Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Сабақ: §6. Санау жүйелері тақырыбы бойынша тәжірибелік жаттығулар.

Мектеп: №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп

Күні: 15.10.2016

Мұғалімнің есімі: Cаркулова Айнур Сейтмагамбетовна

Сынып: 8а Қатысқандар саны: 13 Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) Санау жүйелері, екілік арифметика, арифметикалық амалдар тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, бекіту.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

• Оқушыларда cанау жүйелері туралы түсінік қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі:

• Теорияда алған білімдерін cабақта қолдана біледі

Кейбір оқушылар:

• Санау жүйесін толық игеріп, оқушы ойланып зерттеу жасайды.

Тілдік мақсат Оқушылар:

• Санау жүйесінің анықтамасын және қосымша сұрақтарға жауап бере алады.

- Негізгі сөздер мен тіркестер

- Санау жүйесі,

- екілік арифметика,

- арифметикалық амалдар

Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

 Санау жүйесі деген не ?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

(Деңгейлік тапсырмалар)

Алдыңғы тақырып Екілік арифметика, арифметикалық амалдар.

Жоспар

Сабақ кезеңдері Уақыты Жоспарланған жаттығулар мен тапсырмалар Ресурстар/

Оқу үшін бағалау

Басталуы 15 мин 2 мин Ынтымақтастыру сәті.

Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны

Оқушылар орындарында тұрып, шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жақсы тілекті айтып, қолдарын жоғары көтеріп, 3 рет шапалақ ұрып сабақты бастаймыз.

10 мин Үй тапсырмасын тексеру Топқа бөлу

Әдісі: «Мина»

Оқушыларға сұрақтар жазылған қызыл, көк қағаздарды умаждалып тасталынады. Аяғы тиген сұрақтарға жауап беріледі.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

1. Санау жүйесі деген не ?

- Белгілі алфавиттердің көмегімен және сандардың ережесіне сәйкес сандарды жазу тәсілі.

2. Позициялық санау жүйесі деген не?

- Сандағы цифрлардың мәндері оның орнына (позициясына) тәуелді санау жүйелерін позициялық деп атайды.

3. Позициялық емес санау жүйесі деген не?

-Сандағы цифрлардың мәндері оның орналасуына тәуелсіз болатын санау жүйелерін позициялық емес деп атайды.

4. Негізі деген не?

-Позициялық санау жүйесіндегі цифрлар санын негізі деп атайды.

5.Екілік санау жүйесі деген не?

-Екілік санау жүйесі дегеніміз- ол негізі 2 болатын санау жүйесі.

6. Санды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аудару ережесін айтып бер?

-Ондық санау жүйесіндегі санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлінді екіден кіші болғанша бөлінеді де, қалған қалдықты кері бағытта жазу керек.

7. Санды екілік санау жүйесінен сегіздік және он алтылық санау жүйесіне аудару ережесін айтып бер?

-Сандарды екілік санау жүйесінен сегіздік және он алтылық санау жүйесіне аудару үшін оларды үтірден оң және сол жаққа үштағандарға (сегіздік сандарға үш цифр) және тетрадаға (он алтылық сандарға төрт цифр) бөлу қажет. Содан кейін әрбір осындай топтарды сегіздік (он алтылық) сандарға

ауыстыру керек.

8. Санау жүйесінің түрлерін ата ?

-екілік, сегіздік, ондық, он алтылық

9. Позициялық санау жүйесі позициялық емес санау жүйесінен қалай ерекшеленеді?

- Ондық санау жүйесі- позициялық, ал римдік- позициялық емес.

10. Екілік санау жүйесінде қандай амалдар орындалады?

-Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар (қосу, азайту, көбейту) ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады.

Топтар өздерін бағалап, жауабын толықтырып отырады

20 мин Тақтамен жұмыс: "Түймедақгүлі" Оқушыларға себетке салынған түймедақ гүлі беріледі. Артында бірнеше тапсырмалар жазылған. Екі топтан оқушылар тақтаға орындайды. Екі топқа табыс критерийін алдын ала беріп қоямын.

Табыс критерий

Тапсыр ма

Дескриптор

Оқушы аты- жөні

Талпындым Жеттім Ұпай

1 тапсырма "Мина" әдісі

Тың ой айтты -1балл,

қосыла кетті -0 балл

2 тапсырма Түймедақ гүлі

бар-1бал,

жоқ-0 балл

3 тапсырма Тежірбелік тапсырма

үлгерді -1 балл

Үлгермеді -0 балл

4 тапсырма Сынақ жұмысы

Ұпайлар

0 қате 5 ұ

1 қате 4 ұ

2 қате 3 ұ

5 тапсырма Сәйкестендіру

бар- 5бал,

жоқ- 0 балл

Сандардың ашып жазылуы көрсет ?

1) 111,012=1*22+1*21+1*20+0*2-1+1*2-2

16,68=1*81+6*80+6*8-1

63F16=6*162+3*161+16*160

2) Кестені пайдаланып сандарды екілік санау жүйесінен оналтылық санау жүйесіне аударыңдар:

110111011010102= 376А16

111101100112=11110110011=7В3;

11101111010112=1110111101011=11DEB;

3) Кестені пайдаланып сегіздік сандарды екілік

санау жүйесіне аударыңдар:

4368=1000111102;

16748=11101111002;

3642678=111101001000101101112;

4) Кестені пайдаланып оналтылық сандарды екілік санау жүйесіне аударыңдар:

А3616=1010001101102;

1F7416=11111011101002;

B4D6116=101101001101011000012;

5) 17,2510= 1×101+7×100+2×10-1+5×10 -2;

423,10510=4×102+2×101+3×100+1×10-1 +0×10-2+5×10-3;

Қосуды орындаңыз:

101+011

6) 938 =9 × 81+3 × 80 =72+3 =7510

62010,12902410=6×104+2×103+0×102+1×101+0×100+ 1×10-1+2×10-2+9×10-3+0×10-4+2×10-5+4 × 10-6

Қосуды орындаңыз:

0110+ 0110

7) 7216 =7 × 161+2 × 160 =112+2 =11410

001 101 111 011 2 = 15738

Қосуды орындаңыз:

10111+10110

8) 111 110 101 011 001 2 = 765318

11011000000111111102 =15403768

9) 10 0101 1000 11112 =258F16

11110110101 1110 00002=7B5E016

10) 101+011 =1000

0110+0110 =1100

10111+10110 =101101 «Бағдаршам» Әдісі оқушыларды ынталандыру мақсатында бағдаршам түстері арқылы бағалау жүргізіледі

Маған түсінікті -

Менің сұрағым бар –

Мен түсінбедім -

Аяқталуы 15 мин 10 мин Сынақ

1. Сандардың аталу және жазылу әдістерінне деп атаймыз?

А) Бит

Ә) Байт

Б) Дәреже

В) Санау жүйесі

2. Санау жүйесі неше түрге бөлінеді?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

3. Санның цифрына бөлінетін

позицияны не деп атайды?

А) Бит

Ә) Байт

Б) Дәреже

Б) Цифр

4. 11102 мен 10012 екілік сандарының қосындысын табыңдар?

А) 101112

Ә) 11102

Б) 111112

В) 110002

5. 11112 мен 01012 екілік сандарының азайтындысын табыңдар?

А) 00012

Ә) 01102

Б) 10102

В) 10002

6. 1112 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар?

А) 5

Ә) 13

Б) 10

В) 12

Жауаптары:

1. 2. 3. 4. 5. 6.

В В Б А Б Ә

Смайликтер арқылы бағалау

5 мин Сәйкестендіру кестесі

Санау жүйесі -екілік, сегіздік, ондық, он алтылық

Екілік санау жүйесі деген не?

Ондық санау жүйесіндегі санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлінді екіден кіші болғанша бөлінеді де, қалған қалдықты кері бағытта жазу керек.

Санды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аудару ережесін айтып бер? Белгілі алфавиттердің көмегімен және сандардың ережесіне сәйкес сандарды жазу тәсілі.

Позициялық санау жүйесі Сандағы цифрлардың мәндері оның орналасуына тәуелсіз болатын санау жүйелерін позициялық емес деп атайды.

Санау жүйесінің түрлерін ата ?

-Екілік санау жүйесі дегеніміз- ол негізі 2 болатын санау жүйесі.

Позициялық емес санау жүйесі Сандағы цифрлардың мәндері оның орнына (позициясына) тәуелді санау жүйелерін позициялық деп атайды.

Тапсырма барысында оқушылардың әрекетіне сәйкес "бармақ арқылы" формативті бағалау жүргізіледі

2 мин Сабақты қорытындылау:

«Тез ойлан !» ойыны

І топ

ІІ топ

Психологиялық тренинг :

"Өрмекшінің торы" жаттығуы

Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіп бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, пікір білдіріп, осымен бірге әріптеріңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.

5 мин Кері байланыс: Білім ағашына бүгінгі сабақ туралы ұсыныс, пікірлеріңізді стикерге жазып ілулеріңізді сұраймын.

Рефлекция? Не білдің ? Не түсіндің ? Тағы не білгің келеді ?

Қосымша ақпарат. Оқулық 8 сынып, ғаламтор желісі, информатика негіздері, 8сынып әдістемелік оқулық.

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс География, биология, физика математика
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ