзінің ондай да әдеті бар – деп әбден пысықтап тапсырады. Бала Жамбыл біраз күндей дәріске қатысып, байқап жүреді. Өзге балалар әріп сөз жаттаса, Жамбыл ішінен өлең жаттап отырады. Оны қасындағы балаларға айтып ауық-ауық күлдіріп оытрады. Мұны естіген дүмше молда Жамбылда тағы да шыбықтың астына алады. Бірде әкесі келгенде Жамбыл былай дейді:

-Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған

Бала келсе сабаққа

Жем дәметкен дорбадан

Ақ сәлдесін төңкеріп

Көзін жұмып теңселіп

Күн ұзаққа боздаған

Бұрын мұндай мінезін байқамаған Жабай сәл отырып қалды.

-Сонда не істемексің?

Жансая:

-Оқығанша мен одан

Домбыраны қолға алам

Өлең кірген түсіне

Жөргегінде мен болам

Қинама, әке, қинама

Болмас енді зорлаған

Әкесі жарайды оқымасаң оқымай-ақ қой, бірақ ақын болмайсың! Бала деген әке жолын қуар болар. Маған көмекші қолқанат бол, шаруаға қарайлас дейді. Жамбыл ауылға келген соң, қой бағысты жылқышыларымен бірге жылқы бағысты. Олардан талай әңгіме, аңыздар тыңдады. Жыр құмар Жамбыл осылардың бәрін тыңдап, көкейіне құя берді. Осылай Жамбыл Сүйінбай деген ақын бар дегенді естіп, бата алмақшы болып іздеп келеді. Сүйінбай батасын береді.

Айгерім:

О, Жамбыл бата дедің бердім саған

Бақытты өмірлі бол жүргін саған

Батасын ат орнына берді ғой деп

Қоймаған былай шығып кінә маған

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған

Жанаға риза болсын айта барғын

Осымен өкпелемей жүрсін маған

Содан бері Жамбыл: Менің пірім Сүйінбай

Сөз сөйлемей сиынбай

Жамбылдың айтыскерлік атын шығарған Құлмамбет айтысы. Бұл айтыс 1881 жылы Іле бойындағы жәрмеңкеде өтеді. Құлмамбеттен асқан ақын болмаған. Бұл айтыс кезінде Құлмамбет 55, Жамбыл 35 жаста еді.

Тоғыз ақынды бірдей жеңіп отырған Құлмамбет:

-Енді менімен айтысатын кімің бар?-деп тіленеді

Жамбыл бар дейді біреуі. Сонда Құлмамбет желпіне түсіп, үй иесі Құдайбергенге қарап былай дейді.

Назгүл:

Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды,

Еркек қойдай құйрығын салмақтайды

Ақын болса қайда отыр ол немесі

Көрелік оны неге ардақтайды

Сонда шапырашты, ысты ауылдарынан келгендер намысқа тырысып, өздерінің «ат ауызды, орақ тілді» Жамбылын алдырады. Кезінде талай ақындармен айтысып жүлдегер болған қарт Жамбылды менсінбейді. «Болғанда мен ақ сұңқар, сен бір тауық»-деп серпіле сөйлеп, өз руының бай мен бектерін дәріптей береді.

Жамбыл: «Елді сорған, арам тамақ, сасық байларыңды мақтағаннан не пайда, одан да ел қорғаған батырларың бар ма, соны айт», -деп оның бетіне қайтарып тастайды. \

Жамбыл батырлықты, адалдықты, адамдықты айтқанда, Құлмамбет мүдіріп қала береді. Оның ертеректе Арқада болған барымта, дауға қатысып бұл елге қашып келгенін, ағасының молдалық жолға түсіп кеткенін, ағасының молдалық жолға түсіп кеткенін бетіне басып, бізден аулақ жүр кесір-кесапатың жұғады дейді.

Ержан:

А, Құлмамбет, Құлмамбет,

Ағып жатқан сумен кет

Сумен кетсең ел ішер

Судан шыққан бумен кет!

Онда да кесірің тиеді,

Қызарып батқан күнмен кет!

Күн де қайтіп шығады

Оттан шыққан күлмен кет

Күлмен ауру жұғады

Қараңғы тұман түнмен кет,-деп Құлмамбеттің бетін қайтарған. Сонымен бірге балалар Жамбыл атамыз біздің Семей облысында да болған. Ол бір тойда болып жүлделі орын алған.

\Бүгінгідей есімде

Думанды жарып әнменен

Семейге де барғаным

Топтан озып онда да

Бәйгенің алдын алғанмын
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1940 жылдың август айы Қазақстан Жазушылар одағының Абай Құнанбаевтың 95-жасқа толуына арналған мерекелік пленумы басталар шақ. Осы кезде Жамбыл келіп төрде ілулі тұрған Абайдың портретіне қарап:

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

Ақын атын таратқан әрбір тұсқа

Өлеңменен өлмейтін салған нұсқа

Арғын, найман сөзіне таңырқаған

Ақынның майданға арналағн жырларының ішінде, әсіресе шоқтығы биік, ерекше мәндісі «Ленинградтық өренім» атты толғауы. Енді осы толғаудың өзіне келейік.

Асқар (магнитафоннан)

1941 жыл сентябрь айының бас кезі. Неміс фашист армиясы Ленинградты қоршап бомбылай бастады. Қала қирап жатты. Жан-жақтан байланыс, қатынас үзілді. Өаланы аштық, жалаңаштық жайлады. Осы бір қиын кезде Қазақстан оларға көмектесіп осындай халде Жамбылдың: «Ленинградтық өренім» атты өлеңі газетке жарияланып, радиодан күніне әлденеше рет оқып тұрды. Халықтың рухын көтеруде ерекше күш-қуат берді. Жыр үлкен әріппен көшелерге ілініп тасталды. Сол плакатты үймелесіп, оқысып, көздерінен жастары сорғалаған талай адамды көрдім.

Арбат: Жамбылдың плакат болып шыққан сол толғауы бүгінде Ленинград, Москва, Алматы музейлерінде және өзінің музейінде сақталып тұр.

Динара:

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай өремін

Ержан:

Нева көпіріне жақын зәулім үйдің бұрышындада шоғырланған халық. Осы үйдің қабырғасына басында бөркі бар, ақ сақалы омырауын жапқан Жамбылдың портреті, оның астына ірі әріптермен «Ленинградтық өренім, мақтанышым сен едің»

Талқандаңдар фашисті, аямаңдар фашисті бермеңдер атамекенді- деп ұран тастап, бәрін шабуылға шақырып тұр.

Ерхат:

Батыр бол, балаларым бәрің дөт

Тап берген дұшпан иттің сынсын сағы

Семсері Амангелді тот баспасын,

Ел қорға үл күннің туса шағы

Қорлан: Мен бір бәйтерек

Көкке бойым бойлаған

Қармақты терең тамырым

Жайылып жерді шарлаған

Айболат:

Бәйтерекпін дегенім-

Халқым сенғой күшті қаулаған

Бұтағым жапырақ жайғаны

Жастық шағым аумаған

Динара:

Ел жаңа елу жылда, жүз жыл қайда?

Жігітке жатқаннан да, жүрген пайда

Жасасын күннен жарық ұлыс көсем

Қараған тоқсан жаста біздің жайға

ІV. Қорытынды:

  1. Жамбыл Жабаев қай жылы, қай жерде туған?
  2. Жамбыл кімнен бата алған?
  3. «Ленинградтық өренім» атты өлеңі қай жылы, не себепті жазды?

ШҚО Аякөз ауданы

Емелтау ауылы

«Т.Көбдіков атындағы ЖББОМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Маширбаева Гүлманат Төкенқызы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ